КҮРІШ ӨСІМДІГІ




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

КҮРІШ ӨСІМДІГІ

Орындаған:
Тексерген:
Күріш (лат.Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір
немесе көп жылдық өсімдік. Оның биіктігі 60 – 150 см,
бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80
см тереңд. дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап
өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды.
Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі
буын аралығының ішінде паренхималық
ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына
сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді.
Гүлдері екі қабат – жоғары жағында аналық, төменгі
жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде
айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетациялық
кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді.
Тұқымды себуге дайындау. Себу алдында тұқымды
күнге қыздырады.Күрішті суға шашып сепкенде
тұқымды себу алдында 1,5 – 2 тәулік бойы таза суға
немесе қоректік заттар ерітіндісіне салып бөріттіреді.
Әртүрлі ауаруларға қарсы тұқымды дәрілейді.
деп саналады.
Күрішті, топырақ, тұқым сіңірілетін тереңдігінде +12-14 С –
қа қызған кезде немесе мамыр айының 1 – 20 жұлдызы
аралығында себу ең қолайлы деп саналады. Көп жыл
шөптердің қыртысынан кейін себудің оңтайлы мөлшері -
гектарына 7 – 8 млн өнгіш дән, көп жылдық шөптің
айналымынан кейінгі танаптарға 7,0 – 8,5 млн, ал
мелиорациялық танапқа 6,0 – 8,5 млн,өнгіш дән себіледі.
Қоректенуі және тыңайтқыштар.Күріштің азотпен
қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш
азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің
тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады.
Күріш қорегінің маңызды элементі фосфор болып табылады.
Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін
жоғарлатады.Азотты,фосфорлы,калийліт минералды
тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді
алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі
бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі
төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды.
күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың
жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды,
сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі
азаяды.
тыңайтқыш себу техникасы
Екпе күріш
Өсіру технологиясы.Күрікшті бір орынға екі,әрі кетсе үш жылдан
артық орналастыруға болмайды,өйткені топырақ батпақтанып және
сортаңданып кетеді.Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы
дақылдардан кейін орналастырудың маңызы зор. Сонымен қатар,ауа
режимі бұзылады,анаэробты процесс жүріп,аллюмений, темір
металдарының шала тотықтары пайда болады,сөйтіп,күріштің
өсуіне зиян келтіреді.Ғылыми – зеттеу мекемелері мен алдыңғы
қатарлы шаруашылықтардың тәжірбиесі күріштің ең жақсы алғы
дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Қазақстанда негізінен күріштің
жеті танапты ауыспалы егісі игерілген.Ондағы дақылдаркелесі
тізбекте орналасады:1,2 – танаптар жоңышқа, 3,4 –танаптар күріш,
5 – танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7 -
танап – күріш.
Күріш егістігін қопсыту техникасы
Күріш сорттары. Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия
елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді.
Күріштің бірнеше сорттары бар.
Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл және Үштөбе
сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу
институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал
өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты – Қазақ күріш
ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал
өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу
институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш
егісінің 65 – 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты –
Қазақстан Ғылым Академиясының
Өсімдіктер және биоинженериясы институтында
ығарылған. Бұл физиологиясы, генетикасы сорт Алматы
облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені
бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі.
Күрішті жинау – ең жауапты кезең.Оны ору қықүйек –
қазан айларында жүргіледі.Дестеге түсірілу кезінде жер
толық құрғақ болу үшін күріштің дәні қамырлана
бастағандасу беру тоқтатылады.
Яғни, күріш толық піскен кезде атыздардағы су тартылып,
жер құрғайды. Күріш негізінен екі кезеңді бөлектеп жинау
тәсәләләмен іске асырылады.
Ең алдымен ЖНУ - 4, ЖРК – 5 дестелегіштерімен шашақ
бастағы дәннің 85 – 90 % толық піскенде күріш дестеге
шабылады,сондықтан 3 – 5 күннене кейін СҚД – 5Р, СКПР
- 6, СКГД – б комбайндарымен жинап, бастырылады.
Күрішті жинау
техникалары
Күріш өсімдігінен алынатын өнімдер. Кебегі мал
азығына пайдаланылса, ақұсағынан спирт, крахмал
алынып, парфюмерияда қолданылады. Сабағынан жоғары
сортты қағаз, картон, жіп, қалпақ, төсеніштер мен тағы
басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасалынады. Сонымен
қатар тұздалып, батпақтанған жерлерді жақсартып, ауыл
шаруашылық пайдамызға енгізуде күріштің маңызы зор.

Ұқсас жұмыстар
АРАЛ ӨҢІРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Құс саңғырығы
Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама
Мәдени сұрыптау
Көкөністер, жеміс – жидектер және бөлме өсімдіктерін көбейтіп, өсіру
Көпжылдық шөптер
Табалдырық аялдамасы
Пампа түлкісі
Ортаңғы топ тәрбиешісі
Кү ріш масасы
Пәндер