Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасы

Презентация
Тақырыбы: «Балық өнімдерін балықтардың
бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және
санитариялық бағалау»

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2018
МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ
2. Балық ауруларына жалпы сипаттама
3. Балықтардың бактериалдық аурулары
4. Балықтардың бактериалдық ауруларын алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру
5. Балық және балық өнімдерін ветеринарлық-
санитарлық сараптау және сапасын санитарлық
бағалау
6. ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Адам өмірінде балық және балық өнімдерінің тағамдық
маңызы өте зор. Себебі балық еті өзінің құндылығы
жағынан сүт қоректілер етінен кеш емес, кей жағдайларда
басым түседі. Балық еті мал етінен қарағанда сіңімді,
жеңіл, асқазанда тез қортылғыш. Қазақстан үшін
балықты кәсіптік аулауда Каспий теңізінің маңызы зор.
Бұл теңізде шортан, сазан, майшабақ және т.б. балықтар
бар. Каспий теңізі бекіре тұқымдасына бай. Онда ол ТМД
елдерінің барлық бекіре тәрізділерінің 70%-н астамы
ауланады. Каспий теңізінің балықтардың 97 түрі бар.
Соның ішінде тұқы тәрізділер майшабақ, көксерке, сазан
және т.б. каспийдің ең маңызды кәсіби ауланатын
балықтары болып; құртпа, бекіре, Каспий арқан балығы,
көксерке, сазан және т.б. табылады.
БАЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА
Балықтардың ауруларының классификациясы этиологиялық негізіне яғни
аурудың пайда болу себептеріне байланысты. Балықтардың аурулары
екі топқа бөлінеді. Жұқпалы және жұқпалы емес.
Жұқпалы ауруларды вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және
паразиттік тіршілік ететін жануарлар қоздырады.
Жұқпалы емес аурулардың қоздырғышы болмайды, ол сыртқы ортаның күрт
өзгеруі нәтижесінде (судың температурасының өзгеруі, оттегінің аз немесе
көп мөлшері, токсикалық улы) заттарымен судың ластануы және т.б., дұрыс емес
қоректенудегі зат алмасудлың бұзылуы, авитаминоз, травмалардың және т.б.
әсерінен болады.
Жұқпалы аурулар инфекциялық және инвазиялық немесе паразитарлық болады.
БАЛЫҚТАРДЫҢ БАКТЕРИАЛДЫҚ
АУРУЛАРЫ
АЭРОМОНОЗ (геморрагиялық септицемия, шемен,
қызамық) - балықтың терісі мен ішкі мүшелерінің қанталап
қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылып, құрсақ
қуысына сұйықтар жиналып, кейде денесінде ойық
жарақаттар пайда болуымен сипатталатын ауру.
Қоздырушысы – Aeromonas, оның ішінде Vibrionaceае
тұқымына жататын бактерия – ол қысқаша, соңы жұмырлау
келген спор мен қауашақ түзбейтін, грамтеріс қозғалмалы
таяқша.
Эпизоотологиясы. Тұқы балық, сазан және бір жастан
бастап аталықтарына дейін олардың будандары ауруға
шалдыққыш келеді. Ауру балықтар, олардан бөлінетін
өнімдер және өлекселер, сондай-ақ микроб тасушы
балықтар індет қоздырғышының көзі болып табылады. Су
айдындарына індет қоздырғышы сумен, ауру балықпен,
суда жүзетін және балықпен қоректенетін құстар арқылы,
сонымен қатар балық аулайтын құрал-саймандар,
жабдықтар және ыдыстармен беріледі. Балық ауруды
зақымданған тері мен желбезек арқылы, сонымен қатар
алиментарлық (ауыз арқылы) жолмен жұқтырады. Көктем-
жаз мезгілдерінде індет көбірек таралып, күзге қарай ол
басылып және ауру созылмалы ағын түрін қабылдайды.
АЛБЫРТТЫҢ ОБАСЫ – бактериялық ауру. Оған
шалдыққан балықтың терісі мен жүзгіш
қанаттарының аралығы өлі етке айналады.
Ауру қоздырғышы – бактериум сальмонис пестис –
жұмыр, келте таяқша сияқты. Микроскоппен
қарағанда олар жылжып қозғалады, спораланбайды.
Грам бойынша боялмайды. Бактерия 15-20ºС
жылылықта жақсы өсіп, жетіледі, бірақ 37ºС
шамасында өліп қалады. Желатинді сұйылтады,
сүтті ұйытады.
Эпизоотологиясы. Аурудың қоздырғышы албырт
балықтарын зақымдайды, балықтың басқа түрлеріне
жұқпайды. Ауруды негізінен осылай ауырған
балықтар мен олардың өлекселері таратады.
Аурудың белгілері. Балықтың терісі мен қан
тамырының аралығы өліетке айналып, еті
жалаңаштанып, түйнеме жара пайда болады. Бұл
ауруға дерматомикоз ауруы қосылады.
Диагнозы. Оның кликикалық белгілерін қарап
шығады және эпизотологиялық мәліметтерімен
танысады. Оған қоса бактереологиялық әдістерді
пайдалана отырып аурудың нақты түрін анықтайды.
Санитарлық баға. Ауру балықты және олардың
өлекселерін тиісті заводқа жібереді.
ВИБРИОЗ — бұл түрлі балық түрлері арасында
теңіздерде және тұзды су айдындарында кеңінен
таралған ауру.
Қоздырғышы — Vibrioanguillarum — мөлшері
1,5*0,5мкм бір бұраулы қозғалмалы бактерия.
Спора мен капсулалар түзбейді. 6-37 градуста
дамиды.
Эпизоотологиясы. Ауруға жыланбалық, форель,
нәлім, түйетабан, албырт, майшабақ және
басқалар бейім. Тұзды суларға кіретін тұщы суды
мекендейтін балықтардан — алабұға, торта,
шортан. Эпизоотия жылдың жылы мезгілінде 19-
20 градус температурада байқалады және бір
жастағы және одан жоғары жастағы балықтардың
жаппай ығысуына жалғасады. Инфекция көзі
ауру балықтар болып табылады. Аурудың
таралуына жоғары температура ықпал етеді.
Аурудың белгілері. Вибриоздың белгілері
(симптомдары): жүзбеқанаттардың қан
тамырларының бітелуі,дененің беткі қабатындағы
нүктелік қан құйылулар, бұлшықет ұлпасындағы
қан құйылу мен жаралар.
БАЛЫҚТАРДЫҢ БАКТЕРИАЛДЫҚ АУРУЛАРЫН АЛДЫН
АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ БОЙЫНША ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-
ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Тірі тауарлық балықтарды тірі балық ұстайтын орындарда ұстамай
тек бірден сауда орындарына шығаруға рұқсат етіледі. Қолайсыз
пункттардан балықтар тасыған суды хлорлап, содан кейін жалпы
канализацияға қосып, ауылдық жерлерде көлдерден 500 метрден алыс
жерлерге құяды. Ыдыстарды балықты тасығаннан кейін тиісті өңдеу
жүргізеді;
1) ауырған немесе ауру жұғуға күдікті балықтарды қолайлы
шарауашылықтардың тоғандарынан басқа тоғанға ауыстыруға;
2) бейім балықтардың әртүрлері мен әр жастағыларын суларда
араластырып орналастыруға;
3) балық өсіретін тоғандарға тыңайтқыш мақсатында көң төгуге;
4) балық өсіретін шаруашылық субъекттарға бөгде адамдардың
баруына;
5) балық өсіру мүліктерін, аулау құралдарын және басқа заттарды бір
балық шаруашылығы тоғанынан басқасына тасуға және тасымалдауға.
БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ САРАПТАУ
ЖӘНЕ САПАСЫН САНИТАРЛЫҚ БАҒАЛАУ
Ветеринариялық - санитариялық сараптауға тірі балықты, балық
өнімдерін және жартылай фабрикаттар жатады, олар тағам
өнімдерін және жануарлар азығын дайындау үшін қолданады. Оны
мемлекеттік ветеринариялық қадағалу органдары жүргізеді, балық
шаруашылығы, тоғандар, балық қабылдау пункттері, балық
өңдейтін орындар орналасқан зоналарды тексереді.
Ветеринариялық мекемелер балықты вет сан сараптаудан өткізеді,
олар санитарлы - эпидемиологиялық бақылау органдарымен
тығыз қатынаста болуы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, балық және балық
өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын
санитарлық бағалауды білдім.
Балықтардыңауруларының классификациясы этиологиялық
негізіне яғни аурудың пайда болу себептеріне байланысты.
Балықтардың аурулары екі топқа бөлінеді. Жұқпалы және
жұқпалы емес.
Аэромоноз, вибриоз, коринобактериоз, гемофилез, псевдомоноз,
туберкулез —бұл балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын
кәсіпорындарға үлкен экономикалық зиян келтіретін балықтардың
бактериялық ауруларының тізімі.Осы аурулардың «зұлымдығы» су
ортасы жағдайларында олармен күрес жүргізудің күрделілігінде.
Ветеринариялық мекемелер балықты вет сан сараптаудан өткізеді,
олар санитарлы - эпидемиологиялық бақылау органдарымен тығыз
қатынаста болуы тиіс.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Балықтың вирустық аурулары
«Балықтарды гельминтозооноздарға және басқа да инвазиялық ауруларға тексеріпзерттеу,ВСС және санитариялық сапасын бағалау»
Балық өнімдерін балықтың протозойлық ауруларымен байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Улану кезінде және химиялық препараттармен өңдеу кезінде ұша мен ағзаларды ветеринариялық - санитариялық сараптау
Малды өңдейтін кәсіпорындар мен оларға қойылатын ветеринарлықсанитарлық талаптар
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ пәні
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Пәндер