Туу патологиясы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым миністірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультетінің “Ветеринарлық медицина”кафедрасы Тақырыбы : Туу патологиясы Орындаған : Тобы : ВМ - 503 Тексерген : Ыгиева А. С Семей - 2018ж.

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізі бөлім

Малдардың туу кезінде патологиялық жағдайларға ұшырауы.

Төлдің аяғы артқы тілерсегінен бүктелуі.

Төл аударылып түсіп төменгі позицияда жатуы.

Жануарларда туу кезінде болатын пат жағдайларда көмек көрсету.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Малдың өз төлінен өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп күш жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс. Малды бағып-күтудің ережелерін сақтап, ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмде болатын физиологиялық, биологиялық үдерістерді дұрыс пайдаланып отырса, әрбір 100 бас сиыр мен құнажыннан жыл сайын 105-110 бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады.

Малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиялары жөнінде терең білім болмай, мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Ол үшін малдәрігерлік акушерлік және гинекология пәнін оқып-үйренудің маңызы орасан зор.

Кіріспе :

Slide 4

1. Шамадан тыс үлкен төл.

Төлдің көлемі қалыпты жағдайдан үлкен болып жамбас қуысына симайды, яғни төл дұрыс келгенімен, мал қанша күшенсе де өздігінен туа алмайды.

Мұндай жағдайда бұзаудың аяқтарына жеке-жеке тұзақ салып 4-5 кісі бірігіп тартады. Алдымен туу жолдарын, бұзаудың денесін, ихтиол майымен жақсылап майлайды да, аяқтарынан тартады.

Slide 5 Slide 6

2. Жамбас қуысы тар.

Төл қалыпты жағдайдағыдан үлкен болмаса да, жамбас қуысына симайды. Мұндай жағдайда бірінші тума малда жиі кездеседі, не болмаса рахитпен ауырған, жамбас сүйегі сынып қисық біткен малда кездеседі.

Төлді шығарып алу үшін алдымен туу жолдарын, бұзаудың үстін ихтиол майымне майлап, басына ноқта салып кезекпен ырғап тартады. Егерде жамбас қуысы тар болып шыға алмаса кесар тілігін жасау керек.

Slide 7

3. Төлдің басы қайырылу.

Туу жолдарында бұзаудың екі аяғы дұрыс жатады, бірақ басы қайырылған жағының аяғы сәл өысөалау болып көрінеді. Қынап арқылы, қол салып, төлдің басының бір жақ бүйіріне өайрыылып жатқанын байқаймыз. Көмек көрсету үшін алдымен екі аяғына да жеке-жеке тұзақ саламыз, бір қолымызбен бұзаудың тұмсығын ұстаған соң, балдақпен бұзаудың иығынан итере отырып тартамыз.

Slide 8

4. Төлдің басы астына бүктелуі.

Қынап арқылы жатырға қол салып қарағанда, төлдің маңдайы немесе шүйдесі шат сүйегіне тіреліп, екі аяғы желкесінде айқасып жатады. Құлын жамбас қуысына мойнымен келіп тіреліп жатуы да мүмкін. Алдымен шығып тұрған аяқтарын тұзақ салып жеке-жеке бекітіп аламыз, содан кейін қол салып төлдің тұмсығының астыңғы жағынан мықтап ұстап, балдақпен иығынан төмен итере отырып басынан жоғары қарай тартып түзейміз.

Slide 9 Slide 10

5. Төлдің аяғы тізесінен бүктелуі.

Төлдің сыртқа шығып тұрған аяғына, басына, тұзақ, ноқта салып, бекітіпалады, содан кейін қолды тереңірек салып бүктеліп қалған аяқтытөменгі жілігінен ұстап жоғары көтерееді де, тұяғына қол жеткен кезде оны ақырындап түзетіп алып алға қарай тартады.

Бүктелген аяқты тұзақ өткізгіш арқылы жіп салып тартуға да болады, бұл кезде төлдің денесін жатырдың ішіне қарай итеріп түсірген дұрыс.

Slide 11 Slide 12

6. Төл аударылып түсіп төменгі позицияда жатуы.

Егерде төл төменгі позицияда жатып жамбас қуысына басымн келетін болса, оның алдыңғы аяқтарының табаны жоғары қарап, артқы жағымен келетін болса артқы аяқтарның табаны төмен қарап жатады. Туу жолдарына қол салып, төлдің арқасы жатырдың астыңғы қабрғасына тиіп жатқанын көреміз. Төлді шығарып алу үшін міндетті түрде оны жоғары позицияға аударып алу керке.

Slide 13

7. Төл жамбас қуысына көлденең келген.

Туу жолдарына қол салып қарағанда төлдің иығын жотасын сипап(арқасымен келгенде) немесе бірден төрт аяғын ұстап көреміз(қарнымен келген жағдай) . Төлді шығарыа алу үшін кқлденең жағдайынан ұзына бойы жағдайына келтіру керек. Ол үшін төлдің қол жететін дене мүшелеріне тұзақ жіп немесе ілгектер салып тартамыз.

Slide 14

8. Кесар операциясы.

(Sectio caesareo) . Бұл операцияның мәні мал өздігінен туа лмаған жағдайда, туужолдары арқылы төлді шығарып алу мүмкін болмаса, анасының қарнын жарып, жатырын тіліп барып тірі төлді алып шығуымне сипатталады. Бұл операция кезек күттірмейтін операция, операцияны кешіктірген сайын анасының да, төлінің де өмірін сақтап қалу мүмкіндігі азая береді.

Slide 15

Сиырға кесар тілігін жасау арқылы бұзауын аман алып қалу

Slide 16

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Туу және туғаннан кейінгі кезең
Кэнэвэн синдромы - мидың жүйке жасушаларының үдемелі зақымдануымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру
Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы
Әр түрлі аурулардың ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері
Жетіліп және шала туылған балалар ерекшеліктері
Балалардың денсаулық топтары және оларды анықтаудың критерийлері
Психикалық аурулар
Жасуша патологиясы
Төлдің туу жолына дұрыс келмеуі
Жүйке жүйе патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz