Судың ластануы. Су ресурстарын қорғау шаралары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Судың ластануы.Су ресурстарын
қорғау шаралары

Орындаған: Ерденбек І.Б.
Сабырбаева М.Д.
Турениязова Д.Н.
101 б тобы фарм.
Тексерген: Ерменбай Қ.Ә.
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға
жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері
мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су
айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су
планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97%
Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%)
қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы
су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі
ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен,
мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су
айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге
артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы
бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға
байланысты болып отыр.Мұнай өндіру және оны тасымалдау
кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит
бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді
ластайды. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында,
транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен
қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-
15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар
болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс,
марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл
шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы
фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады.
Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және
олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану.
Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы
суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының
көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде
онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың
улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады.
Лас суда температураның көтерілуімен ауру
қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе
бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп
әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп
пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне
байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді.
Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене
отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны
толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды
пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық
санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100
жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің
өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде
де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының
50% қанағаттандырылмай отыр.
Әлемдік судың ластануына жол бермеу
•Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық
тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар
технологияларға көшу.
Бұрынғы кеңес одағындағы барлық өндірістік кәсіпорындарды сумен
қамтамасыз ету үшін табиғи су көздеріненжылына 100 млд. текше
метрге жуық су алынатын және оның әртүрлі дәрежеде былғанған
90 %-ы айналып келіп су қоймаларына қайтарылатын.
•қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе
былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму
технологиясын жетілдіру.
•Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған сулардытазалау
әдістерін жетілдіру.
•Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам
шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да
агротехникалық шаралардың пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте
отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын
шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.

Ұқсас жұмыстар
ЛАСТАНУ СЕБЕПТЕРІ
Жел эрозиясы
Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау
Алматы облысының экологиялық жағдайы
ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Ресурстардың жіктелуі туралы
Судың қасиеттері
МЕЛИОРАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ПӘНІ
Табиғи сулардың химиялық ластануы
Халықтың қызыл балық деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар
Пәндер