Психологиялық-педагогикалық практикум: курс жоспары мен практикалық тапсырмалар


Slide 1

Психологиялық-педагогикалық практикум пәніне кіріспе

Slide 2

Жоспар:

Психологиялық-педагогикалық практикум туралы түсінік

Пәннің міндеттері мен құрылымы

Менің мұғалімдік бейнем.

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

1-Тапсырма. Сергіту ойыны.

Студенттерге дөңгелек щеңбер жасап отыру ұсынылады бір-біріне допты беру арқылы сын есімдермен мұғалімнің сапалық қасиеттерін айтып шығады. Мұнда бәрін мұқият тыңдап отыру қажет және де қайталанбауы сұралады. Студенттер мұғалімнің жаңа сапаларын тапқанша жалғасын табады.

Содан кейін, оларға допты бір-біріне лақтырып етістіктер айту ұсынылады, яғни мұғалімнің іс-әрекет сапаларын айтып шығады. Бұл ойын мұғалім мамандығының ерекше сапаларына назар аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалімде болу керек немесе болған сапаларды ескеріп, мұғалім мамандығының щеберлігі мен дағдысын байқауға септігін тигізеді.

Бұл талдау барысында педагог мамандарының талаптарына және мұғалімге қойылатын талаптарға басты назар аудару қажет. Және де негативті және позитивті қарым-қатынастар ойын барысында айтылу қажет.

Slide 9

2-Тапсырма «Қонақ үй» Л. Б. Шнейдер

Студенттерге мынадай жағдаят ұсынылады. Қонақ үйде үш бос орын бар. Администратор мұнда тек мұғалімдерді орналастыру қажет, бірақ сол орынға иелік ететіндер туралы ақпарат нақты емес. Администратор олардың жынысын да, жасын да мамандандырылған педагог па, тіпті келген мақсаттарын да білмейді. Өзі орналастыратын орынның тақтайшасына «Тек мұғалімдерге арналған» деген жазу іліп қойды. Ол бүгін қонақ үйге адамдар ағылып келетінін жариялады, бірақ орын жоқ, ол бас тартуға мәжбұр. Администраторға белгілі адамдар орын алу үшін әртүрлі тәсілдермен оның алдына келеді, өздерін мұғалім етіп көрсету үшін. Оған бәріне дайын болу керек. Топтан бір адамды администратор етіп тағайындап, қалғандары келушілердің рөлін бөліп алады. (олардың ішінен шын педагогтар таңдалады, оны оқытушы мен дайындап қояды) . Барлығы өздерін педагог ретінде таныстырады. Администратор өз еркімен белгіленген үш адамды белгіленген орынға орналастырады. Бұл тапсырма орындалғаннан кейін, топ талдау жасайды, яғни педагогтың бағалану кілтінің не болғанын, кім педагог ролінде өзін дәлелдегенін талқыға салады. Бұл тапсырма педагогтың тұлғалық бағасының дамуына септігін тигізеді.

Slide 10

3-Тапсырма. «Кинорежиссерлар» В. Ю. Бабайцев

Студенттер көптеген кішкантай топтарға бөлінеді. Әр бір топ белгілі бір киностудияның кинорежиссерін ұсынады. Әр бір киностудио алдында фильмге түсетін актерлерді іріктейтін тапсырма болады: мұғалім рөлі, мектеп қызметкері, жас психолог, өз жұмысын жаңадан бастаушы педагог, өрт сөндіруші, оқу ғимаратының өртке қарсы қауіпсізігіне жауапты қызметкер. Кинорежиссерларға кейіпкердің образға қажетті сапаларын анықтап, жағымсыз сапаларды да табу ұсынылады. Жүмысты жеңілдету үшін әрбір команданың кинорежиссерларына мінез-құлық сапаларының тізімі беріледі. Жағымды, жағымсыз мінез сапалар тізімін оқытушымен алдын-ала жоспарлаған дұрыс. Мысалы: Жағымды сапалар: шешім қабылдай алушылық, өзіне деген сенімділік, ұшқалақтық, арманшыл, сабырлылық, шаршаңқы түр, қатал дауыс, жауапкешілілік, мейірімді көзкарас, көп оқуға талпыныс, әзілкеш т. б. Енді жағымсыз сапалар: бірбеткей, күлегеш, көп сөйлеу, ұйқылы ояу түр, түсініксіз тіл, енжар, қыр көрсету, дұрыс қойылмаған шаш үлгісі т. б. Кинорежиссерларға ұсынылады, бірінші дайындалған тізімнен 3-5 маңызды мінез сапаларын таңдап алады, екінші тізімнен дәл сондай етіп таңдап алу қажет болады. Пікірталас барысында талданатын мәселелер: неліктен студенттер осы сапаларды таңдады? Басты кейіпкерлердің бейнелері бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Студенттердің бойында қандай сапалар бар екеніне талдау жасайды. Бұл тапсырма педагог мамандығының қыр-сырын көруге, бағалауға қажетті көптеген жеке сапаларды мамандық жоспарына енгізуге көмектеседі.

Slide 11

4 -Тапсырма Ұжымдык шығармашылык жұмыс «Этнографиялык саяхат»

Студенттерге 5-6 адамнан бөлініп топ құру ұсынылады. Құрылымы: Сіз жердің білмеген бір жеріне бардық делік. (Ол жерді өзіңіз ойластыра аласыз) . Сол жерді бақылауға кірістіңіздер яғни салт-дәстүрін біліп, өлеңдерін тыңдап, ертегілерін оқып, тіпті сол елдің тілінде үйреніп алдыңыздар. Сіздерге 15минут дайындалуға уақыт беріледі. Содан соң талдау жасаймыз, сіз бақылаған жергілікті мектеп несімен қызықты болды, біздің елде не жоқ, не болу керек, өзіңіздің көзқарасыңыз, біздің оқу жүйемізге не енгізу қажет екенін айту, сосын мұғалімнің психологиялық портретін жасау, сол жердегі және біздің жеріміздегі мектеп қызметкерлерінің салыстырмалы түрде пікір білдіру.

Бұл көрсетілім өткізілгеннен кейін басқа жерге барғандар талқылап бірігіп талдау жасайды. Автор түсіндіреді, неліктен олар біздің мектепке олардың тәжірибелерін қажет деп санайтынын, педагогикалық мамандықтың қыр-сырын ашады. Барлық топтар өз пікірлерін кезекпен ортаға салып, бір-бірінің пікірлеріне келісе ме жоқпа талқыға салынады.

Slide 12

Тақырыбы: қазіргі заманғы оқушы бейнесі

Мақсаты:

1. Қазіргі заманғы оқуышы бейнесінің маңыздылығы.

2. Оқушының шынайы және идеялды жағынан ерекшелігі.

3. Қазіргі заманғы оқушының әлеуметтік деңгейі.

Тапсырма 1. Қарлы көм сергіту ойыны

Студенттер дөңгеленіп отырады. Бірінші студент қазіргі заманғы оқушыға байланысты бір сөз айтады. Оны келесі студент сол сөзді қайталай отырып өзі де сөз қоса айтады. Келесі студент те осылай екі студенттің сөзін қайталай келіп олда қосып жалғастыра береді. Сосын қайта бірінші бастап сөз айтқан студент бәрінің сөзін қайталап айтып шығады. Мұнда студентке қиынға түскен жағдайда көмектесуге болады.

Slide 13

Тапсырма 2. Пәннің тарихы.


Ұқсас жұмыстар
Шет тілдерін оқыту психологиясы: курс бағдарламасы, лекция тезистері және практикалық тапсырмалар
Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Паскаль тілінде бағдарламалау: практикалық сабақ жоспары мен тапсырмалар
Интернет негіздері мен электрондық пошта: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
WordPad арқылы мәтінді пішімдеу: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Географиядан ҰБТ-ға дайындық: диагностикалық, педагогикалық және психологиялық әдістер мен практикалық ұсынымдар
Координаталық жазықтық: сабақ жоспары, теория мен практикалық тапсырмалар
Microsoft Excel-де деректермен жұмыс: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Мектепке дейінгі мекемедегі практикалық психологиялық кабинет: қызметтері мен әдістері
Информатика: Формальдау - моделдеудің негізгі кезеңі (сабақтың оқу-жоспары мен практикалық тапсырмалар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz