Инклюзивті білім беру: принциптері, мақсаттары және Қазақстандағы жүзеге асырылуы


Slide 1

Инклюзивті білім беру пәні, инклюзивті білім бері ерекшеліктері

Slide 2

« . . . мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»

«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Slide 4

Инклюзивті оқыту пәнін оқытудың мақсаттары:

мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.

жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;

арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Slide 5

Инклюзивтік білім беру -этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.

Slide 6 Slide 7

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың

13 желтоқсанында енгізілді.

Slide 8

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.

Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Slide 9

Инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

1

2

3

мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады

мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді

түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады

Slide 10

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері :

Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

1

2

3

5

Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Slide 11

Инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Олар:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Slide 12

Қорытынды:

Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.

Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инклюзивті білім беру: принциптері, түрлері және жүзеге асыру мүмкіндіктері
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы және құндылықтары
Инклюзивті білім беру: тұжырымдама, қағидалар және Қазақстандағы ұйымдастыру
Қазақстандағы инклюзивті білім берудің тарихы, мақсаттары және ұйымдастыру технологиялары
Эстетикалық тәрбие: мақсаттары, міндеттері және мектептегі жүзеге асырылуы
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шарттары
Қазақстандағы инклюзивті білім беру: қағидалар, құқықтық негіз және ұйымдастыру формалары
Инклюзивті білім беру: мақсаттары мен міндеттері, қағидалары, формалары және құқықтық-тарихи негіздері
Инклюзивті білім беру моделі: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы заңнамалық-ұйымдастырушылық аспектілер
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру: психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және арнайы білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz