Отыз екі мықты, Қаз-қатар боп шықты. Он алтысы үсті, Он алтысы асты




Презентация қосу
Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы үсті,
Он алтысы асты.
Тістің құрылысы және
гигиенасы
Тістің құрылысы
6 – 9 ай
Тіс эволюциясы 2- жаста – сүт тіс
6- 7 жаста – тұрақты тіс
18-19 жаста - ақыл тіс
Тіс сауыты Кіреуке 98 бейогр.
Тіс мойыны тіс Дентин-70бейогр,30орг
Тіс түбірі Қуыс борпылдақ ұлпа
Жүйке, қантамыр
Күрек Ит Азу
тіс тіс тіс
4 2 үлкен кіші

1 түбірлі 4 6

2 ж/е 3
түбірлі
• Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз қуысынан
шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр
кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты
ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа
төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық
заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының
қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс,мырыш,
темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да
түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір
қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз
болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны
арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.
Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда
орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу
тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу
тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы
тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті
дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы
талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.
Тістің құрылысы.

– тіс сауыты,
II-тіс мойны,
III-тіс түбірі
1 - кіреукесі (эмаль);
2 - дентин;
3 - дәнекер ұлпалы тіс
пульпасы;
4 - цемент заты;
5 - тіс бекінген сүйек;
6 - қан тамырлары;
7 - жүйке талшығы
• Тістің негізгі бөлігін дентин (лат. «dens» - тіс) заты құрайды. Дентин
өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%-ы
фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыс-
тарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының
бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады. Бүтін әрі сау
тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру
коздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің
шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды
(мысалы, жаңғак) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде
тым ыстық немесе өте салкын сусындарды бірінен соң бірін ішу
кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған
жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру
тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке,
буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді»
деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш
бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі
мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Тісті тазалаудың басты құралы-тіс щеткасы.

Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25-
30мм, ені 8-12 мм болуы шарт. Жаңа тіс
щеткасын пайдаланудан бұрын сабынмен, әрі
ыстық сумен жуу керек.

Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс
щеткасы болуы тиіс.Тіс щеткасын әрбір 2-3
айда жаңартып отыру қажет.

Әрбір тамақтанғаннан кейін аузды сумен
шайып, тіс пастасымен тазалау қажет.

Тісті күніне 2 рет ( таңертен, кешке) тазалау
керек.
. Тіс тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен
шайындар.

Күн сайын тісті
таңертең және
кешке мұқият
тазалап жуу
керек. Тісті
тазалауда белгілі
ережені есте
ұстау шарт.

Тіс щеткасын
тістердің арасымен
жоғарыдан төменге,
төменнен жоғарыға
қарай ысқылау;
тістердің ауыз
қуысына қараған
ішкі беттерін де
тазалау қажет.

Алдымен бөлме
температурасындағы-
дай сумен ауызды
бірнеше рет шаю;
содан соң арнайы тіс
щеткасымен тазалау;
алдыңғы жағын
үйкелей бермей
алдыңғы, артқы бүйір
тұстарын да мұқият
тазалау.
Тісті қалай тазалау?


Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір
тамақтанғаннан кейін ауызды шайып,тісті
тазалау қажет.Тамақ жеген сайын тісінді
мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап
тазала. Ішкен-жеген сайын және
ертеңінде,кешінде аузынды тазалап
шайып отыр.

Тіс пасталарын да дұрыс таңдай білу керек.

Тістің кіреукесінің беріктігін сақтау үшін
құрамында фторы бар пасталар
қолданылады. Ондай пасталарға
«Фтородент», «Пепсодент», «Колгейт»,
«Флюродент», «Чебурашка»,»Сигнал» т.б.
жатады.

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына
гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек
биологиялық-физиологиялық белсенді заттар
енгізіледі (тұздар-ферменттер-биологиялық
катализаторлар, микроэлементтер-Мп, Си, Ғе,
Со, Ті және фтор,кальций-хлорофилл-жасыл
пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі).

Тістің айналасындағы ұлпалардың қабынуы-
пародонт ауруы. Пародонттың бір түрі-
гингивит-тістің қызыл етінің қабынуы.Тіс
түбірінің мойнына қызыл етіне жиналған
тамақ қалдығының тазаланбауынан туатын
ауру.Негізгі белгілер: тістің айналасындағы
қызыл еті (десна) қызарады. Бұл ауру
алғашында жанға батпайды,онша
байқалмайды. Ауру ең соңында асқынып
миға,бауырға, мойынға, бетке шабады.

Тістің түсуі.
*Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде
сарғайу, тіпті қарайу құбылысы пайда болады.
* Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.
* Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы.
Пайдалы кеңес
Дәрігерлердің жорамалдауынша адам бала кезден ішкен тағамы ми
жасушаларының қалыптасуына тікелей ықпал ететіні
байқалған.Ол,әрине,бірден білінбейді.Жасы ұлғайғанда ми қызметінің
бұзылуы бала кезде ішкен астың жұғымсыз болғанынан көрінеді.
Дәл уақытында ішкен тағам бронхит,эмфизема ауруларының дамуынан
сақтандырса,кейбір тағамдар адам бойындағы түрлі
бактерияларды,вирустарды дәріден кем жоймайды екен.Жұғымды тағам
аллергиялық тұмауды әлсіретеді,кетіреді.
Назарларыңызға рахмет !

Ұқсас жұмыстар
Логикалық ойлауды дамытатын ойындарға сипаттама
Логикалық ойындар
Зат есім
Ақпанның алтысы Сынып жұмысы Есімшенің жасалу жолдары
Қырық құрқылтай
Австралия материгі
Сөз екпіні
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Ілияс Есенберлин (1915 – 1983)
Сен соған үйлен - депті
Пәндер