Тенуиколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасы

«Тенуиколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау»

Орындаған: топ студенті

Тексерген: в. ғ. к.

Орал, 2017

Slide 2

ЖОСПАР

1. ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ

2. ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ ЖІКТЕЛУІ

3. ТАРАЛУЫ

4. МОРФОЛОГИЯСЫ

5. ӨСІП-ӨНУІ

6. АУРУДЫҢ ӨРБУІ

7. СЫРТ БЕЛГІЛЕРІ

8. БАЛАУ

9. ТІРІ КЕЗДЕГІ БАЛАУ

10. ӨЛГЕННЕН КЕЙІНГІ БАЛАУ

11. САЛЫСТЫРМАЛЫ БАЛАУ

12. ЕМІ МЕН САУЫҚТЫРУ

13. ЕТ САПАСЫНА ТИГІЗЕТІН ЗИЯНЫ

Slide 3

Тенуиколды цистицеркоз (құрсақ жылауығы, гидатигенді цистицеркоз, қылмойынды финноз) - бұл қой, ешкі, шошқа, жабайы күйіс қайыратындар (елік, қарақұйрық, арқар), кейде ірі қара мен түйе шалдығатын гельминтоз түрі. Цистицеркоз малға, әсіресе төлге (қозыға, лаққа, торайға) патогенді әсер етіп, шығынға ұшыратады. Цистицеркоз көбінесе созылмалы түрде білініп, мал өнімін төмендететін гельминтоз.

Цестодалар ересек сатысында иттің, кейде қасқырдың, шибөрінің, түлкінің ащы ішегінде, ал ларвоцисталары (жылауық) тұяқтылардың құрсақ қабырғасында, шарбы-шажырқайында, іш майында және бауырдың сыртқы қабығында орналасады.

1. ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ

Slide 4

1924 жылы Ф. Дж. Меггитт сүтқоректі жануарлардың цестодтарына жататын тениидтерді 6 үлкен туысқа ажыратады: Taenia, Тaeniarhynchus, Cladotaenia, Multiceps, Echinococcus и Catenotaenia.

Ал А. А. Спасский болса олардың барлығын бір үлкен Taeniidae тұқымдастығына жатқызады. Десекте қазіргі кезде оларды 13 туысқа бөліп қарастырады.

2. ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Slide 5

3. ТАРАЛУЫ

В. Ф. Никитин өз еңбектерінде бұл инвазиялық аурудың көптеген шет елдерде де кездесетінін айтып өткен болатын. Тенуикольды цистицеркоз Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Қыл мойынды финноздың негізгі таратушысы мал арасында жүретін ауыл иттері. Көбінесе қора маңында жайылып жүрген малдарға бүл гельминтоз тез жұғатыны байқалған. Цистицеркоз тазалық (санитарлық) жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Адамдар арасында гельминтоздың етек алуына малдың аулада сойылуы, малдәрігерлік тексеруден өткізілмеуі, цистицеркозбен зақымданған етті асқа жұмсау, жеткіліксіз зарарсыздандру, немесе оны сатып жіберу - осының барлығы негізгі себеп боп саналады.

Slide 6

Тениуколды цистицеркоздың даму айналымы

Slide 7

Құрттың имагосын, яғни жынысы жетілген сатысын Таепіа hydatigena деп атайды. Оның тұрқы 1м-ге жуық, бунақ денесі жүздеген буылтықтардан қүралған. Көпіршіктің ғылыми атауы - Сysticercus tenuicollis, ал қазақшасы - жылауық. Цистицерк - жылауықтың көлемі әртүрлі-бүршақ дәніндей, көгершін, тауық жүмыртқасындай, саны бір-ден жүзге дейін жетеді, сыртқы бітімі домалақ, сопақтау, кейбіреуі алмүрт сияқты болып көрінеді. Көпіршіктің сыртқы қабығы жүқа келеді, іші мөлдір сүйыққа толған, қабыршақтың ішкі жақ бетінде ақ домалақ, үлкендігі күріш дәніндей жалғыз сколекс орналасқан

Ал 1905 жылы Боргерт шошқадан С. tenuicollis құртының тапқан болатын. Ол шошқаны жарып-сою кезінде ұзындығы 3 см-ге жететін 1000-ға жуық цистицеркті жануардың әртүрлі мүшелерінен тапты. Олар тек қана серозды қабықты зақымдап қана қоймай, өкпе мен бауыр паренхимасынан, сонымен қатар жұлын мен отыртқаға жақын жатқан қабырғаның плеврасынын да табылған.

4. МОРФОЛОГИЯСЫ

Slide 8

Тұяқтылар бұл гельминтозға құрт жұмыртқаларымен ластанған жем-шөпті жеп, шалдығады. Малдың асқорыту жүйесінде жұмыртқадан бөлінғен онкосфера ішекті тесіп, қанға өтіп, қан ағынымен бауырға жетеді. Сонан кейін олар бауыр үлпершегі арқылы, оның сыртқы қабығына шығып жайласады немесе құрсақ қуысына өтеді. Өздерінің қолайлы ағзасына жеткен онкосфералар, 1 -2 ай өткен соң ларвоцистаға (жылауық) - цистицеркке айналады. Құрттың ақтық иелері ит. Олар аралық иелерінің цистицеркпен зарарланған ішкі органдарын жеп, ішқұрт ауруын жұқтырады. Ит ішегінде гельминт 2 ай шамасында ересек сатысына жетіліп, онда 4-11 ай өмір сүреді.

Тениуколды цистицеркоздың патогенділігіне ең алғаш рет 1860 жылы Р. Лейкарт көңіл аударған болатын. Ол бұл ауруды торайға зертханалық түрде тении гидатигенінің жұмыртқаларымен зақымдап, торайда болатын клиникалық жағдайын бақылап, кейін ол торайдың өлімге ұшырағандығы туралы өз еңбектерінде баяндады.

1956 жылы В. А. Шелапугина цистицеркоз тудырушы Т. hydatigena-ның онкосферасының кепкен жағдайды өз қабілеттілігін 8 ай бойы сақтайтынын анықтады.

5. ӨСІП-ӨНУІ

Slide 9

Taenia hydatigena

1-пісіп жетілген цистицеркоз, 2- онкосфера.

Slide 10

П. П. Вибе цистицерктер жануарлардың мүшелері мен ұлпаларын зақымдап қана қоймай, әртүрлі микроорганизмдердің жиналуына мүмкіндік береді. Ал екінші жағынан организм мүшелерін атрофияға ұшыратып, интоксикация шақырады. Сонымен қатар, жануарды арықтатып, одан алынатын өнімді 25% шығынға ұшыратады.

Гельминтоздың жіті түрі төлдер арасында кездеседі. Мал денесіне енген құрт онкосферасы қан айналу жүйесіне өтіп, мүшелерді зарарлайды, бауырға еніп, оның торшаларын зақымдайды, кейде өлімге де ұшыратуы мүмкін. Құрсақ жылауығы көбінесе жасырын, созылмалы түрде өтеді, тұяқтылардың қан құрамы өзгереді.

6. АУРУДЫҢ ӨРБУІ

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Аурудың жіті түрінде, төл тынышсызданады, жем-шөпке қарамайды, ауызы сілекейленеді, іші өтеді, кейде дене қызуы көтеріледі. Бірақ, көптеген ішқұрт аурулары секілді, жылауықтың да клиникалық белгілері байқалмайды.

Н. П. Поповтың айтуы бойынша цистицеркоз кезінде ең көп зақым келтіретіні, бұл механикалық зақымдану мен интоксикация екен.

П. С. Иванова, Д. С. Шепелев, П. В. Ульянов, Д. С. Гринберг және В. А. Шелапугинам 1950 жылы Ивановкий ауданындағы шаруашылықта 2-3 айлық қозылардың 77% тениуколды цистицеркоз әсерінен өлгенін жазды. Ол кезде қозыларды 2-3 күн бойы сілекейлерінің көп бөлінгендігін, іш өтуі мен азықтан бас тарту сияқты, сонымен қатар дене температурасының жоғарылауын да баяндаған болатын.

Кейінірек 1949 жылы Н. В. Демидов пен Н. В. Орлова 4 апталық және 1, 5 айлық торайлардың цистицеркозбен зақымданған кезде олардың дене температураларының 41, 20С жететінін, демалысының жиілейтінін, іштерінің кеуіп, іш қуыстарын пальпациялаған кезде ауырсынулар сезілетінін анықтады. Сонымен қатар месқарынның тимпаниясы мен несептің көп көлемде бөлінетінін ашып айтты.

7. СЫРТ БЕЛГІЛЕРІ

Slide 14

Тениуколды цистицеркозды балау мақсатында П. А. Селиверстов аллерггиялық реакцияларды зерттеді. Ол 6 түрлі аллергенді қолданды.

А. З. Ефимов болса торайларда болатын тениуколды цистицеркозда эритроцит мөлшері 4, 4 млн-ға дейін төмендейтін, сонымен қатар Сали тәжірибесін жүргізу арқылы гемоглобин мөлшерінің 38%-ға дейін төмендейтін анықтады.

8. БАЛАУ

Slide 15

9. ТІРІ КЕЗДЕГІ БАЛАУ

Малдың тірі кезінде қыл мойынды финнозды анықтау үшін иммунобиологиялық зерттеулер өткізу ұсынылады, бірақ бұл әдістер шаруашылықтарда қолданылмайды.

Slide 16

Өлген малды сойып тексергенде ғана еттің талшықтары арасынан көрінеді. Олар сұрғылт ақ түсті дөңгелек немесе сопақша келген тұнық жылауық, көлемі түйреуіштің басынан бұршақтың мөлшеріндей. Паразиттің сырты жұқа қабықпен қапталғанымен, оның ішіндегі паразит көрініп тұрады. Жылауықтың құйрық жағында тоқтап тұрған мөлдір сұйықта парзиттің басы мен мойны ішке қарай қайтарылып жатады.

Өлген жануардың бауырын тіліп, арасынан үзындығы 3-6 мм-дей паразиттерді табу арқылы диагноз қоюға болады. Оны үлкейткіш әйнек -лупамен қарап табады. Құрсақ қуысындағы ішкі ағзалардан жылауық іздестіріледі.


Ұқсас жұмыстар
«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»
Шартты патогенді микроорганизмдер тудыратын токсикоинфекциялар
Улану кезінде және химиялық препараттармен өңдеу кезінде ұша мен ағзаларды ветеринариялық - санитариялық сараптау
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялықсанитариялық-токсикологиялық бағалау
«Ірі қара қарасаны кезінде сойыс өнімін ВСС және санитарлық бағалау»
Ет және ет өнімдерін соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау
Антибиотиктермен емделген немесе аурудың алдын алу үшін берілген жануарлар Антибиотикті қолдану ережесінде көрсетілген уақыт өткенше
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Саз құндыздың жұқпайтын ауруларындағы ветеринариялық­ санитариялық сараптау
Адам және жануарлар ауыратын жқпайтын аурулар кезінде жануарларды, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz