Стандарттау категориясы. Стандарттау түрлері


Slide 1

Стандарттау категориясы.

Стандарттау түрлері.

Slide 2

ҚР мемлекеттік стандарты (ҚР СТ) - міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және тұтынушылардың кең шеңберіне түсінікті стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен стандарт.

Slide 3

Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Slide 4

Қолдану аясына байланысты ажыратылатын стандарттар стандарт категориясы деп аталады.

Стандарттар мынадай категорияларға бөлінеді:

- мемлекеттік стандарттар - ҚР СТ;

- халықаралық стандарттар - ИСО;

- мемлекетаралық стандарттар - ГОСТ;

- ұйымдар стандарттары;

- ұлттық стандарттар;

- шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттары.

Slide 5

Негiзгi алынатын стандарт - нақтылы облыс үшiн ортақ немесе басшылық етушi жағдай болатын нормативтiк құжат. Әдетте оны қалай стандарт болғанын қолданылады немесе, немесе негiзiнде басқа стандарттар өндей алатын әдiстемелiк құжат.

Терминологиялық стандарт - олардың қолдануының мысалдары және тағы басқалар анықтау термин болатын нормативтiк құжат.

Slide 6

Мемлекеттік стандарттар өнімдерге, үрдістерге (жұмыстар), көрсетілетін қызметке, ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы нормалар және талаптарға даярланады, мысалы:

стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

өндіріске өнімді даярлау және қою;

техникалық, басқарушылық, ақпараттық-библиографиялық құжаттамаларды ресімдеу тәртіптері;

метрологиялық жалпы ережелер және т. б.

Slide 7

Өнімдердің, үрдістердің, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болуы ҚР Заңнамасы белгілеген ережелер бойынша анықталады.

Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік басқару органдарымен, уәкілетті тұлғалармен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен даярланады.

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің Реестрінде тіркелмеген мемлекеттік стандарттар қолдануға жарамсыз деп саналады.

Slide 8

Мемлекеттік стандарттың белгіленуі индекстен (ҚР СТ), тіркеу нөмірінен және сызықшамен бөлінген қабылданған жылдың соңғы екі санынан тұрады. Тіркеу нөміріндегі алдыңғы нүктелі сандар стандарттар кешенінің (жүйесін) шифрын анықтайды.

Slide 9

Халықаралық және аймақтық, шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын ҚР мемлекеттік стандарттары ретінде қолданудың қажетті шарттары:

ҚР стандарттау, метрология және аккредитация бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болуы;

ҚР және шетел мемлекеттері арасында стандарттау облысы бойынша әріптестік туралы екіжақты (көпжақты) келісім-шарттың болуы.

Slide 10

Халықаралық стандарт - стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және тұтынушыларға кеңінен түсінікті стандарт.

Халықаралық стандарттарды құру бойынша тікелей жұмыстарды техникалық комитеттер жүргізеді.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым - оған мүшелік әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша сәйкес мемлекеттік органы үшін ашық стандарттау бойынша ұйым.

Slide 11

ИСО ресми тілдері - ағылшын, француз, орыс тілдері. Орыс тіліне ИСО стандарттарының 70% жуығы аударылған. ИСО әділетті және адал ұйым ретінде әлемдік беделге ие, халықаралық ең ірі ұйымдар ішінде мәртебесі жоғары.

Slide 12

Мемлекетаралық стандарт - міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және олармен тікелей қолданылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін құрудағы стандарттау және техникалық нормалау бойынша мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиямен қабылданған стандарт.

Slide 13

ҚР мемлекетаралық стандарттарды қолданысқа енгізу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органның қаулысымен жүзеге асады. Мемлекетаралық стандарттар ҚР мүше болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңес қабылдаған ережелерге сәйкес қолданылады.

Slide 14

Ұйым стандарты - жеке немесе заңды тұлғамен даярланған нақты бір өнімге, үрдіске (жұмыс), қызмет көрсетуге талаптар белгілейтін және сол жеке немесе заңды тұлға қолданатын стандарт.

Ұйым стандарттары өнімге, қызмет көрсетуге, үрдіске даярлануы мүмкін. Ұйым стандарттарын даярлаушылардың өздері бекітеді.

Slide 15

Ұйым стандарттары ҚР қабылданған стандарттар және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек. Белгіленген міндетті талаптарды сақтамағаны үшін оны бекіткен жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады. Ұйым стандарттарын даярлаудағы жалпы ережелер, келісімдер, бекітулер және тіркеу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен белгіленеді.

Шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға рұқсат беретін, олардың түпнұсқасын ұстайтын ұйымдармен келісім-шарт (рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

Slide 16

Стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi стандарттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi және нормативтiк құжаттардың әр алуан категорияларының жасалуын, қолданылуын, олардың әзiрлену, келiсiлу, бекiтiлу тәртiбiн, мемлекеттiк тiркелуiн, стандарттар талаптары мен техникалық шарттардың сақталуын мемлекеттiк қадағалауды көздейдi.

Slide 17

Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық МЭК стандарттары
Стандарттау түрлері
Стандарттау деңгейлері
Стандарттау объектілері
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Мемлекетаралық стандарттар
ПАРАМЕТРЛІК СТАНДАРТТАУ
Стандарттау әдістері
Кеңес БӨЖ
Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz