ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ



Тақырыбы: «ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасы
Пәні: Ветеринарлық-санитарлық паразитология
Орындаған: топ студенті
Тексерген: в. ғ. д.,
Орал, 2018

ЖОСПАР
Оксиуратоздар. Жылқы оксиурозы
Үй қояндары пассалурозы
Тауық гетеракидозы

ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ
Жылқы оксиурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың Oxyuris equi қоздырушысымен шақырылатын, жануарлардың үлкен бүйен ішегінде паразиттейтін жұмыр құрттар тудыратын ішқұрт ауруы. Асқорыту жолының қызметі бұзылуымен және құйрық манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан басқа оксиурозбен тағы біртұяқтылар - есектер, зебралар ауырады. Оксиуроз бүкіл жерде кездеседі.

ЖІКТЕЛУІ:
Топтама үсті: Scolecida
Топтамасы: Nemathelminthes
Тек тармағы: Nematoda
Тобы: Ascaridida
Топ асты: Oxyurata
Тұқымдасы: Oxyuridae
Туысы: Oxyuris
Түрі: O. equi

Аналықтын ұзындығы - 18 мм дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа, құйрығы жінішке, ұзын, вульва дененің алдыңғы жағында орналасқан. Жұмыртқалардың мөлшері 0, 085-0, 099 х 0, 040-0, 045 мм, түссіз, жартылай мөлдір, асимметриялы, полюстің бір шетінде - «тығын» сияқты болады. Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады.
ҚОЗДЫРҒЫШЫ.
Ауыз қуысы алты бұрышты, қысқа ауыз капсуласына (кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өңештің артқы жағында бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6-15 мм. Құйрығы жалпақ, бір жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ.

ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДАМУ АЙНАЛЫМЫ.
Дамуы аралық иесіз өтеді. Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар түзіледі. Жатыры жұмыртқаларға толы аналықтар жылқының нәжісімен бірге тік ішектің сыртына, сыртқы ортаға шығып, жартысы жұмыртқаларын айналаға шашады, ал жартысы құйрық астының кілегей қабаты қыртыстарында жабысып қалады. Перианальді қыртыстар арасында жұмыртқаларын салады. Жұмыртқаларын салып болғасын аналықтар өліп қалады. 2-3 күн өткесін олардың ішінде дернәсілдер дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің үстіндегі аналықтары 1-2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды. Жылқылар оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады. Ішекке түскең жұмыртқалардан дернәсілдер шығады, 3-4 апта өткесін толық жынысты паразиттерге, ересек құрттарға айналады.


ӨЛЕКСЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР әлі толық зерттелмеген. Оксиурозға шалдыққан жылқының тоқ ішігінен, бүйенінен көптеген оксиурис ішқұрттары табылады. Бүйен және тік ішек қанталап, қабынған, кей жерлерінде уытты жаралар кездеседі.
СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІ.
Арықтау байқалады. Қатты қышыма салдарынан малдар мазасызданады, қабырғаға, қоршау сырғауылына және басқа да қатты заттарға артқы жағымен жиі қасынады, соның салдарынан құйрық түбінің қылдары түсіп қалады, құйрығының түбінің жүні үрпиеді, терісі жарылып, экзема, дерматит пайда болады.

БАЛАУ.
Гельминтозды балау үшін, алдымен эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтап, малдың артқы тесігі маңынан және құйрық түбінен қырынды алады, оны микроскоппен зерттеп, оксиурис ішқұртының бисимметриялы жұмыртқаларын табады.
Гельминтозға диагноз қойғанда, хориоптозбен шатастырмау керек. Олардың сыртқы клиникалық белгілері ұқсас болғанымен, тері қырындысынан хориоптес кенелерін немесе құрт жұмыртқаларын тауып, ауруды ажыратады.


АЛДЫН-АЛУ, САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ.
Таза емес шаруашылықта барлық жылқыларға 3-4 рет, 1-1, 5 ай сайын дегельминтизация жасайды, ол үшін пиперазин қолданады. Ауру жылқыларды бөледі және емдейді. Жұмыртқаларды таратуына тиым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқылы ерітіндісінде суланған тампонмен сүртеді. Әрбір 6 апта сайын дерт шыққан қорадағы жылқыны түгелдей гельминтоовоскопия әдісімен (артқы тесік маңайынан қырынды алу) зерттеп отыру керек. Қора ішін, күрек, айыр, сыпырғыш, аттарақ және т. б. жақсылап тазартып, ыстық сумен зарарсыздандырады.

ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ
Үй қояндары пассалурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың Passalurus ambiguus қоздырушысымен туғызылған ауру, үйдегі және жабайы қояндардың соқыр және жуан ішекте мекеңдейтін нематодалар. Инвазия барлық жерде таралған. Осы гельминтозға таза емес шаруашылықтарда үй қояндарының 40-90%-ға дейін ауруға шалдығады, бір үй қоянында инвазияның интенсивтігі 10 мыңға дейін жетеді.

ЖІКТЕЛУІ:
Топтама үсті: Scolecida
Топтамасы: Nemathelminthes
Тек тармағы: Nematoda
Тобы: Ascaridida
Топ асты: Oxyurata
Тұқымдасы: Oxyuridae
Туысы: Passalurus
Түрі: P. ambiguus

ҚОЗДЫРҒЫШЫ.
Нематодалардың пішіні ұршық тәрізді. Кішкентай ауыз қуысының түбінде үш тісі орналасқан. Өңештің бульбусы шар тәрізді. Аталықтың ұзындығы 3, 8-5, 0 мм, құйрығы біз сияқты, спикуласы біреу. Аналықтың ұзындығы 7, 75-11, 0 мм, құйрығы жінішке. Вульва дененің алдынғы жағында ашылады. Жұмыртқалары ұсақ, асимметриялы, бір жақ шетінде тығыны болады.

ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДАМУ АЙНАЛЫМЫ.
Passalurus ambiguus-тың даму айналымы оксиуридтік түрімен өтеді. Аналықтар шағылысқаннан кейін жұмыртқалар нәжіспен бірге жерге, төсенішке, құйрық аумағының жүн үстіне түседі. Жұмыртқаларын салғаннан кейін аналықтар тез өліп қалады. Инвазиялық сатысына дейін жұмыртқалар 24-48 сағаттан кейін жетеді. Жұмыртқалардың дамуы перианальді жиырмаларында өтеді. Қояндар инвазиялық жұмыртқаларды сумен немесе азықпен жұтып зақымдалады; ішекте жұмыртқалардан дернәсілдер шығып, 11-15 күн өткесін толық паразиттерге дамиды. Пассалурустардың қоян ішегіндегі өмір сүру ұзақтығы 60-70 күн.


СЫРТҚЫ БЕЛГIЛЕРІ сипатсыз. Құйрық аумағында тырнап тастаған жерлер, қызарулар байқалады. Ауру қояндар мазасыз болады, қышыма білінеді, қабырғаларға, үйшіктеріне құйрығын қасиды.
ӨЛЕКСЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР.
Тоқ ішек іші сұйық нәжіске толы. Кілегей қабығы ісінген, нүктелі және жолақтанып қанталаған. Кейде уытты жаралар кездеседі. Тоқ ішек ішіндегі ішқұрт саны бірнеше жүз, ал кейде мыңдап та саналады.

БАЛАУ.
Ауруды балау үшін артқы тесік маңынан шырпымен немесе шыны әйнекпен қырынды алып, микроскоппен зерттеп, құрт жұмыртқаларын табу арқылы, диагноз қойылады. Қырынды жағындысынан ішқұрттың бисимметриялы, сұр түсті жұмыртқалары табылуы керек. Сондай-ақ, тік ішекті ректалдық әдіспен тексеріп, ішқұрттың өзін табу арқылы да анықтауға болады.

ЕМІ.

АЛДЫН - АЛУ, САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ.
Күн сайын кертені, суқүйғышты, клетканы жақсылап тазартады немесе ыстық сумен қүйдіреді. Қояндарға пиперазинді қолданып химиопрофилактика өткізеді. Осы мақсатпен аналарынан айырған көжектерге күн сайын 43-50 күн бойы, дозасы 0, 1-0, 15 г/кг пиперазин адипинатты, топтық әдіспен береді. Нәжісті күн сайын жинап, қояндар тұратын орынды, астау, науаларды тазалау керек, оларға қатты ыстықпен дезинвазия жасайды. Көжектерге пиперазин-адипинаты 0, 1-0, 15 г/кг мөлшерде қандайда бір азықпен араластырып, күн сайын еркін азықтандыру арқылы (50 күн бойы) енесінен айырғаннан кейін химиопрофилактика өткізеді.

ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ
Тауық гетеракидозы - құстардың H. gallinarum дейтін жұмыр құрт тудыратын, ішін өткізіп, әлсірететін, жұмыртқа салуын доғаратын немесе сирететін ішқұрт ауруы. Бұл паразит тауық пен куркетауықтан басқа мысыр тауығында, қырғауылда, сирек жағдайда үйрек пен қазда да кездеседі.

ЖІКТЕЛУІ:
Топтама үсті: Scolecida
Топтамасы: Nemathelminthes
Тек тармағы: Nematoda
Тобы: Ascaridida
Топ асты: Oxyurata
Тұқымдасы: Heterakidae
Туысы: Heterakis
Түрі: H. gallinarum

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz