Әсем сұлу табиғатымыздың еркелері
Презентация қосу
«Әсем сұлу
табиғатымыздың
еркелері»
Ақтау жалпы орта білім беретін мектеп -
балабақшасы
Кер даланың кербездері
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер
туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс
қайыратын түз жануары.
Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан
Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда,
Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған.
Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген
Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.
Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек,
дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады.
Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда
тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді
аулауға тыйым салынған.
Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын
күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады,
сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін
пайдаланады.
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.
Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды
деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім
білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада
болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық.
Ауылшаруашылық министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің өкілдері осылай деп отыр. Мұны зертхана қорытындысы
көрсетіпті. Естеріңізге сала кетейін, Батыс Қазақстанда ақбөкен басы өсіп
келеді деп ауыз жиып үлгермедік. Былтыр ғана саны 26 мыңға жеткен
киіктер осы айдың ортасынан бастап түсініксіз себептермен қырылып
жатыр. Соңғы есеп бойынша, 3 мың екі жүзден астам өлексе табылған.
Қазір қынадай қырылған Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ
залалсыздандырылып жатқан көрінеді. Ал, жұқпалы аурудың жаппай
таралуы мен одан келген зиянды анықтап, дертті жоюмен министрлік
жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.
Ресми деректер бойынша 1960 жылдары елімізде киіктердің
(ақбөкендердің) саны 1 миллион 300 мыңнан асыпты. Алайда
мүйізі мен тұяғы үшін қаскөйлікпен қырып – жоюдың, 1988
жылы Торғай өңірінде 500 мың киіктің қырылып қалуының
салдарынан 2003 жылы еліміздегі киіктердің саны күрт
азайып, олардың 21 мыңдайы ғана сақталып қалды. Яғни, осы
үш топта киіктердің өсімі мынандай: 2010 жылы – 61,0 мың
бас, 2011 жылы – 81,0 мың бас, 2012 жылы -85,5 мың бас,
2013 жылы – 102,0 мың бас, 2014 жылы – 137,5 мың бас.
Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар
көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады.
Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын
ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми
деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге
сатады.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi.
Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында
бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы
бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi
шаралар қолға кеш алынып отыр.
Дегенмен, өсiмтал жануар күтiмi көп,
қорғауы жақсы болса, санаулы
жылдардан соң саны қайта көбейiп,
әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер.
Құс патшасы – аққу!
Сыйластық пен татулықтың символы
Аққулар (лат. Cygnus) – қазтәрізділер отряды,
үйректәріздестер тұқымдасының жеке аққулар
туысына жататын өте сымбатты ірі құстар.
Елімізде аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу,
сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі .
Сұңқылдақ аққу
Қазақстан жерінде ұялайды.
Салмағы -7-13кг, қанатының
құлашы 1,5 метр. Ерекше ұзын да
мойынын тік ұстайды. Сары
тұмсығының ұшы қара түсті.
Қазақстанда ақпан- наурыздан
қазан айына дейін болады.
Сыбырлақ аққу
Қазақстанда мекен етеді. Соның
ішінде Батыс Қазақстан
облысының суқоймалары мен өзен
көлдерінде кездестіруге болады.
Олар қалың қамыс арасына ұя
салып, балапандарын өрбітеді.
Сыбырлақ аққудың сарғыш-
қызыл тұмсығының түбіне қара
буылтығы болады. Мойынын иіп,
тұмсығын суға бағыттап ұстайды.
Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде
қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала
бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі
көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната
бермейді. Аққу өмір бойына тұрақты жұп құрып тіршілік
етеді. Ұясын су жағалауындағы қамыс арасына салып, 3-7-ге
дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 19-20
күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып
қамқорлық жасайды.
Құс төресі - аққу туралы аңыздар
Орыс халқының
сенімі бойынша
барлық
Аққу кейпіне құстардың
енген Зевстің патшасы Аққу
Ледамен Ханшайым
кездесуі. болған
екен.
Аққулар жегілген Ежелгі үнді
тарантас мінген аңызы
Аполлон құдайы бойынша
Брахма
құдай аққуды
мініп аспанды
аралайтын
болған
Сонымен қатар…
Көптеген әлем халықтарының әдеби және
музыкалық шығармалары аққуға арналған.
Ғарыштағы тұтас бір тұмандықтың аққу
атымен аталуының өзі сұлулықтың жарқын белгісі
болатынын дәлелдейді.
Қазақ халқы да ежелден аққуды тазалық пен
тұрақтылықтың, пәктіктің белгісі
ретінде санап, көп шығармаларын осы қасиетті де
сымбатты құсқа арнаған.
Ауылымыздағы көлді
мекен еткен аққулар.
Аққу-құстар елімізден
жоғалмасын…
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz