ГОНКОНГ



“ГОНКОНГ”
Презентация тақырыбы:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Пәні: Ветеринарлық менеджмент
Орындаған : ВС-41 топ студенті Тексерген: доцент ХБ. М.

ЖОСПАР
1. Гонконгтың тарихы
2. Халқы
3. Экономикасы
4. Басқару билігі
5. Қазақстанмен өзара байланысы

ГОНКОНГТЫҢ ТАРИХЫ
Гонконг (немесе Сянган) - Қытайдың арнайы административтік ауданы. Гонконг батысын, оңтүстігін жəне шығысын Оңт. Қытай теңізі шайып жатқан Коулун аралында орналасқан. Солтүстікте Гуандун қытай провинциясының құрамындағы Шэньчжень экономикалық зонасымен шекаралас.

1860 жылы Екінші Опиум соғысында Қытайдың (Цин Империясы) жеңілісінен кейін Пекин келісім шартына сəйкес Коулун түбегінің аумағы жəне Камнерезов аралдары Ұлыбританияның мəңгілік иелігіне өтті. 1898 жылы Ұлыбритания Қытайдан Коулун түбегінің солтүстігіндегі іргелес аумағын жəне Ланьтау аралын 99 жылға жалға алып, «Жаңа аумақтар» деген атауға ие болды.
1997 жылы Гонконг аймағы ресми түрде ҚХР-ға қайтарылды.

ХАЛҚЫ


ЭКОНОМИКАСЫ
Аумақтың экономикасы еркін нарыққа, төмен салық салуға жəне экономикаға мемлекеттің араласпауына негізделген. Гонконг еркін порт болып табылады жəне импортқа кедендік алымдарды алмайды, онда қосымша құн салығы жоқ. Акциздер импорттық немесе жергілікті өндірілуіне қарамастан тауардың тек төрт түрінен алынады. Бұлар - спирттік ішімдіктер, темекі, минералды майлар жəне метил спирті. Гонконг - халықаралық қаржы мен сауданың маңызды орталығы. Жалпы ішкі өнім жəне жалпы қалалық өнімнің көрсеткіштері бойынша Гонконг ҚХР-дағы ең бай қала болып табылады.

Гонконгтың салық салу жүйесі 1947 жылы қабылданған британдық салық саясаты негізінде ағылшын үлгісі бойынша қалыптасты. Гонконгта компанияларды резиденттік жəне резиденттік емес деп бөлу жоқ, оның орнына аумақтық салық салу қағидаты қабылданған. Гонконгта шетелден алынатын немесе шетелге жібірілетін роялти, пайыздар, девидендтер, капитал өсімі үшін салықтар жоқ.

Гонконг валютасы гонконг доллары болып табылады. 1983 жылдан бастап ол АҚШ долларына байланған (1$=7. 75-7. 85HK$) . Гонконг қор биржасы - əлемдегі көлемі бойынша 7-ші орынға ие, 2007 жылдың ақпан айында оның капитализациясы 1, 69 млрд АҚШ долларын құрады. Əлем бойынша Гонконг үшінші, Азия бойынша бірінші үздік қаржы орталығы болып табылады.

Қазіргі таңда Гонконгтың жалпы ішкі өнімінің 90%-дан астамын қызмет көрсету саласы құрайды. 1990 жылдары Гонконг қаржы орталығы болып танылды, экономикалық өсім 2, 7%-ға баяулады. Экономиканың қарқынды өсуі мен жылдам индустрияландырудың арқасында Гонконг Сингапур, Оңтүстік Корея жəне Тайваньмен бірге «Азия жолбарыстарының» алғашқы төрттігіне енді.

БАСҚАРУ БИЛІГІ
Гонконгтың Конституциясының рөлін атқаратын Негізгі Заңға сəйкес жергілікті билік қорғаныс пен сыртқы саясаттан басқа сұрақтар мен мəселелерге араласпайды. Гонконг бодандықта болғанда губернаторды Ұлыбритания Патшайымы тағайындайтын еді. Бұл аумақты Қытайға қайтарғаннан соң оны Гонконг Администрациясының Бас министрі басқарады. Оны 800 адамнан тұратын Сайлау Комитеті сайлайды. Қалған атқарушы билік өкілдерін Бас министрдің өзі немесе сайлаушылар таңдайды.

ҚАЗАҚСТАНМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
2012 жылғы 9 мамырдағы Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдігі мен Гонконг қауіпсіздік хатшысы қол қойған құжатқа сәйкес 2012 жылдың 26 шілдеден бастап қазақ азаматтары Гонконгта, және керісінше, Гонконг азаматтары Қазақстанда 14 күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл құжат екі жақтан да қажетті ішкі процедураларды бітіргеннен күшіне енеді. Одан бөлек 2012 жыл басында екі жақпен тікелей әуежолын ашу жайлы келісімшарты орын алды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz