Отбасы әлеуметтануы




Презентация қосу
Қ.А.Ясауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік
университеті

№8
лекция
Отбасы әлеуметтануы
•Жоспары:

1. Отбасы және неке ұғымдары.
2. Отбасының негізгі типтері.
3. Отбасының атқаратын
функциялары мен құрылымы.
4.Ажырасу
5.Қорытынды
•1. Социология ғылымының негізін
салушы О.Конттың айтуы бойынша
қоғамды танып-білу үшін ең алдымен
отбасыға көңіл бөлу керек дейді. Отбасы
О.Конттың пікірінше қоғамды құрушы
негізгі элемент болып табылады және ол
әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы
социологиясы жанұяны әлеуметтік
институт ретінде қарайтын социологиялық
бағыт болып табылады. Отбасы секілді
әлеуметтік институтты тарихи дамудың
қозғаушы күшіне жатқызуға болады.
Отбасы типтері

Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл
отбасы матриархальды немесе
патриархальды отбасы болады.
Неке - дегеніміз-отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен
еркектің өзара түсінісу еріктілігі негізінде құралатын одағы, адамның
әлеуметтік табиғи , сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық қатынас.
Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған
адам неке заңдарына бағынуы тиіс. Қазақстан Республикасының Ата
заңында : “Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің
некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың
ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді”-деп
көрсетілген.
Некеге тұру біздің елімізде (ЗАГС) тіркеуден өтеді. Ертеректе неке
суын ішу мешіт арқылы да іске асырылған. Қазір әлемнің көптеген
елдерінде шіркеуде тіркеледі. ЗАГС арқылы жүргізу қазіргі азаматтық
заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда негізгі құжат сол
болады, балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу де
сот арқылы шешіледі.
Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда 18 деп көрсетілген,
Украина мен Өзбекстанда 17 жас.
• Некелесудің негізгі себептері
Өзін түсінетін және өмірдің кез-келген жағдайында
қолдау көрсететін үнемі қасында болуы;
Өзін біреуге керекпін деп сезіну,біреуге қамқорлық
жасау тілегі;
Тұқымды жалғастыру;
Сүйген адамнан ажырамау үшін;
Жалғыз болмау үшін;
Жабдықталған,жайлы үй болуы үшін;
• Байқағанымыздай,басқа адамнан тірек,қолдау,қорғау
табуға ниет білдіру басым,бұл біздің әлеуметтік қиын
уақытта әбден түсінікті.
• Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі
формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік
қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың
алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-
жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол
моногамиялық отбасымен ауысады.
• Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ
ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи
дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып,
Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881)
этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт
бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека
тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда,
олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына
жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.
•Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді., ал мұнда жыныстық
қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі.
Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-інілілер мен апа-
сіңілілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай
отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу)
топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді.
Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды
екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.
(өзбектер,араптар т.б)
•Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің
тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды-ол жабайылықтан
варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік
қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының бұл
формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды
да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша
өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік отбасы)
тууына жағдай жасайды
• Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады.
1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық.

Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2.
Орташа (екі балалы) 3. Бір балалы; 4. Баласыз отбасылар.

Ұқсас жұмыстар
Отбасы әлеуметтануы туралы
Некенің формалары
Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі
Пайдаланылған әдебиет
Әлеуметтік өзгеріс түрлері мен себептері
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері
Девиантты мінез - құлық типологиясы мен классификациясының критерийлері
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
Отбасы мен некелік қатынастар әлеуметтануы
Әлеуметтік өзгеріс
Пәндер