Пробиотиктер


Slide 1

Пробиотиктер

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Өзбек А. Қ.

Тобы:ВМ-503

Тексерген: Жузжасарова Г. Е.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Пробиотиктер.

2. Пробиотиктердің түрлері.

3. Пробиотиктерді пайдаланудың эффективтілігі.

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

«Пробиотиктер» термині «тіршілік үшін» деген мағынаны білдіреді. Көптеген авторлардың анықтамалары бойынша пробиотиктер - бұл адамдар мен жануарлардың денсаулығына қолайлы әсер ететін жоғары дәрежеде асқазан-ішек жолдарында (АІЖ) таралатын тірі микроорганизмдер олармен ферменттелген (культивирленген) өнімдері.

Slide 4

«Пробиотиктер» термині ең алғаш R. Parker 1974 жылы өсу және стреске төзімділікті ынталандыру мақсатымен жануарларға қорек ретінде енгізілген тірі микроорганизмдерді белгілеу үшін қолданған. Кейін (1989жылы), R. Fuller бұл түсінікті жануарлар организміне «ішек микрофлораларының сауықтыру жолымен қолайлы әсер ететін тірі микроорганизмдер бар қоректерге қосымша» деп құрастырған. Бұл анықтама микробты экологиялық жүйенің қалыптасу есебінен иесінің тіршілік сапасын жақсартатын және АІЖ-на түсетін тірі микроорганизмдерді біріктіретін түсініктер жиынтығы түрінде кең таралған.

Slide 5

Көптеген мамандар мен зерттеушілер бактерия-пробиотиктерге негізінен эубиотиктерді (организмнің қалыпты ішек микрофлорасын және басқа қуыстарын көрсететін) және жиі бифидобактерия мен Lactobacillus туыстығына жататын сүт қышқылды микроорганизмдерді жатқызады. Бұл адамдарға көп мөлшерлі қолайлы әсер ететін ішектен бөлінетін бактериямен байланысты және осы бактериялармен АІЖ-н колонизациялап, оған қатысып, басқа микроорганизмдер транзиторлы байланысты жағдайда негізгі қорғаныш функциясын өзіне алады.

Slide 6

Бұдан басқа пробиотиктердің көптеген түрлері кездеседі: адамның ішектерінде кездеспейтін сүтқышқыл таяқшалары мен колониялары басқа да микроорганизмдер - грамм оң (проионибактериялары, Bacillus) және грамм теріс (Esherichia coli, Citrobacter) бактериялар, ашытқылар (Saccharomices, Candida pintolepjesii) мен саңырауқұлақтар, оның ішінде Aspergillus, Rizopus, Cordiceps.

Slide 7

Пробиотиктер

Антибактериалды эффект

Тоқ ішекте рН тқөмендетеді

Органикалық қышқылдардың түзілуі

Аллергиялық медиаторларды инактивациялайды

Микроциркуляцияны жақсартады

Қанда холестерин мөлшерін төмендетеді

Антибактериальды терапиядан кейін тоқішек микрофлорасын қалпына келтіреді

Иммуномодуляциялық қасиеті

Асқорыту ферменттерінің синтезі (казеин, фосфатаза, лизоцим)

В тобы витаминдері мен фолий қышқылы синтезі

Антиканцерогенді эффект

Slide 8

Пробиотиктерді пайдаланудың эффективтілігі:

АІЖ-ын пробиотикалық микроорганизмдермен колонизациялап, шартты-патогенді және патогенді бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар мен ашытқыларға антогонистік әсер етеді.

Ішекте микроорганизмдердің бұзылған балансының жақсарады, дисбиоздар мен дисбактериоздарды толығымен жояды;

Пайдалы және адекватты метаболиттік белсенділік - К витаминдерінің өнімдері, биотин, ниацин, пиридоксин мен фолий қышқылы, өт тұздары мен холестерин гидролизі және олардың деңгейін реттейді, әйелдің жыныс гормондарының рециркуляциясына қатысады. Пробиотиктердің ішектік микробиоценозда жетіспеушілігі өтпен АІЖ-на экскрецияланатын эстрогендердің рециркуляциясының бұзылуына және әйелдің жыныс мүшесінде сәйкес патологиялық жағдайлардың дамуына ықпал етеді.

Slide 9 Slide 10

Пробиотиктерді қолдану бойынша жаңа ұсыныстар, бациллалардың рекомбинантты штаммдарының берілген қасиеттерімен, интерферондардың өнімдерінің күшеюі есебінен вирусқа қарсы белсенділік қабілетімен жиі пероральді препарат «Субалин» Bac. Subtills 2335 көңілді аулатады. Айқын вирусқа қарсы қасиеттері бар субалин бастапқы штаммдардың жоғарғы антибактериальді белсенділік көрсетеді. Бұл қасиеттерімен пайда болған препараттар вирусты және аралас инфекцияларды емдеу үшін болашағы бар.

Slide 11 Slide 12

Қазіргі уақытта пробиотиктер кең қолданылуда және олардың адам организміне түскен көздері әр түрлі. Біріншіден бұл медициналық биологиялық препараттардың фармацевтикалық түрлері және биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) . Екіншіден - әр түрлі микроорганизмдерді пайдаланып биотехнологиялық әдіспен өндірілген сүт пен өсімдік текті табиғи тамақтық азық-түліктер және ашытқы түріндегі пробиотиктер. Пробиотикалық эффектіні қамтамасыз ететін олардың ішінде негізгі орынды қышқылсүтті емдік тамақтар алады.

Slide 13

Симбиотиктермен бірге тағы да биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - аралас құрамды пробиотикалық азық-түліктер - пробиотик кешендері, сонымен қатар мультиштамды, әр түрлі пребиотикалық заттармен - «синбиотиктер» кең қолданылады. Синбиотиктердің әрекеті иесінің АІЖ-на енгізілген микроорганизмдер пробиотиктер ғана тиімді имплантацияланбай, сонымен бірге өзінің микрофлорасының ынталануы арқылы пробиотиктік және пребиотиктік қоспаларының синергизміне негізделген.

Slide 14

Шет елдерде 6-8 пробиотиктерден тұратын препараттары танымал. Әдебиеттерде- «симбиотиктер» («симбиоз» сөзінен), «мультипробиотиктер» терминдері пайда болды . Кейбір авторлардың айтуы бойынша: ішектегі мультипробиотиктердің әр штаммдары өзіне қлоайлы жағдай іздейді және оған тән микроэкологиялық қуысты алады. Бұл кезде препараттарды дайындау үшін қолайсыз жағдайға төзімді селекцияланған және симбиотикалы әсерлерге сыналған штаммадар таңдалуы керек.

Slide 15

Қызықты ұсыныстардың бірі пребиотикалық қосылыстарды тазаланған түрінде нанды, печеньені, сорпа-концентратты байыту үшін қолдану болып табылады. Пробиотикалық тиімділікке жету әдісі пробиотиктер мен синбиотиктерді қолдануға қарағанда өте қарапайым, бірақ бұл әдіс тексеруді қажет етеді.

Slide 16

Қолданылған әдебиеттер:

R. Walker, M. Buckley. Probiotic microbes: the scientific basis. A report from the American Academy of Microbiology, 2006.

Борисов Л. Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: Учебник /М. : ООО»Мед. информ. агенство», 2005. - 736 с.


Ұқсас жұмыстар
Пробиотиктер және олардың қызметі
Таралуына байланысты инфекциялық аурулардың жіктелуі
Пребиотиктер, пробиотиктер,симбиотиктер, ксенобиотиктер
Пребиотиктер әсері
Пребиотиктер, пробиотиктер, ксенобиотиктер және симбиотиктер
ББҚ тағам өнеркәсібінде қолдануы
Биологиялық препараттар: түрлері, сипатамалары
Иммуноқуаттандырғыш дәрілер
АЙРАНДЫ ӨНДІРУ ҮШІН МЫНАДАЙ ШИКІЗАТТАР
КОЛИТТІ ЕМДЕУ ТЕРАПИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz