Органикалық және минералды тыңайтқыштар: сипаттамасы және қолдану қағидалары


Slide 1

Органикалық тыңайтқыштар

Slide 2 Slide 3

Органикалық тыңайтқыштар - жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай менЖапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 - 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т. б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т. б. жатады. Өнеркәсіпте мочевина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро- және микроэлементтер бар.

Slide 4

Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық қиын, т. б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне садыра және тауық қиын қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс және техникалық дақылдарды, күздік дақылдарды, т. б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді.

Slide 5

Азот тыңайтқышы. [өңдеу]

Құрамында қоректік элемент - азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот - тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді.

Slide 6

Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03, NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар - ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15-16% болады. Аммоний сульфатында (NH4) 2S04 21%-ке дейін коректік элемент - азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі- карбамид (мочевина) CO(NH2) 2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Фосфор тыңайтқыштары.

Фосфор - барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.

Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды

Slide 11

Фосфор

Суда еритін

Суда ерімейтін

Slide 12

Фосфор да азот сияқты протоплазманың маңызды бөлігін түзеді, тірі организм өсіп өнуіне қатынасатын түрлі органикалық заттардың құрамында болады, Тыңайтқыштардағы фосфор оның оксидінін (Р2О5) мөлшері арқылы өлшенеді.

Фосфорит ұны - майдаланған кальций фосфориті Са3(РО4) 2 ақ нс сұр түсті ұнтақ. Оның құрамында 16 - 35% Р2О5 бар. Өте арзан тыңайтқыш.

Фосфорит ұны суда нашар ериді. Сондықтан оны қышқылдағы жоғары топыраққа пайдаланған жөн.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар - қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады.

Калий тыңайтқышы

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Органикалық тыңайтқыштар: түрлері, химиялық құрамы және практикалық қолдану әдістері
Органикалық тыңайтқыштар: түрлері, химиялық құрамы (азот, фосфор, калий) және қолдану технологиясы
Минералды тыңайтқыштар өндірісі және азот тыңайтқыштарын (карбамид) өнеркәсіптік өндіру технологиясы
Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі: құрамы, түрлері және шикізат көздері
Өсімдіктердің тамыр аймақтары және минералды қоректену: элементтер, тыңайтқыштар және гидропоника
Минералды тыңайтқыштар: жіктелуі, өндірістік технологиясы, экологиялық әсері және Қазақстандағы өндірісі
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің қолданылуы: экологиялық және денсаулыққа әсері
Азоттық минералды тыңайтқыштар: түрлері, химиялық қасиеттері, қолданылуы және экологиялық әсерлері
Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар нарығы: өндіріс, экспорт-импорт және даму болашағы
Минералды тыңайтқыштар және көміртек: өсімдік қоректері мен өндірісі, аллотропиясы және химиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz