Тұлғаның функционалды сауаттылығы




Презентация қосу
Тұлғаның функционалды
сауаттылығы

ХК-61
Токтабаева Зарина
Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына
үйрету.
Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:
белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын
тұруы болып табылады.
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
РISA халықаралық зерттеуі 15 жасар оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы
(Programmer for International Student Assessment – РІSА) .

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық
сауаттылықтың үш саласы бағаланады:
Оқудағы сауаттылық;
Математикалық;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.

2009 жылы – PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша
оқушыларымыз 65 елдің арасында 58-ші орынға ие
болған. Ал 2012 жылы – 49-шы орынды иемденген.
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының
бірі.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту,
ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру,
еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте
оқытылатын білім мен іскерліктер жүйесі.
Білім мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық,
ғылыми жетістіктер әсер етеді.
И.Я.Лернердің
анықтамасы бойынша
"білімнің мазмұны
дегеніміз - оқушыға
берілетін білім, іскерлік
және дағды жүйесі,
шығармашылық іс-
әрекет, әмоциялық
қарым-қатынас
тәжірибесі".
Дидактика педагогика ғылымының дербес бір саласы
болып табылады.

Дидактиканың зерттейтін пәні - білім беру мен
оқытудың теориясы мен практикасы. Басқаша
айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту процесінің
заңдылықтары мен ережелерін, мазмұны мен
формасын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оның негізгі
мақсаты - нені оқыту керек және қалай оқыту керек
деген сұрақтарға жауап беру.
Оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің
құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен
бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін
және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай
жасалады.
Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа
бөлінеді:
1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік),
2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік)
3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пәндер
(мектептік (ЖОО) бірлік).
Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім
мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін
және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат.
Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін
оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу
материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен
ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері
көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту
жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы
анықталады.
Мемлекеттік білім беру стандарты маңызды
мемлекеттік құжат болып есептеледі. Онда оқушылар
меңгеруге тиіс білімнің міндетті деңгейі көрсетіледі.

Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш
бөліктен құралады:
Мемлекеттік
ұлттық – аймақтық
мектептік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым
министрлігіне білім беру мазмұнын жаңартуды
тапсырған болатын. Соған байланысты жаңа оқу
жылынан бастап еліміздегі барлық мектептердің 1-сынып
оқушылары жаңа жүйе бойынша білім алады. Сөйтіп,
2020 жылға қарай кезең-кезеңмен барлық сыныптар бес
күндік оқу аптасына көшетін болады. Сондай-ақ, 12
жылдық оқу бағдарламасы енгізіледі.

Ұқсас жұмыстар
Оқу сауаттылығы сауаттылық сауаттылығы
Жастар арасында экологиялық тәрбие беруге мүмкіндік алу
Педагогикалық шеберлікте
Ақпаратты қабылдаушы Ақпаратты беруші
Оқылым мәтіні
Қазіргі таңдағы оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы
Абай өлеңі
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі
Тү йіндеме
Физика сабағында ақпараттық -коммуникативтік технологияны қолдану негізінде оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту
Пәндер