Опырмалар
Презентация қосу
Опырмалар
Орындаған:
Қабылдаған:
Опырмалар – тік тау
жыныстарында пайда
болған топырақ
массасының ауырлық
күшінің әсерімен төмен
қарай сырғуы. Сонымен
қатар, жартастағы
жекеленген
жақпарлардың не құрғақ,
тік, еңіс беткейлеріндегі
жақпарлардың
құлауы.Опырмалар тік
таудың тұрақтылығы
бүлінген және
материалдық шығынға
әкеліп соқтыратын табиғи
процесс. Опырмалар
табиғи және де
техногендік сиатта орын
алуы мүмкін. Себебі,
табиғат құбылыстарының
салдарынан орын алып
немесе адам қолымен
Опырылмаға әсер ететін
негізгі
факторлар:
O - Тау жыныстарының опырылуына жер
сілкінісі немесе жарылыс салдарынан жер
қыртысының сәл ғана қозғалуы;
O - жар шетіне салмақтың көп түсуі. Тіпті
опырылманың болуына адам салмағы да
жеткілікті (әрине бұл опырылу мүмкіншілігі
көп жерлерде орын алуы мүмкін);
O - топырақтың сусыздануы және құрғауы;
O - Өсімдіктің түрленрінің өзгеруі;
O - өсімдік қабатының құрып кетуінен;
O Ол жылдың кез келген
уақытында орын алу
мүмкіншілігі бар. Бұған
дейін орын алған
оқиғалардың
зерттеулеріне сүйенсек,
әдетте биіктігі 19
градусқа жуық
жыраларда болады
екен. Бұған дейін
болған ірі
қопарылмалардың
алаңы 50-60 га жеткен.
Тау беткейлерінің
табиғи
геоморфологиялық тепе
теңдігінің бұзылуынан,
олардың жол, саяжай,
үй, су құбырларын салу
және басқа да
құрылыстарды салу
кезінде жиірек
Опырмалар Қазақстанның кез келген аймағында орын
алуы мүмкін. Әрине, оның бәрі опырылманың орын алу
сипатына байланысты. Аса ірі опырылмалар тектоникалық
ұсақталуға байланысты жүреді. Опырмалар ірі өзендерді
бөгеттейтін көлденең массаларды үйіп тастауына
байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай
өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле
Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
O Шымкентте барак тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйде жарылыс
болды. Салдарынан бір әйел опырылып құлаған үйінді астында қалып көз
жұмды. Құтқарушылар қиранды топырақтың арасынан тағы төрт адамды
шығарып алған. Қайғылы жағдай түн ортасында тіркелді. Алдын ала болжам
бойынша газ жарылған болуы мүмкін, - дейді төтеншеліктер. Тәртіп сақшылары
сол маңды дереу қоршауға алып, коммуналдық мекеме қызметкерлері көгілдір
отын мен электр энергиясын ажыратты. Хабарлама алысымен оқиға орнына
шұғыл жеткен құтқарушылар үйінді астынан алдымен шырылыдап жылап
жатқан 1 жасар сәбиді шығарып алған. Одан кейін оның 1987 жылы туған
әкесін тапқан. Санаулы минуттардан кейін топырақ астынан нәрестенің
анасының өлі денесі шықты. Жалпы үйінді астында бес адам қалған.
Жәбірленушілер жер үйдің жанынан салынған қос қабатты ғимаратты жалдап
тұрған көрінеді. Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД бас маманы: - Үйіндіні тазалау
жұмыстарын жүргізу барысында үйінді астынан қазіргі таңда кеңінен қолданып
келе жатқан Иран өнімі «Камен» деп атаймыз газға қосылатын сол құрылғы
шығарылған. Сонымен қосымша мына электр тоғына қосылатын электр
құрылғылары да үйінді астынан шыққан болатын.
O Өскеменде Ертіс өзенінен өтетін
көпірдің ескі бөлігі опырылып түсті. Бұл
өткел екі жылдан бері жөндеуден өтіп
жатқан болатын. Оған қазынадан 6 млн
теңге бөлінген. Мердігерлер көпірдегі
қозғалысты тоқтатпау үшін жұмысты
бірнеше кезеңмен жүргізіп келген.
Аяқталған оң және сол қанаттары
пайдалануға берілді. Енді ортаңғы тұсы
жөнделіп, көпір бүтінделуі керек еді.
Мамандардың айтуынша, көпір үстінде 6
адам жұмыс істеп жатқан. Бірі аяғын
ауыртып алып, дәрігерлердің көмегіне
жүгінді. Ал көпірдегі қозғалыс тоқтаған
жоқ. Оқиғаның мән-жайын прокурорлар
анықтап жатыр.
O Асқар Жақсылықов, қалалық ТКШ
бөлімінің басшысы: - Жұмыстар
тоқтатылды. Мәселенің мән-жайын
анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Алдын ала болжамдар бойынша көпірдің
5 тіреуіші апатты жағдайда тұрған. Бұл
ескі бөлігі болғандықтан механикалық
түрде құлатылу керек болатын.
Сондықтан көпірдің ол бөлігімен көлік
мүлде жүрген емес.
O ЭКСПО аумағында қирап қалған
көпірді қалпына келтіруге бір ай
уақыт берілді
ЭКСПО аумағында үлкен апат! Астанадағы
халықаралық көрме өтетін нысандардың бірі
пайдалануға берілмей жатып қирады.
Павильондардың ортасын байланыстырып тұрған
көпір түс мезгілінде опырылып түскен. Әзірге апаттың
себебі белгісіз. Құлап қалған көпірді BI Group
салғандықтан, құрылыс компаниясының өзі оны
қалпына келтірмек. Оқиға орнында тексеру жүріп
жатыр.
O АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Гуйчжоу провинциясында тау
жыныстарының опырылуы салдарынан 11 оқушы зардап шекті,
үш адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости. Оқиға түнде
Тунжэнь қалалық округінің Иньцзян-Туцзя-Мяоск автономды
уезінде орын алды. Бір топ жоғары сынып оқушысы аудандағы
таулар бойынша саяхат кезінде үйлердің бірінде түнеген.
Түнде тау жыныстары опырылып, үй соның астында қалды.
Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен халық жасағы
келді. Жапа шеккен 8 оқушы құтқарылды. Опырылу себебі
белгісіз.
O Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында «Қазцинк» компаниясымен еншілес «Altyn Tau-Vostok» ЖШС-іне қарасты
жер асты кеніштері бірінің беті опырылып түсіп кетті.Сәуірдің 4-і күні сағат 14:40-та Риддер шаһарының орталығынан үш
шақырым қашықтықта жер асты кенішінің опырылып құлап кетуі салдарынан мұнда тереңдігі – 30, диаметрі 70 метрді
құрайтын үлкен қазаншұңқыр пайда болды. Осының салдарынан Бурабай көшесіндегі №5 жеке үй аталған қазаншұңқырға
түсіп кеткен. Бір жақсысы, үш адам үйден дер уақытында шығып үлгерген.
O Риддер-Сокольный кенішінде орын алған төтенше жағдайға байланысты жұмыс тоқтатылып, 480 кенші жер бетіне
шығарылды. Абырой болғанда, оқиға орнында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, 500 метр радиуста
орналасқан үйлердің барлығы қоршауға алынып, 173 тұрғын көшірілді. Оның ішінде 60 адам «Қазцинк» ЖШС емханасына
жатқызылып, қалғаны «Синегорье» демалыс базасына орналастырылды. Оларға ыстық тамақ, медициналық кезекшілік және
психологиялық көмек беру жұмыстарымен аталған кәсіпорын шұғылданып жатыр.
O Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдерінің мәліметі бойынша, қазаншұңқыр ернеуінің диаметрі соңғы
сағаттарда тағы 5 метрге дейін кеңейген. Оқиға орнында тауда құтқарушылар әскери жасағы, қалалық ішкі істер басқармасы,
қалалық су арнасы, жылу-электр орталығы және тағы басқа қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Аталған шахтаның иесі саналатын
«Қазцинк» кәсіпорнының басшылығы тұрғындардың барлық шығындарын көтеріп алуға, келесі аптада оларға өтемақы
төлеуге уәде берді.
O Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі үйдің қирауы мен алып қазаншұңқырдың пайда
болуына кен камераларының біріндегі шатырдың құлауы себеп болғанын жеткізді.
O Оқиға орнында облыстық прокуратура қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Өнеркәсіптік қалаға жататын
Риддердегі жағдайды облыс басшылары бақылауға алып, жергілікті халыққа қажетті көмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын
жалғастыруда. Оқиға орнында облыстың жедел штабы құрылып, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов табиғи
апаттың салдарын жою және әрі қарайғы іс-әрекет жоспарын анықтау мақсатында жедел жиын өткізді. Жер бетінің тағы да
опырылып түсуінен сақтану шаралары қолға алынды.
O Айта кетейік, соңғы күндері өңірдің төтенше жағдай қызметкерлеріне оңай соқпай тұр. Осыдан екі күн бұрын Жарма
ауданында бір тәулік ішінде 10 мың гектар аумаққа жайылған өрт сөндірілген болатын. Бірлік ауылдық округында
ауыздықталған өртті сөндіру жұмыстарына 126 өрт сөндіру қызметкері, 17 техника, жергілікті 60 тұрғын, тіпті «Темір жолы»
мекемесінің өрт сөндіру пойызы да қатысты.
Опырылу
оқиғаларынан
O мысалдар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz