Селекциялық жетістіктердің құқықтық қорғалуы
Презентация қосу
Селекциялық
жетістіктердің
құқықтық
қорғалуы
1
Селекция - жануарлардың асыл
тұқымын,өсімдіктердің
сорттарын,
микроорганизмдердің
штаммаларын
шығарудың,жаңартудың
әдістерін және биологиялық
негізін зерттейтін ғылым.
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының (1999
жылғы 13 шілдедегі N 422) 2-бабының 13) тармақшасына сәйкес,
селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң
нәтижесi болып табылатын өсiмдiктiң патент берiлген жаңа сорты,
жануарлардың жаңа тұқымы б.т.
Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, селекциялық
жетістіктің жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектiлiгi және
тұрақтылығы болуы тиіс.
Негізі селекциялық жетістіктерге құқықтық қорғау беру еліміз
тәуелсіздік алғаннан бері жүзеге асырыла бастады. Бұрынғы Совет
заманында селекциялық жетістіктерге тек ведомстволық акт
негізінде сыйақы төленіп, әрі қарай жасалған селекциялық
жетістік мемлекет меншігіне өтетін.
Қазіргі нарықтық жағдайда селекциялық
жетістікке толыққанды патент беріліп, соның
нәтижесінде құқық иеленуші айрықша құқыққа ие
болады.
Адамның ой еңбегінің нәтижесінде жасап
шығарылған өсімдіктер сорттары мен жануарлар
тұқымдарына жаңалығы, ерекшелiгi, бiртектiлiгi
және тұрақтылығына сараптама жасау арқылы, осы
тексеру критерийлері оң нәтиже беретін болса,
патент беріледі.
Сараптаманың
бірінші сатысы -
алдын ала сараптама
Патент беруді ҚР ӘМ «Ұлттық
зияткерлік зияткерлік меншік
меншік Патент екі институты» РМК-да
саласында сатыда Екінші сатысы -
мәні бойынша
уәкілетті орган жүргізілетін сараптама,
болып сараптама агроөнеркәсіптік
саналатын ҚР- нәтижесінде кешен саласындағы
ның Әділет беріледі. уәкілетті орган
министрлігі саналатын, ҚР-ның
Ауыл
жүзеге асырады. шаруашылығы
министрлігінің
мемлекеттік
комиссияларында
жүргізіледі.
Ең алғашқы №1 патент ірі қара малдың Әулиекөл тұқымына берілді
«Әуликөл» сиыры батыс
Еуропалық «Абердин-антус» және
«Шароле» сиырларының
тұқымдарымен қазақтың ақбас
сиырының тұқымын сатылап
будандастыру жолымен алынған.
Бұл тұқымның қасиеттері
Әр түрлі табиғат
Ауа-райының
Тез жетілгіш жағдайына
өзгеруіне көнбіс
бейімделгіш
Салмақ тез
Жүні қалың Етті
қосады
№2 патент Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымына берілді.
Қылшық жүнді құйрықты қойлардан ақшыл түсті жүн беретін етті қойлар тез
жетіледі. Қой тұқымы етінің дәмділігімен, жүнінің сапалылығымен
ерекшеленеді.
№3 патент Еділбай қойының Бірлік
тұқымішілік типіне берілді.
Бұл қойлар сапалы етімен, майлы құйрықтылығымен қатар
ыстыққа төзімді, суыққа төтеп беретін, тіпті шөбі аз, қуаңқы
жайылымдардың өзінде қоңды болып келетін, жүнді де мол беретін,
тез өсіп, жетілетін қойдың айрықша тұқымы болып есептеледі.
Алыс-жақын шет елдердің қызуғышылығын тудырып отырған қой
тұқымы 75 кг-нан 150-160 кг-ға дейін сапалы ет, 2,5 кг-нан 4-4,5 кг-
ға дейін жүн беретін қойдың айрықша тұқымы болып есептеледі.
Бұл күнде Қазақстанда селекциялық
жетістіктерге 592 патент берілсе, олардың:
- 108 патенті жануарлар тұқымындарына,
- 484 патенті өсімдіктер сорттарына берілген.
Мысалы, Жанғалиев Аймақ
Жанғалиұлы - Өсімдіктану саласындағы
селекциялық жетістіктерге негізделген 43
патенттің авторы.
Ол қарапайым Өріктің 16 сорт-клонына,
Недзвецкий алмасының 5 сорт-клонына,
Қырғыздар алмасының 2 сорт-клонына және
Сиверс алмасының 20 сорт-клонына патент
алған болатын. Бұлар Іле және Жоңғар
Алатауының бөктеріндегі жабайы жеміс
ағаштарының арасынан жиналып,
акультивацияланған.
Селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінімді
толтырып, Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің
Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет.
Өтiнiм бойынша белгіленген тәртіппен алдын ала
сараптама жүргiзiледi. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін
алған кезде уәкілетті орган (Әділет министрлігі) өтінімді одан
әрі қарау туралы шешім қабылдайды.
Өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауал-сұрақтарының
көшiрмелерi Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы
уәкілетті органның
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын
сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға
және Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын
анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.
Уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссияның қорытындысы
негiзiнде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешiм
қабылдайды.
Заңның 25-бабына сәйкес уәкiлеттi органның қорғау
құжаттарын беру жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына
Селекциялық жетiстiкке патент алуға
өтiнiм өсiмдiктiң әрбiр сортына,
жануарлардың тұқымына ресiмделедi
және онда:
патент беру туралы өтiнiш;
селекциялық жетiстiк
сауалнамасы;
iс өкiл арқылы жүргiзiлген
жағдайда, сенiмхат болуға
тиiс;
мемлекеттік баж төлеггенін
растайтын түбіртек
көшірмесі.
Селекциялық жетiстiктiң авторы - селекциялық
жетiстiктi шығармашылық еңбегiмен жасаған,
ашқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға.
Егер селекциялық жетiстiк бiрнеше адамның
ұжымдық шығармашылық еңбегiмен жасалса,
олардың бәрi де оның авторлары (Қосымша
авторлары) болып есептеледi. Авторларға тиесiлi
құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы
келiсiммен белгiленедi.
Авторға (авторларға) тек техникалық,
ұйымдастырушылық, материалдық (қаржылық)
көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн
құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге жәрдемдескен
адамдар авторлар болып танылмайды.
Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары:
1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен
шығарылмайтын болып табылады және мерзімсіз
қорғалады.
2. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзiлген селекциялық жетiстiктiң патент иеленушi болып
табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын
растайтын ресми куәлiк бередi.
3. Өзiнiң селекциялық жетiстiгiне өз есiмiн беруге автордың
құқығы бар.
4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған
селекциялық жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде
пайдаланғаны үшiн патент иеленушіден сыйақы алуға
құқығы бар. Сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттары патент
иеленушi мен автор арасында жасалған келісімде
айқындалады.
Патент:
1) селекциялық жетiстiк авторына (авторларына);
2) оның мұрагерiне (мұрагерлерiне);
3) автор (авторлар) немесе оның (олардың) құқықтық
мирасқорлары Селекциялық жетiстiкке патент беру
туралы шешiм қабылданған кезге дейiн селекциялық
жетiстiкке жасаған өтiнiмiнде не уәкiлеттi органға берген
өтiнiшiнде көрсетiлген жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға (олардың келiсiмi болған кезде);
4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік
тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау
кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге
берiледi.
Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке
патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
1)
1) өндiру
өндiру немесе
немесе молайту
молайту (көбейту);
(көбейту);
2)
2) көбейту
көбейту мақсаты
мақсаты үшiн
үшiн ұрықты
ұрықты себетiндей
себетiндей деңгейге
деңгейге
жеткiзу;
жеткiзу;
3)
3) сатуға
сатуға ұсыну;
ұсыну;
4)
4) сату
сату немесе
немесе өткiзудiң
өткiзудiң өзге
өзге де
де түрлерi;
түрлерi;
5)
5) Қазақстан
Қазақстан Республикасының
Республикасының аумағынан
аумағынан әкету;
әкету;
6)
6) Қазақстан
Қазақстан Республикасының
Республикасының аумағына
аумағына әкелу;
әкелу;
7)
7) жоғарыда
жоғарыда аталған
аталған мақсаттар
мақсаттар үшiн
үшiн сақтау.
сақтау.
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-
тармағына сәйкес өсiмдiктер сортына
патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау
ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25
жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм,
сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары
сорттарына, оның iшiнде олардың
қалемшелерiне - 35 жыл болады.
Патенттің әрекет ету мерзімін уәкілетті орган
патент иеленушісінің өтінішхаты бойынша 10
жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Жалпы патент белгілі бір уақыт мерзіміне беріледі де, осы
уақыт мөлшерінде патентиеленушіден басқа тұлға тек қана
оның рұқсатымен пайдалана алады.
Патентиеленуші осы мерзім аралығында тұтынушымен
лицензиялық шарт жасасу арқылы басқа тұлғаға бере алады.
Лицензиялық шарттардың ерекше, ерекше емес, толық
лицензия сияқты түрлері болады: Лицензиардың оны
пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып басқа тұлғаларға беру
құқығын (жай, ерекше емес лицензия); Лицензиардың оны
пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ лицензияны алған
тұлғаның басқа тұлғаларға беру құқығынсыз пайдалану
құқығын (ерекше лицензия);Лицензиардың оны пайдалану
мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға
беру құқығынсыз пайдалану құқығын (толық лицензия) беру
көзделуi мүмкiн.
Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық
жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент
иеленушіден сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлеу мөлшерi мен
шарттары патент иеленушi мен автор арасында жасалған келісімде
айқындалады. Келісім болмаған жағдайда авторға сыйақы төлеу мөлшері мен
тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Бұл орайда автор сыйақысының мөлшерi патент иеленушiнiң
селекциялық жетiстiктердi пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы
түсiмдерi, оның iшiнде лицензия сатудан алатын түсiмдерi сомасының бес
процентiнен кем болмауға тиiс.
Егер автордың патент иеленушiмен шартында өзгеше көзделмесе,
авторға сыйақы селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл бiткеннен
кейiн алты ай iшiнде төленедi.
Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе
шығарса, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, сыйақы
авторларға тең үлеспен төленеді.
Селекциялық жетiстiкке патент берiлген күнге дейiн автордан тәуелсiз
жасалған селекциялық жетiстiкке ұқсас өсiмдiк сортын немесе жануар
тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе
осыған қажеттi әзiрлiктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемiн
кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы сақталады.
Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсiмдiк сорты немесе
жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасалған
өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
Патенттелген селекциялық жетістікті патенттің қолданылуы тоқтатылған
күн мен патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтер
бюллетеньде жарияланған күн арасындағы кезеңде Қазақстан
Республикасы аумағында пайдалана бастаған не көрсетілген кезеңде
осыған қажетті дайындықтарды жасаған кез келген тұлға патенттелген
селекциялық жетістікті одан әрі өтеусіз пайдалану құқығын осындай
пайдаланудың көлемін кеңейтпестен сақтайды.
Соңынан пайдалану құқығы басқа жеке немесе заңды тұлғаға осы
селекциялық жетістікті пайдалану орын алған немесе осыған қажетті
дайындықтар жасалған өндіріспен бірге берілуі мүмкін.
Патент мерзімі аяқталғаннан кейін селекциялық жетістік жалпыға бірдей
пайдалануға болатын жетістікке айналады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz