Қаннын құрамы мен қызметі
Презентация қосу
Қаннын құрамы
мен қызметі
Сабақтын мақсаты
• Барлығы үшін. Қанның құрамы мен қызметі туралы
білу;
• Оқушылардың көпшілігі үшін. Қан
түйіршіктерінің құрылысы мен құрамын анықтау;
• Кейбір оқушылар үшін. Қанның қызметін талдай
отырып, түрлерін талдау
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы
ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының
тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін
атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына
қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік
әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне
тасымалдайды.
Қанның қызметі:
• адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір
жасушасын бірімен-бірін өзара
байланыстырады;
• оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп,
көмірқышқыл газынан тазарта-ды;
• қорек заттарды асқорыту мүшелерінен
ұлпаларға жеткізеді;
• ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке
және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
• дене температурасының тұрақтылығын
сақтайды;
• ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
• ішкі секреция бездерінен бөлінетін
гормондарды тасымалдайды;
• жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін
реттейді;
• қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта
алады).
Қаннын қызметі
Тасымалдау Қорғаныш
Гуморальдық
Қанның құрамы.
Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын
қанның мөлшері адамның дене салмағына
байланысты 4,5-5 л.
Қанның құрамы.
Қан сарысуы – 55 Қан жасушалары – 45
Қан сарысуының құрамы мен атқаратын қызметі:
Су – 90% - жылудың реттелуі, еріген заттарды тасымалдау.
Нәруыз - 7-8% - қан ұйыту.
Глюкоза - 0,12% - жасушалар энергиясының көзі.
Тұздар - 0,9% - осмостық қысымды бірқалыпты ұстау.
Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау
түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып
тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді.
Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты
плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан
жасушалары.
Плазмадағы нәруыздар 3 топқа бөлінеді:
Альбуминдер (4,5%);
Глобулиндер (1,7-3,5 %) ;
Фибриногендер (0.4).
Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.
Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан
сарысуы сарысу деп аталады .
Қан жасушалары — адам мен жануарлар
организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер
атқаратын қанның құрамындағы жасушалар.
Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның
қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның
түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан
пластинкалары) жатады.
Эритроциттер - қанның қызыл түсті ядросыз
жасушалары.
• Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы
табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған
тиынға ұқсайды.
• Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан
сұйықтығының ағынымен жылжиды .
• Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм,
қалыңдығы 1-2 мкм.
Гемоглобин – адамның, омыртқалы және кейбір
омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл
пигменті.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға,ал
көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне
тасымалдайды.
• Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда
болады. Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы
нормасы әйелдерде 120-150г/л, ер адамдарда
130-160 г/л. Егер гемоглобин мөлшері шектен
тыс көп болса,қан қоюланып жүрек қан тамыр
ауруына шалдығады.
• Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен,
4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.
Лейкоциттер – ядросы бар және белсенді амёба
тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар.
Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа
түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда
түзіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік.
Түйіршіксіз лейкоциттер:
1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін
лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен
ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері
болмайды, баяу қозғалады.
2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының
ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының
пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз.
Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез
қармап асады.
Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%,
моноциттер 5-10% болады.
Есеп шығару: Әр оқушы өз салмағы (кг) бойынша
өз ағзасында неше литр қан болатынын анықтау.
Қанның мөлшеріне дене салмағының 7%на сай
келеді. Және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см3
тең деп есептеу қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz