Эмоция




Презентация қосу
Эмоция

Орындаған: Ташибаев С.
Эмоция (фр. «emotion»,
лат. «enoveo» – толғану) –
адам мен жануарлардың
ішкі және сыртқы
тітіркендіргіштер әсеріне
реакциясы; қоршаған
ортамен қарым-қатынас
негізінде пайда болатын
көңіл күй
1.Эмоция туралы түсінік. Эмоцияның
физиологиялық механизмі.
2. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері.
Эмоцияның ауруға әсерлігі.
3. Эмоцияның түрлері: жоғарғы және төменгі,
жағымды және жағымсыз, стеникалық және
астеникалық.
4. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
Сезімнің амбиваленттілігі.
5. Стресс және фрустрация
Эмоция латын тілінен
аударғанда ‘emoveo’, яғни
қобалжу деген мағынаны
білдіреді.
Эмоция – бұл адамның
айналадағы өмір
шындығына және өз
басына деген өзіндік
қарым-қатынасы.
Эмоция - адамның мінез-
құлқына, іс-әрекетіне,
пікіріне қанағаттануы
немесе қанағаттанбауынан
көрінеді.
Эмоциняның негізгі көрінісіне
келесілерді жатқызуға болады:
жест (сөйлеу кезінде қолды қозғалту),
мимика (бет бұлшық еттерінің қозғалуы),
пантомимика (барлық дененің қозғалуы),
тілдің
эмоционалды компоненттері (дауыс
қаттылығы, тембр, сөйлеу кезіндегі
интонация ),
вегетативті өзгерулер (бетінің қызаруы,
түссіздену, терлеу).
Эмоцияның ішкі белгілері

Эмоциялардың пайда болуында
гуморальді-эндокриндік факторлардың
да әсері мол. Мысалы, эмоция кезінде
гипофиз бен бүйрек үсті безі гипоталамус
әсерін күшейтеді, сол себептен
адреналиннің бөлінуі көбейіп, жүрек пен
бұлшық еттердің қызметі арта түседі.
Қанда ми қызметі мен бұлшық ет
жиырылуына қажетті глюкоза мөлшері
көбейеді.
Эмоцияның түрлері
Жағымды, жағымсыз
Жоғарғы, төменгі
Астеникалық, стеникалық
Қарапайым, күрделі
Аффект, стресс, фрустрация
Аффект- қысқа уақыт аралығында бұрқ
етіп көрінетін күшті эмоция.
Физиологиялық аффект

Адамның жасаған әрекеті күшті бола
тұра сана бақылауынан шықпайды.
Патологиялық аффект

Ми қабығы мен қабық асты
орталықтарының байланысы
бұзылғандықтан, екінші сигнал
жүйесінің реттеушілік рөлі
кемігендіктен болады.
Шамадан тыс күшті
тітіркендіргіштер
адамда көбінесе
қолайсыз эмоциялар
туғызады. Кісі ұдайы
қинала беретін болса,
оның діңкесі құрып,
берекесі кетеді.
Адамның осылайша
шамадан тыс
зорлануын
психологияда стресс
деп атайды.
СТРЕСС

“Cтресс” атауын медицина
ғылымында ХХ ғасырдың 60-шы
жылдарында Канаданың ғалымы
Ганс Селье енгізді. Ол ағылшын
тілінде “ауыртпалық”, “зорлану”
деген ұғымдарды білдіреді.
Адамның жеке ерекшеліктеріне,

мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің

типтеріне орай стресстің бірнеше

түрлері байқалады.
• Стресс үш кезеңнен тұрады:
1)Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш
әсер еткен сәтте туатын жауаптың
алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті
сезім пайда болады;
2)Төзімділік-жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне
беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады.
Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің
ықпалымен бүйрек үсті безінің
гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде
көбейіп кетеді;
3) Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі
азайып, таусылады, сондықтан психологияда
дезадаптация (бейімделудің нашарлап
жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке
созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға
батырады.
Фрустрация
Қажеттіліктер мен тілектердің
қанағаттандырылмау салдарынан
болған эмоционалды қалып.
Мақсатқа жету жолында немесе
күрделі тапсырмаларды орындауда
қажеттілікті қанағаттандыру
қандайда бір қиыншылыққа,
кедергіге тап болғанда туындайды.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Эмоциялық әрекет
Эмоция туралы жалпы түсінік
Эмоция және олардың атқаратын рөлдері мен қызметтері
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ
Эмоцияның даму және қалыптасуы
Эмоция мәнерлі
Адамдардың эмоциялары мен сезімдері
Эмоцияның түрлері
СӨЖ ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер