Шығыс ешкішөбі: биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, таралуы, шаруашылық маңыздылығы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекетік университеті

БӨЖ

Орындаған: Алибеков Н

Тобы: АГ-613

Текскерген: Сагындыков С. Н

Тақырыбы:Шығыс ешкішөбі: биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, таралуы, шаруашылық маңыздылығы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Морфологиялық ерекшеліктері

Биологиялық ерекшеліктері

Өсіру технологиясының ерекшеліктері

Мал азығындағы орны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Шығыс ешкішөбі немесе галега (Galega orientalis Lam) - бұршақ тұқымдас көпжылдық, шөптесін, жаздық типті өсімдік (Fabaceae), түрі (Galega) . Ешкішөптің отаны Кавказдың таулы-далалы аймақтары. Оның негізгі артықшылықтары: жоғары азықтық және тұқымдық түсімділігі, протеин мен бірақатар кұнды витаминдердің жоғары шығымы, құрғақшылыққа төзімділігі, суыққа беріктігі, аязға шыдамдылығы, өсірудің әртүрлі топырақ- климаттық жағдайларына икемділгі мен бейімділігі

Шығыстың ешкі шөбінің басты ерекшелігі оның мал азықтық қасиетінің жоғары болуында. Ерте фазада жиналған көк балаусасы өте бағалы мал азығы.

Slide 4

Морфологиялық ерекшеліктері

Шығыс ешкішөбі - кіндік тамырлы, тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдік. Онда жан-жаққа жайылған тамырлар көптеп кездеседі.

Тамыры 60-70 см тереңдікке дейін орналасады. Тамырында 1500 данаға дейін түйін бактериялары кездеседі. Түйіндер бірінші жылдың аяғында ғана байлана бастайды.

Сабағы тік, ірі болып өседі, жақсы жапырақтанған, биіктігі 80-140 см дейін жетеді. Жапырағының түсі ашық-жасыл болып келеді. Жапырағы күрделі, жұпсыз қанатты, ұзындығы 15-17 см болады. Бір жапырағында 9-15 данаға дейін ұзынша келген жапырақтар болады.

Гүлшоғыры - сиректеу ұзынша келген, 20-50 шақты гүлдерден тұратын шашақгүл. Гүлдерінің түсі көкшілдеу, күлгіндеу келеді, ұзындығы 1 см шамасында. Тұқымы сары-ақшыл, жасыл түстес, ұзынша бүйрек тәріздес, шетінде ойығы бар. Тұқымын сақтаған кезінде түсі қоңырланады. 1000 тұқымының массасы 5, 5-9, 0 г.

Slide 5

Биологиялық ерекшеліктері

Шығыстың ешкі шөбі орташа көпжылдық өсімдік, сыртқы өсіру ортасына жақсы бейімделеді, топырақтың құнарлығын және ылғалын көп керек етеді.

Құрғақшылыққа да жақсы шыдайды.

Бұл өсімдік көктемде су жайылған жерлерде су астында 12-18 күнге дейін шыдайды. Сол ерекшелігіне қарай оны өзен алқаптары мен лимандарға себуге болады.

Топырақ құнарлығына қатынасын айтатын болсақ, оны үстеп қоректендіргенде өнімнің жақсы көтерілетінін айтуға болады. Бұл дегеніміз ешкі шөбінің потеницалды мүмкіншілігінің жоғары екенін көрсетеді

Ешкі шөбі тұқымымен көбейетін өсімдік. Тұқымының өнгіштігін 6-8 жылға дейін сақтайды. Көп сақталған тұқымын көктемде сепкенде өскін бермеуі мүмкін. Ал оны күзде не болмаса қар түсер алдында сепсе көктемде жақсы көктеп шығады.

Slide 6

Өсіру технологиясының ерекшеліктері

Шығыстың ешкі шөбін ең қолайлы себу мерзімі ерте көктемде. Себу топырақ бетінің тұқым сіңіру қабаты +6-70С жылығанда жүргізіледі. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында оңтайлы себу мерзімі болып мамыр айының орта кезі. Ал енді көктем салқын және жаңбырлы болған жағдайда ешкі шөбін маусым айында да себуге болады.

Ешкі шөбін себу әдісі танаптың арамшөптерден таза болуына және сепкен дақылды не үшін пайдалануға жоспарланғанына байланысты.

Көк шөп және пішен ұнтағын, түйіршіктер дайындау үшін ешкі шөпті қатарлап сепкен тиімді (15 см) .

Ешкі шөбінен жоғары өнімді пішен, сүрлем алу үшін көбінесе кең қатарлап, қатараралығын 45-60 см етіп себеді. Осылай сепкен ешкі шөбі жақсы сүрленеді және оның сапасы, желінгіштігі артады.

Slide 7

Өсіру технологиясының ерекшеліктері

Сепкен жылы шығыстың ешкі шөбінің биіктігі 60-70 см келесі жылдары-80-140 см жетеді. Бірінші орған кезде биіктігі 65-70 см, екінші ору сабағының биіктігі 60-80 см болғанда жүргізіледі.

Шығыстың ешкі шөбі өсіп - өркендеуі бойынша жаздық топқа жататын өсімдік. Сепкен жылы ол жаздың аяғына дейін гүлдейді де, кейбір жылдары тұқым береді. Келесі жылы көктемгі көгеруі сәуірдің аяғында басталады. Бірінші оруының өнімі тез қалыптасады. Маусымның алғашқы күндеріне оруға келеді. Екінші оруды екі айдан кейін жүргізеді

Slide 8

Мал азығындағы орны

Ешкішөптің өсімін азықтың алуан түрін, мысалы, шалғындағы жасыл азық немесе орылған түрде пішен, шөптік ақуыз-дәрумендік ұн, азықтық түйіршіктер, жентектер, пішендеме және сүрлем алу үшін қолданады. Оны малдың барлық түрі жақсы жейді, қоректік заттары жақсы қорытылады, құрамында биологиялық белсенді заттар көп, сүт секрециясын ынталандырады және жануар организмдерінің қан айналу процестерін күшейтеді.

Slide 9

Мал азығындағы орны

Қоректілігі жағынан ешкішөп көптеген азықтық шөптерден, соның ішінде барлық дақылдардан асып түседі. Сонымен бірге шығыс ешкі шөбінің жоғары өнімділігінің жоғары қоректілікпен сабақтастығы атап көрсетіледі:

100 кг көкбалаусаға 20-21 азық бірлігі

100 кг пішенге - 57-58 азық бірлігі

100 кг сүрлемге - 22 азық бірлігі келеді

Ешкішөп өсімдігінің құрамында гүлдену басталу фазасында абсолюттік-құрғақ затқа ауыстырғанда 25% дейін протеин, 2, 5-3, 0% май, 20% клетчатка, шамамен 35-40% биологиялық тиімді заттар, кем дегенде 7-9% күл болады, ал шанақтану кезінде каротин жоңышқаға қарағанда 52 мг және гүлдену кезінде 22 мг артық.

Slide 10

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Эспарцет биологиялық, морфологиялық еркешеліктері,таралуы, шаруашылыққа маңыздылығы
Күріш
Тауық тарысы
Астық қоңызы
Қысқа төзімді өсімдік
Жатаған бидайық (Пырей ползучий, Elytrіgіa repens)
Шырмауық таран
Алғы дақылдар
Егістік қыша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz