Р. Декарттың ғылыми философиялық методологиясы


Slide 1

Р. Декарттың ғылыми философиялық методологиясы

Орындаған: Берік Ару ЗР-109

Тексерген: Манапбаев Нұрболат

Slide 2

Рене Декарт

Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], (1596-1650жж. ) - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.

Slide 3

Логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды:

Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы.

Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады.

Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек.

Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз.

Slide 4

Шығармалары:

«Әдіс жөніндегі пікірлер»

«Диоптрика»

«Метеорлар»

«Геометрия»

«Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныстар

«Философия ережелері»

Философия бастаулары

Slide 5

Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану;

Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру;

Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту;

Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.

Рационалистік - дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:

Slide 6

Декарт координатасы:

Slide 7 Slide 8

Декарт және Абай

Декарттың ғылыми және философиялық ойлары еуропа құрлығымен шектелмей, басқа халықтардың ағартушылық қозғалысына да пайдалы ықпал етті. Мысалы, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы Декарттың еңбегімен жете танысып, оның жан мен тән, индукция мен дедукция, Тәңірінің ақиқаттығы, ғылым адам игілігіне қызмет етуі тиіс" деген секілді көптеген тұжырымдарын қостады және ол туралы «Қара сөздерінде» өз көзқарасын Шығыс философиясымен байланыстыра отырып пайымдады. Мұхтар Әуезов абайтану саласындағы барлық еңбектерінде Декарттың Абайдың философиялық көзқарастарына әсерін ерекше атап өтеді. Ол «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845- 1904) » атты (1959) монографиясында Абайдың да «терең ойдың телміріп соңына ермей», адам жаратылысы туралы дуалистік жолда болғанына, жаңа идеалистік санадағы Декартқа кебірек жақындағанына талдау жасайды

Slide 9

Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар». «Фи-лософияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар». -философия ағаш секілді, оның тамыры - метафизика, діңгегі - физика, діңгектен тарайтын бұтақтары - үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді.

Slide 10

Р. Декарттың этикалық көзқарастары:

Р. Декарттың этикалық көзқарастары адамның құмарту сезімдерімен байланысты түрде қаралады. Олардың бәрін негізгі алты сезімге әкеліп теңеуге болады. Олар: таңғалу, сүю, жек көру, тілеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбі адамның сезімдік заттарға деген іңкәрінен туады да, адамның жан дүниесін зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы оларды жою мүмкін емес. Олай болса, олардың бәрін адамның жан дүниесіне сәйкес келетін бір құмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезімі болуы керек деген сұраққа ойшыл өзінше жауап береді. Оның ойынша, ол - дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дүниедегі құбылыстарға қызығушылықпен қарауы.

Slide 11

Декарттың онтологиялық мәселелері

Болмыс жөніндегі көзқарасында Р. Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді.

Біріншісі -материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты (қасиеті) - созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу.

Екіншісі -субстанция - рух. Оның негізгі атрибуты - ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау - рухани идеялардікі.

Slide 12

Күмәндану философиясы:

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т. б. ) ;

Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т. б. ) ;

Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;

Күмәндану - ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;

Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;

Ойлау - ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Slide 13

Декарт қолжазбасы

Slide 14 Slide 15

Философияға қосқан үлесі


Ұқсас жұмыстар
Ғылым философиясы
Декарт философия
Рене Декарттың жан мен тән туралі ілімі. Дуализм
Декарт философиясы
Үңгір елестері
Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы
Томас Гоббс (1588-1679 жж. )
Т. Гоббс пен Д. Локтың философиялық көзқарастары
Сократ адам туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz