Миокардит және миокардиоз


Slide 1

СӨЖ

Орындаған:

Тексерген: Билялов Е. Е.

Тобы : ВМ

2018 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Миокардит және миокардиоз

Slide 2

Жоспары

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Миокардит анықтамасы және мәліметтер

Миокардоз анықтамасы және мәліметтер

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жүрек етінің аурулары бөлінеді - жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз) . Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар - жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз) . Бұл, кобінесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалкы түрінде де дамитын дерттер. Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды. Оған бірте-бірте жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса, онда жүрек ақауларына әкеліп соғады.

Slide 4

Миокардит

Миокардит (Myocarditis) - жүрек бұлшық етінің қабынуы. Миокардиттің мынадай клиникалық түрлерін айырады: барысы бойынша - жіті және созылмалы; аурудың таралуы бойынша - шектелінген және жайылған; пайда болу себептеріне байланысты - бастапқы және қосалқы түрлері.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Дамуы

Жүрек етінің қабыну процесі организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарының жүрек етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Аурудың алғашқы кезінде жалқықтану процесі басым болып, жүрек етінің орталықтары домбығады, сонан соң оларда өзгеріс-ұлғаю (альтерация-пролиферация) процестері басталады. Г. В. Домрачевтің мәліметі бойынша жіті миокардит екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалынбайды, тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты заттар миокард рецепторларын (сезімтал нервтерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп, жеделдетеді. Жүрек қызметінің тездетілуі артериядағы қысымды күшейтіп, қан айналысын жеделдетеді. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қажуына байланысты миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп - азғындау (дистрофия-дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, қан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгеру, ісінулер пайда болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысы мен салыстырғанда жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді.

Slide 8

Өлекседегі өзгерістер

Миокардиттің даму түрлері, көпшілігінде негізгі аурулардың ерекшеліктері мен өту жайына көп байланысты болады. Алдыңғы жалқықтанудың басым болған кезеңінде, жүрек етінің домбыққандығы, кесіп қарағанда түсінің қызғылттанып, кейде теңбілденіп, қанталағаны көрінеді. Қоректенуі бұзылып азғындаған кездерінде (дамудың екінші кезеңінде) жүрек еті бозарады, бұдырланады, кесіп қарағанда өзіне тән кескіні жойылады. Азғындағаны айқын білінгенде жүрек етінің түсі піскен етке ұқсап божырап, ыдырағыш келеді. Жүрек етін аурудың әр түрлі кезеңдерінде гистологиялық әдістермен зерттегенде, өзгерістер ет талшықтарында, миокардтың дәнекер ұлпаларының тұлғасында, тамырларында жане жүйкелерінде болатыны айқындалынады. Ет талшықтарында, көбінесе, ағзатталынған немесе майланған азғындау, дәнекер ұлпаларында ісік - негізі заттардың бұзылып өзгеруі, лимфа түйіршіктерінің (лимфоцит), кезген торшалардың, кейде түйір лейкоциттердің (гранулоцит) шоғырлануы көрінеді. Тамырлардың өзгеруі оның төңірегіне инфильтраттың (клеткалық элементтердің, қанның, лимфаның ұйысуы) жиналуымен, майда тамырлардың қабырғалары гиалиноздануымен (шыны тәрізденіп жылтырауы), кейде тамырдың ішінде қанның ұйыумен (тромб) бейнеленеді.

Slide 9

Клиникалық белгілері

Аурудың даму кезеңдерінде, басты аурулардың өту жайы мен барысына байланысты болады. Дененің қызуы, дағдылы түрде көтеріледі. Азыққа тәбеті төмендейді немесе тартпайды. Малдың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді. Жіті миокардиттің дамуының бірінші кезеңінде жүрек соғуы жиілейді, қосымша жиырылу пайда болып, тамыр толқыны үлкейеді, жүрек тұсын тексергенде ауырсынады, жүректің түрткісі күшейіп, кейде қатты қағып кетеді, жүрек дыбыстары, әсіресе, бірінші үні күшейеді. Артерияда қысым көтеріліп қан айналысы тездетіледі. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қоректенуі бұзылып - азғындауына байланысты, ылғи да жүрек қызметінің жеткіліксіз жұмыс істейтінін көрсететін негізгі белгілері: ентігу, көгеру, ісіну және жүрек жиырылу ырғағының бұзылғандығы болып табылады. . Тамыр соғуы бәсеңдеп, оның толуы азаяды. Жүрек түрткісі әлсірейді. Жүрек дыбыстарының бірінші үні күшейеді, кейде екіге бөлінеді немесе жарықшақтанады. Жүрек дыбыстарының екіге бөлініп не жарықшақтануы, ең алдымен, жүрек етінің импульс өткізгіш жүйесінің ауруға шалдыққандығының немесе жүрек қарыншаларының біреуінің қызметі нашарлағандығының белгілері болып есептелінеді. Артерияда қысым азаяды. Жүрек етінің құрылымы қатты бұзылғанда эмбриокардия пайда болады немесе дыбыстары күрт бәсеңдеп, екі үннің екеуі де көмескіленеді. Бәсеңдеген және көмескіленген үндер көбінесе, жүрек етінің жайылма түрінде зақымдалғанын көрсететін белгілер.

Slide 10

Клиникалық белгілері

Миокардиттің дамуының екінші кезеңінде, көбінесе, жүректің ішкі, астар қабына қатысы бар ағзалардың қызметтері нашарлағанынан - қарыншалардың кеңеюінен, құлақшалар мен қарыншалардың аралықтарындағы қақпақшалардың кемістігінен және қарыншалардың қолқаға не өкпе артериясына шығатын тесіктерінің бұлшық еттерінің серпіліс күші әлсіреп, кеңейіп кетуінен шығатын ішкі қабыттық (эндокардиалды) шуылдар пайда болады. Жүрек еті жайылмалы түрде азғындап өзгергенде, кейде тамыр соғысында ырғақсыздық пайда болады. Жүрек қызметіндегі кемшіліктер дамыған сайын артериядағы қысым азайып, венадағы қысым көбейеді, сөйтіп қан айналысы бәсеңдейді, лобелин немесе цитотонмен сынағанда қан ағымының жылдамдығы ірі малда 35-45 секундке дейін азаяды . Еске сақтайтын бір жайт, миокардпен ауырғанда әр түрлі дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелердің - өкпе мен бауырдың, бүйректердің, ас қорыту жүйесінің қызметтері бұзылады. Олар ентігу, көгеру, тері мен кілегей қабының сарғаюы, несептің аз шығуы, ісіну, ас қорыту процесінің бұзылуы белгілерімен көзге түседі. Барлық жағдайда да жүйке жүйесінің қызметі өзгереді.

Slide 11

Барысы

Жіті миокардиттің барысы көп жағдайда негізгі аурудың өтуіне не ұзақтығына байланысты, бірнеше күнге немесе жетіге созылады. Ауыр өткен жағдайда жіті миокардит не жүректі салдандырып өліммен бітеді, не миокардиофиброзға (миокардиосклерозға) айналып, малдың өнімділігін және жұмысқа қабілеттілігін толық жояды. Анықтау. Аурудың өту кезеңдерінің тән белгілеріне негізделінеді. Ауруды анықтауда (жүректің биотогын жазу) маңызы өте зор, өйткені ол әдіс арқылы аурудың өту кезеңдері туралы толық, анық мәліметтер алып, болжамы туралы да дұрыс пікір айтуға болады. Миокардитті анықтау үшін оның атқаратын қызметін сынайтын (функциональная проба) әдіс қолданылады: малды шамалы желілейде де, жүрек соғысын мұқият тексереді. Миокардитпен ауырса, желіленгеннен кейін де, жүрек етінің рецепторлар аппаратының (сезімтал нервтердің қабылдаушылық қасиеті) қатты қозғыштығының дәлелі ретінде, жүрек соғысының жылдамдығы 2-5 минутке созылады.

Slide 12

ЭКГ-мен зерттеу

Slide 13

Емі

Ауру малға толық тыныштық жағдай жасалады. Аурудың алдыңғы кезеңінде жүректің қызметін жақсартуға арналған дәрі-дәрмектерді, әсіресе, жүрек қызметін күшейтетіндерін, жүректің оларсыз да зорланып істеп тұрғанын еске алып, қолдануға асықпау керек. Олай болмаған жағдайда жүрек тез арада салданып жұмысын тоқтатып қалуы мүмкін. Осы кезеңде жүрек тұсына суықтық-резіңке қапқа салынған мұз, немесе суық су тартқан жөн. Ауыр жағдайда оттегін дем арқылы (ингаляция) ендіреді (80-120 литр ірі және 10-15 литр жылдамдықпен) немесе тері астына енгізеді (6-10 л ірі және 0, 5-1 л ұсақ малдарға) . Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің жиырылу күші әлсірегенде, қан тамырына 30-40% глюкоза ерітіндісін кофеинмен араластырып енгізсе, жақсы нәтиже береді. Жүрек соғысы тездетілген жағдайда камфора, коразол, кордиамин қолданған жөн. Камфораны аузы арқылы беруге беруге болады, ірі малға 5-10г, ұсақ малға 0, 5-4 г немесе иньекция (құюға) әдейі арналған 20% майлы ерітіндісін теру астына енгізеді, ірі қаралар мен жылқыларға 20-40 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 3-6 мл, 1-2 мл иттерге, түлкілерге 0, 5-1 мл. Коразолды тері астына, ірі қара мен жылқыларға 0, 5-2 г, ұсақ мал мен шошқаларға 0, 05-0, 1 г енгізеді. Оны қан тамырына да енгізуге болады (ірі малдарға 0, 5-1 г) . Кордиаминді қан тамырына, ірі қара мен жылқыларға 10-15 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 2-3 мл немесе тері астына: ірі малға 15-20 мл, ұсақтарына 2-4 мл енгізеді. Артерия қысымы күрт төмендегенде қан тамырына 1:1000 қатынасында ерітілген адреналинді (ірі малдарға 2-3 мл) немесе тері астына 1% мезатон ерітіндісін (ірі малдарға 10 мл, ұсақтарына 1 мл-ге дейін) енгізеді.

Slide 14

Емі

Миокардитте жүрек қызметін күшейтіп, соғуын тездететін, сөйтіп оны тез арада шаршатып, салдандыруға дейін апаратын наперстянка препараттарын қолдануға болмайды. Миокардитті нәтижелі емдеу үшін әсіресе, аурудың бастапқы кезінде организмнің тітіргенгіштік қабілетін басатын (десенсебилирующие, противоаллергические) дәрі-дәрмектерді - натрийдің салицилатын, амидопиринді, кальцийдің хлоридын, димедролды, супрастин және кейбір гормональды препараттарды (кортиокотропин, кортизон және соның ұқсастары) қолданады. Антибиотиктер мен сульфаниломидтерді де пайдаланады. Кейбір аса бағалы малдарды (асыл тұқымды, спорт бағытындағы жылқыларды, қызметке қолданатын иттерді т. б. ) емдеуге ногокаинамид, кокорбаксилаза, курантил (дипиридамол) немесе интенкардин (карбокромен), феникаберан, обзидан () өте жақсы нәтижелер береді. Миокардитті емдеуде ауруларға дәрі-дәрмектерден басқа азықты ретпен (диета), құнарлы да жақсы қорытылатын азықтар беру керек. Сақтандыру шараларының мақсаты - аллергияға қарсы қолданатын дәрі-дәрмектерді пайдаланып, негізгі ауруларды дер кезінде айықтыруға әрекет жасау

Slide 15

Микардоз

Жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы (Myocardosis - миокардоз) малда бұл ауру екі клиникалық түрде - жүрек етінің зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын онша бұзбай (миокардиодистрофия) және жүрек етінің зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын байқаларлықтай бұзып (миокардиодегенерация) өтеді.

Slide 16

Себептері

Себептері әр түрлі, өйткені миокардоз, көбінесе, түрлі негізгі аурулардан туатын қосалқы дерт болып есептелінеді. Бұл ауру, әсіресе, жалпы зат алмасуының бұзылуынан туады. Ірі, арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда миокардоздың пайда болуына үрейлену (стресс) себеп болады.

Slide 17

Дамуы

Аурудың дамуы жүрек еттеріндегі қан айналымының бұзылуының нәтижесінде, оның қоректенуінің өзгеруіне негізделінеді. Жүрек еттерінде, алдымен биохимиялық және биоэнергетикалық процестері өзгеріп, сонан соң оның құрылымы бұзыла бастайды. Мұндай өзгерістер жүрек етінің жиырылу күшін әлсіретеді. К. И. Вертинскийдің, В. И. Шишковтың және басқа да зерттеушілердің мәліметтері бойынша жүрек етімен бірге оның импульс өткізетін жүйке жүйелері де қосыла дерттенеді. Соның салдарынан, жүрек пен қан тамырларының қызметтерінің кемістіктерін білдіретін жалпы белгілер пайда бола бастайды. Артерия қысымы төмендеп, вена қысымы көтеріледі де қан айналымы баяулайды. Веналарда, әсіресе, бауыр мен бауыр арқылы өтетін тамырлар жүйесінде (портальная система) қан іркіледі. Біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.

Slide 18 Slide 19

Өлекседегі өзгерістер

Аурудың бастапқы кезеңінде, жүрек еттерінде өзгерістер тек биохимиялық және биоэнергетикалық деңгейлерде өтеді: бұлшық ет тармақтарының коллоидтық-химиялық (қоймалжыңдылық) құрылысы өзгереді. Содан арғы кезеңде жүрек етінің құрылымы бұзыла бастайды: бозарады, кескенде өзінің суретіне тән кескіні жойылады, божырап кетеді. Миокардоз ауыр өткен кезде жүрек еті асылған еттің түріне ұқсап, жұқарып жеңіл ыдырағыш келеді. Гистологиялық әдіспен тексергенде жүрек еті көбінесе ағзатталынған не майланған өзгерістерге ұшырайды.

Slide 20

Клиникалық белгілері


Ұқсас жұмыстар
Қан тамырларының аурулары
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
миокардит
Қақпақшадағы микробтар колониялары
Эндокард фиброэластозы
Жүрек гликозидтері туралы түсінік
Жүрек - қантамыр жүйесі аурулары
ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ. ҚАН АҒАТЫН ТҮТІКШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
МЕНИНГОКОК КТЫ
Ауру белгілері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz