Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және оның халықтың ұлттық сана - сезімін қалыптастырудағы рөлі


Slide 1

Дін - қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және оның халықтың ұлттық сана - сезімін қалыптастырудағы рөлі

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Ерденбек І. Б.

Сабырбаева М. Д.

Турениязова Д. Н.

101 б тобы фарм.

Тексерген: Ерменбай Қ. Ә.

Slide 2

“Дін” ұғымы «religio» латын сөзінен аударғанда - қасиетті, қайырымдылық, ғибадаттық зат деген мағыналарды береді. Дін - қоғамдық сананың, дүниеге көзқарастың түрі. Ол «адам және әлем» проблемасын жаратушы күшке сену арқылы көрсетеді. Мифтегідей дін Ғарышты екі негізден - материалдық және рухани негізден тұрады деп қарастырады. Егер бұл бастамалар мифте өзара үйлесімділікте болса, дін екеуін екі бөлек, оның ішінде рухани негізден материалдық дүние туындайды деп тұжырымдайды.

Slide 3

Жаратушы күш біртіндеп Құдай деп таныла бастады. Әлем мен адамды жаратушы - Құдай. Дүниенің бұлайша реттелуі және адамның жай-күйі дәлелдеуді талап етпейді, сенім ретінде қабылданады. Сенім - кез келген діннің басты элементі. Сенім - діни сенімнің өмір сүру тәсілі, адамның ішкі жай-күйін сипаттайтын ерекше көңіл күйі. Діни сенімнің сыртқы мәнді қалыбы - культ болып табылады.

Slide 4

Дін дегеніміз Құдайды тану және Құдаймен байланысты меңгеру» Жаратушы күш туралы ілім дүниені түсіну болса, қалыптасқан ритуалдар мен культтер жүйесі - дүниетаным. Діни нанымдар мен әрекеттер дінге сенетін адамның өмір салтына айналады. Діннің күшті жақтары ізгілігі, адам баласын сүюі болып табылады. Белгілі бір мөлшерде діннің өміршеңдігі осы қасиетімен түсіндіріледі. Дін - адами қауымдастықтардың әлеуметтік ұйымдасқан нанымы, жоғары күштерге табыну түрі.

Slide 5

«Дін жүректің сұранымына жауап береді, оның сиқырлық құдіреті де сонда, ал ғылым - ақылдың сұранымдарына жауап береді, оның алынбас қуаты да сонда. Дәлелсіз дін мен сенімсіз ғылым бір - бірін жеңуге қауқарсыз, тек өзара күмән және өшпенділікпен қарсы тұруда» - дейді ХІХ ғасырда өмір сүрген француз философы Шюре

Slide 6

Діннің түрлері көп. Солардың ішінде көп тарағандары: әлемдік діндер - христиан діні, ислам діні және буддизм. Әлемдік діннен басқа ұлттық діндер 249 де бар, олардың ішінде ең ірілері қатарына: иудаизм, индуизм, синтоизм, конфуцишылдық, дзен-буддизм тағы басқалары жатады. Тұңғыш әлемдік дін - будда діні б. д. дейінгі YI ғ. көне Үндістанда пайда болды. Будда дінінің негізін салушы Сиддхарха Гаутама б. д. дейінгі YI-Y ғғ. дүниеге келді. Будда дінінің мәні неде? Оның мәні негізгі «төрт ақиқат» тірегінде.

Slide 7

Бірінші ақиқат өмір деген тек қана азаптан тұрады дейді. Мысалға туу - азап, өлім - азап, кәрілік - азап, ауру - азап; аяулыңнан, жақыныңнан айрылу - азап, тілегінің орындалмауы - азап. Азап адами экзистенцияға тән. Алайда, әр адам азаптан құтыла алады.

Екінші ақиқатта азаптың себеп-салдары сөз болады. «Бұл жаңадан тууға, жаралуға мәжбүрлейтін ләззатты, рахатты ынтызарлық. Нақтылағанда: тіршілікке және өлімге ынтызарлық» . Айта кету керек, буддизм өмірді теріске шығармайды, себебі, бұл оның қайта туу туралы іліміне қайшы келер еді. Бұл ақиқат тек азаптың себебі әр жеке бастың өзінде, оның көзқарасында.

Үшінші ақиқатта азаптың себебін тануға, адамның одан құтылуына әбден мүмкін екендігі баяндалады. Ол үшін «осы ынтызарлықты толық, түбірімен жою қажет, одан бас тарту керек, бойымыздан алып тастау, құтылу, оны қалдыру керек». Буддизмнің ерте кезеңінде аскетизмді, монахтық өмір әспеттелді. «Нәпсіні, зұлымдықты, делсалдылықты, менмендікті, бірбеткейлікті монах жеңіп шықты», - деп жазылған «Монахтардың ән - өлеңдерінде»

Slide 8

Азаптан құтқаратын бірден-бір жол - «игілікті орташа сегіз жол» болып табылады. Ол жөнінде төртінші ақиқатта баян етіледі. Құмарлықты жеңу үшін тура жол дегеніміздің құрылымына дұрыс түсінік, дұрыс шешім, дұрыс сөйлеу, дұрыс әрекет, дұрыс өмір сүру салты, дұрыс күш-жігер, дұрыс назар (ықылас), дұрыс шоғырлану жатады. Дұрыс түсінік - бұл «төрт ақиқатты» білу, түсіну және оған сену: тек қана буддист ақиқатқа жетіп, сансараны және білмек. Дұрыс шешім - «игілікті ақиқат» негізінде өз өмірін қайта құруға шешімталдық.

Slide 9

Буддизмнің түрлі бағыттары мен ағымдары бар. Олар хинаяна және махаяна деген қос бағытқа сүйенеді. Буддизммен қатар, қазақ даласында келесі әлемдік дін - христиандық кең тарады. Ол біздің б. э. д. І ғасырда Рим империясында Мессия мекенінде пана іздеген иудаизмдік - мессияндық қозғалысының ықпалында пайда болды. Ежелгі әлемнің үзаққа созылған түрлі діни нанымдарының біте қайнасып және өзгеруі процестері нәтижесінде. Осындай Мессия Ғайса болды. Евангелияларда Ғайса - Құдайды бойына сіңірген, Құдайдың ұлы, Әлемнің құтқарушысы, адамзаттың қүнәларын өз өмірін құрбан ете отырып, көтерген ерекше тұлға ретінде көрінеді.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі мәдениет
Мәдени код сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі
Тәрбиенің психологиялық қызметтегі рухани- адамгершілік мәдениеті
Мемлекетті әлсіретудің амалы қоғамдағы ұлттық бірегейлікті ыдыратумен тең
Қазақстандық елжандылық туралы ақпарат
Мәдени код
Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау
Әулет дәстүрі, отбасы құндылықтары
Қазіргі этнопсихология
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz