Еңбек және оның экономикалық мәні


Slide 1

Еңбек және оның экономикалық мәні

Орындаған: Мария Синельникова

Группа:

Факультет:

Тексерген:

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

- Еңбек, еңбек функциясы

- Еңбекті ұйымдастыру

- Еңбек нормаларының түрлері

- Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық

- Еңбекақының экономикалық мәні

- Еңбек ресурстары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазіргі жағдайда еңбек талабы өзгеруде, еңбек ресурстарының кәсіптік дайындығы күшеюде. Жұмыспен қамту еңбек нарығының түрі секілді жұмысшы күшін арттыруға арналған және білім жүйесін жетілдіру бағыты ұсынылады. Өзінің тәуелсіздігін алып, егемендігінің он алты жылдан астам уақыт дүниежүзілік қоғамдас деп танылған Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан орталықтандырылған басқару жүйесінен жекеменшік сипаттағы экономикалық дамудың нарықтық реттеу түріне өтті. Мемлекеттік меншік еңбекті бөлу арқылы нарықтық экономиканың қалыптасуы негізінде жеке меншікке айналды. Нарықтық экономика жағдайында аса маңызды мәселелердің бірі қалыптасу, даму және еңбек ресурстарын бөлу мәселесі болып табылады.

Slide 4

Еңбек

Еңбек әлеуметтік-экономикалық қатынастарда күрделі дәрежені құрайды, оны: философиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, мәдени және экономикалық қызмет субъектілерінің басқа тұрғыдағы әрекеттері тұрғысынан жан-жақты қарастыруға болады.

Еңбек және оның өркениетті дамудағы рөлін зерттеуде еңбек мәселесін қозғайтын барлық ойшылдар - біреуі қисынды дәйектілікпен, екіншісі - қарама-қайшылықта негізгі екі көзқарас қалыптастырды:

Бұл қарама-қайшылық туралы Э. Фромм былай деп сипаттап жазды: «Еңбек етуді арқасында адамдардың сана-сезімі өсті, табиғаттан бөлініп, әлеуетті және тәуелсіз болып қалыптасты. Неғұрлым адамның еңбегі жетілген сайын, соғұрлым оның даралануы да жетілмек»

Slide 5

Еңбек функциясы

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, -еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады:

Slide 6

Еңбекті ұйымдастыру

Еңбекті ұйымдастыруды негізгі бағыттары ретінде келесілерді атауға болады:

• еңбекті бөлу мен үйлестіруді ұтымды нысандарын әзірлеу және енгізу;

• мамандарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды қ ұйымдастыру;

• жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру және оған қызмет көрсету;

• еңбекті нормалау;

• еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру;

• еңбек жағдайын жақсарту.

Еңбекті ұйымдастыруды маңызды элементтеріні бірі еңбекті нормалау болып табылады. Еңбекті нормалаудың негізгі мақсаттарының бірі - қажетті еңбек шығындары мен нәтижелерін анықтау. Шығындар мен нәтижелер өндіріс пен басқаруды, еңбекті ұйымдастырудың айтарлықтай тиімді нұсқаларымен сәйкес келуі керек. Кәсіпорында еңбекті нормалау өнімні жоспарлы еңбек сыйымдылығын анықтауға, қажетті жұмыскерлер санын есепеуге, еңбек нәтижелерін бағалауға, материалды ынталандыру мен жалақы орын белгілеуге және т. с. с. мүмкіндік береді.

Slide 7

Еңбек нормаларының түрлері

Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.

Slide 8

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.

Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы - бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т. б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Slide 9

Еңбек ресурстары

Еңбек ресурстары үлгіге және ХЕҰ -ның әдістемелік тәсіліне сәйкес статистикалық әдебиетте:

Еңбек ресурстары - бұл халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі. Еңбек өнімділігі - еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіші. Еңбек өнімділігі:

1. Бір жұмыскермен белгілі бір нақты анықталған уақытта (уақыт, күн, ай, жыл) өндірілген заттай немесе ақшалай түріндегі өнімнің санымен;

2. Өндіріске жұмсалған уақыттың санымен өлшенеді.

Slide 10

Еңбек ресурстарын пайдалануға:

- еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру;

- ұлттық экономиканың саласы бойынша жұмысшыларды үлестіру;

- өндірістік емес салада және материалдық салада жұмысшыларды пайдалану тиімділігіне жұмсалған қызмет түрі жатады.

Еңбек ресурстарын басқару, еңбек ресурстарын жоспарлаумен айналысады. Еңбек ресурстарын жоспарлау - еңбекке жарамды жасындағы адамдардың қажеттілігін және олардың еңбек қызметіне деген қабілеттілігін анықтайтын қызмет аясы.

Еңбек ресурстарын жоспарлау ықтималдық сипаты бар және ол:

- нақты аймақта жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс деңгейіне;

- жұмыспен қамтылу деңгейіне;

- халықты жұмысқа тұрғызу үрдісін ұйымдастыруға және басқа да факторларға байланысты.

Slide 11

Еңбекақының экономикалық мәні

Еңбекақы бұл - мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Батыстың экономикасы дамыған елдерде бұл ұғым "еңбекақы" және "ақшалай сыйақы" түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады. Ал ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгіленеді.

Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесінде адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін, жақсартудан тұрады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып, саналады. Жұмыс беруші әсіресе бүйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.


Ұқсас жұмыстар
Саяси әлеуметтану
Қоғамдық өндірістің нысандары
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары
Құрылымдық жұмыссыздық
Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар- ақша қатынастарының дамуы
Экономикалық жү йе
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУДЫҢ РОЛІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz