Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Тұйық жүйе


Slide 1

СРСП тақырыбы

Дене импульсі.

Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.

Тұйық жүйе

Slide 2

Дене импульсі, дене импульсінің бағыты, өлшем бірлігі

Күш импульсі, оның бағыты, өлшем бірлігі

Тұйық жүйе

Импульстің сақталу заңы

Реактивті қозғалыс

Slide 3

Дене импульсі.

Ипульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.

( тірек конспекті )

1 «Импульс» гректін сөзінін аудармасы «соққы» Механика: дене импульсі немесе қозғалыс молшері және күш импульсі.

→ → →

Дене импульсі: p ═ mV; p - V жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы m дененін импульсі.

SI→P[1кг*м/с]

Slide 4 Slide 5

Kүш импульсі:

→ → → →

F = ma = m* (V - V0) / Δt;

→ → → → → → →

F * Δt = mV - mV0; p0 = mV0; p = mV

→ → → → → →

F * Δt = p - p0; F * Δt = Δp SJ→ F * Δt [ 1H* c ]

Күш дене импульсінің

импульсі өзгерісі

Slide 6

2. → → → →

F1 = -F2 → m1 * ( V1 - V1 ) / Δt = = -m2* (V2 - V2) / Δt;

→ → → →

m1V1 + m2V2 = m1 V’1 + m2V’2

→ → → →

p1 + p2 = p’1 + p’2

Бұл- импульстің сақталу заңы және ол былайша оқылады: тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады(сақталады)

Slide 7

Тұйық жүйе

Табиғаттағы барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Алайда бірқатар жағдайларда қарастырылатын жүйедегі өзара әрекеттесуші денелерге сыртқы күштердің әрекеттері елеусіз болатындықтан, олардың әрекеттері ескерілмейді. Бұл жай екі немесе одан да көп денелердің қозғалысын ғана қарастыруға мүмкіндік туғызады. Ол үшін физикада денелердің тұйық жүйесі деп аталатын ұғым енгізілген.

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір- бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

Slide 8

Реактивті қозғалыс

Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға болады.

Slide 9

Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым К. Э. Циолковскийден (1857-1935) басталды десек те болады. К. Э. Циолковскийдің идеялары оның 1903жылы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынды. Ойы мен қиялы болашаққа ұмтылған К. Э. Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты. Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды. К. Э. Циолковский идеялары орыс ғалымы С. П. Королевтің басшылығымен жүзеге асырылды. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылған болтын. 1961жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю. А. Гагарин ғарышқа қадам басты.

Slide 10

Реактивті қозғалыс принципі - зымыран қозғалысына мысал келтірсек. Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның жану кезінде жоғарғы температураға дейінгі қызған жоғары қысымдағы газ Сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейінгі) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mv1 импульс алады деп есептейік, мұндағы v1 - атқылап шығатын газ жылдамдығы, m - жанған отынның массасы. Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран - газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынның қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М- m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсінің бағытына қарама - қарсы бағытталған (М - m) v2 импульс алады, мұндағы v2 - зымыран қабығының жылдамдығы, Онда mv1 = - (М - m) v2 болады. Ал бұдан v2 = - mv/(М- m)


Ұқсас жұмыстар
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс
Дене импульсі
Импульстің сақталу заңына есептер шығару
Дене импульсінің өзгерісі
Сақталу заңдары
Энергия.Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Материалдық нүкте мен қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының динамикасы
Инерциялық санақ жүйесі
Реактивті қозғалыс
Дене импульсінің өлшем бірлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz