ҚАРАСАН
Презентация қосу
«ЭПИЗООТОЛОГИЯ, ПАРАЗИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВСС» КАФЕДРАСЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАРАСАН»
ОРЫНДАҒАН: ТОП СТУДЕНТІ
ТЕКСЕРГЕН: АҒА ОҚЫТУШЫ
ОРАЛ, 2018
Қарасан /Gangrena
emphysematosa,эмфизематозный карбункул/-
жіті өтетін,жұғымтал емес,бұлшық
еттерінің басып көргенде сықырлайтын
қабынуы арқылы ерекшелентін жұқпалы
ауру.
Қоздырушысы-Clostridium chauvoei-
түзу,аздап иілген таяқша, ұзынығы 2-8 мкм.
Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара
немесе қосарланып
орналасады,қозғалады,жаңа өсіндіде
грамоң,ескірген кезде грамтеріс
боялады.Өлексе мен сыртқы ортада
микробтың ортасына,болмаса шеткерірек
орналасқан,оның диаметрінен үлкен спора
түзеді,қауашақ түзбейді.Қоздырушысы
табиғатта кең
тараған,топырақта,көңде,түбі лай су
қоймаларында кездеседі.Дені сау сиыр, қой,
жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің
ішіндегісінен бөліп алуға болады.
Індеттік ерекшеліктері. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас
аралығындағы сиыр малы,сирегірек қой,ешкі,бұлан мен бұғы
ауырады.Жас төл колостральдік иммуниеттің,ал сақа мал
иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді.Негізінен
қоңды,бұлшық еттерінде гликоген мол жас жануарлар ауырады.Түйе
мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады.Зертханалық жануарлардың
ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал.
Инфекция қоздырушысының бастауы-ауырған жануарлар, ал таралу
факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған
топырақ, жемшөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері
жатады.
Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады.
Қоздырушының денеге бойлауына ауыздың кілегей қабығының бүлінуі,
ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай
жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы, қырыққа кезде жұғады.
Дерттенуі. Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб
қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті
мүшелерге тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз,зақымданған
жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен
агрессиндер бөлінеді.Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары
зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады.Бұның
нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде
сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның
өнімдері қанға өтіп, бүкіл организмді улайды. Бұдан барып бененің
ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе бауырдың
қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.
ДАУАЛАУ ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ. АУРУДЫ
БОЛДЫРМАУ ҮШІН МАЛДЫ БАЛШЫҚТЫ,АҒЫНСЫЗ СУ
КӨЗДЕРІНЕН СУАРУҒА,САЗДЫ ЖАЙЫЛЫМДАРҒА
ЖАЮҒА,ТОПЫРАҚПЕН БЫЛҒАНҒАН ЖЕМШӨП БЕРУГЕ
БОЛМАЙДЫ. ФЕРМА МЕН ЖАЙЫЛЫМ
ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНА ҮНЕМІ БАҚЫЛАУ ЖАСАП,ЖАНУАРЛАРДЫ
ЖАРАҚАТТАНУДАН САҚТАУ КЕРЕК.
САУ ЕМЕС ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА СИЫР МАЛЫН 3
АЙДАН 4 ЖСҚА ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТА, ҚОЙДЫ 6 АЙДАН
ЖОҒАРЫ ЖАСТА ЕГУ ҚАЖЕТ.ӘДЕТТЕ ЖАЙЫЛЫМҒА
ШЫҒАР АЛДЫНДА ЕГЕДІ. ЕГЕР ЖАЙЫЛЫМ МАУСЫМЫ
ҰЗАҚБОЛСА 6 АЙДАН СОҢ ҚАЙТАЛАП ЕГЕДІ.ҚАРАСАН
ЖИІ БАЙҚАЛАТЫН ЖЕРДЕ БҰЗАУЛАРДЫ 2 РЕТ 3 ЖӘНЕ 6
АЙЛЫҒЫНДА ЕГЕДІ.
Қарасан шыққан шаруашылыққа карантин қойылады.Ауруғу бейім
жануарларды,ауырған мал жанасқан жемшөпті басқа шаруашылыққа
әкетуге тыйым салынады. Ауырған және күдікті малдарды оқшаулап,
емдейді. Қалғандарын түелдей вакцинамен егеді. Ауырған малды лажсыз
союға,еті мен сүтін пайдалануға болмайды. Өлексені терісімен бірге, көң
мен жемшөптің қалдығын жағып, өртейді. Қора-жай мен мал тұратын
ауланы механикалық тазалаудан кейін дезинфекциялайды. Ағымдағы
дезинфекцияны әрбір ауру мал бөлінгеннен кейін 3 қайтара сағат сайын
жүргізеді. Оқшаухана күн сайын күйдіргіш натрий, 5% белсенді хлоры
бар хлорлы әкпен жасалынады. Садыраны 200 литріне 1 кг хорлы әк
қосып зарарсыздандырады.
Ауру мал жанасқан жемшөпті жылқыға немесе қарасанға егілген
сиырларға еккеннен кейін 16 күн өткен соң беруге болады.
Карантин соңғы ур мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін 14 күн
өткен соң қортынды дезинфекциядан кейін алынады.
Қасапханада қарасан байқалған жағдайда ұшаны барлық ағзалары
мен терісін қоса утиль зауытына жібереді немесе
өртейді.Қасапхананы,құрал-жабдықтарды дезинфекциялайды.
Ірі қара мал мен қойдың
қарасанына қарсы вакцина
Қолданылуы
Вакцина қарасаннан таза
емес шаруашылықтарда
аурудың алдын алу үшін ірі қара
мал мен қойларды иммундеуге
арналған.
Сипаттамасы
Вакцина формалинмен өлтіріп алюминий гидра тотығымен
тұндырылған қарасан қоздырғышының қойытылған өсіні. Вакцина
құты түбінде борпылдақ тұнба түзетін, сілкілегенде оңай бұзылатын
біркелкі сұйық зат. Препараттық тұнбадан жоғары бөлігі сары түсті,
ал тұнба ақшыл – cарғыш түсті келеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz