d - элементтердің сонымен қатар Cr, Mo, W қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: d - элементтердің сонымен қатар Cr, Mo, W қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе;

Негізгі бөлім;

d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы

Хром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы

Молибден элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы

Қорытынды;

Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Элементтердің биологиялық белсенділігі Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни атом құрылысына байланысты болады.

Химиялық элементтердің биологиялық маңызы туралы еңбекті алғашқы рет академик В. И. Вернадский XIX ғасырдың соңында жария ете бастады. Содан бері химиялық элементтердін суда, өсімдіктер мен жануарлар ағзасында таралу туралы материалдар көптеп жиналды.

Slide 4

Менделеев Дмитрий Иванович

Вернадский, Владимир Иванович

Slide 5

Жас ұлғайған сайын адам ағзасындағы кейбір элементтер мөлшері өзгеретіндігі туралы мәліметтер бар, мысалы, қартайғанда бауырда молибденнің, бүйректе кадмийдің мөлшері көбейеді.

Әр микроэлементтің ағзаның қалыпты қызметін қамтамасыз етуге қажетті мөлшері болады. Олардың ағзада артық жиналуы немесе жетіспеуі ауруға әкеп соғады.

Дәрілік заттар ретінде әр түрлі элементтер мен олардың қосылыстары қолданылады.

Ферменттер, гормондар, витаминдер сияқты биологиялық, активті заттар мен химиялық элементтердің маңызын зерттеу нәтижесінде жаңа дәрілік заттарды шығарудың және оларды емдеу мақсатында тиімді пайдаланудың ыңғайлы жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Slide 6

d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы

Мыс. Ересек адамның ағзасында 100 мг дейін мыс болады. Басқа металл иондарына қарағанда мыс иондары аминқышқылдарымен, ақсылдармен активті түрде әрекеттеседі, сондықтан мыс биологиялық активті заттармен тұрақты комплекстер түзеді. Ағзадағы мыстың негізгі функциясы каталиттік әсері, қазіргі таңда мыс элементі бар ферменттер (церулоплазмин, тирозиназа, цитохромоксидаза) белгілі. Медицинада мыс сульфаты СuSО4 • 5Н2О антисептикалық зат ретінде терінің күйген жеріне жағуға, көз тамшысы ретінде т. б. қолданылады.

Мысқа қажеттілік қабыну және буын дерттерінде артады.

Slide 7

Күміс. Тірі ағзада күмістің физиологиялық рөлі жеткіліксіз зерттелген. Күміс - ультрамикроэлемент.

Медицинада қолданылуы:

АgNОз (ляпис) - күміс нитраты - жұмсартушы және күйдіруші зат ретінде қолданылады. Стоматологияда тісті бүтіндеу, алдын ала тіс каналдарын күмістейді. Бірінші күміс нитратынан күміс оксидінің аммиакты ерітіндісін және 10%-тік формалинді алады. Бұл процестің өтуін былай жазамыз:

2АgNО3 + 2NН4ОН = Аg20 + 2NН4NО? + Н2О

Аg2О + Н-СНО = Аg + Н-СООН

Қағаз, мақта, дәке бұлардың бәрі күмістің хлориді мен нитраты ерітіндісіне шыланған болады, олар бактерицидті байлайтын материал ретінде қолданылады.

Slide 8

Алтын. Адам ағзасында микроэлемент түрінде табылған, оны енді ғана зерттеуде.

Медицина практикасында алтынның органикалык және бейорганикалық, радиоактивті және металл алтын қосылыстары қолданылады. (І98Аu) радиоактивті алтын қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Алтынның күміс және мыспен құймасы тісті протездеуде қолданылады 916-ші құйма сынамасында 91, 6% Аu, 4, 2% Сu және 4, 2% Аg бар, оны тісті салуда қолданылады. 750-шы құймасында 75% Аu, 8, 3% Аg және 16, 7% Сu, ал 583-ші құймасында 58, 3% Аu, 13, 7% Аg және 28% Сu болады.

Slide 9

Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда және демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.

Мырыштың көп қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.

1. ZnSО4 • 7Н2О - көз тамшысы.

2. ZnО - тері ауруларында присыпка, мазь, паста ретінде қолданылады.

3. Мырыш-инсулин - қант диабетін емдеуде қолданылады.

Slide 10

Сынап. Сынап - тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.

Барлык тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:

НgО (сары сынап майы) - тері ауруларына қолданылады;

HgСl2 (сулема) - өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн, 1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді, медициналық құрал-саймандарды, бөлмені дезинфекциялағанда қолданылады.

Медицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сынап пен оның буы да қолданылады (сынап термометрлері аппаратында) .

Slide 11

Хром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы

Хром. Хром - өсімдік және тірі ағзаның негізгі құрамды бөлігі. Хромның биологиялық активтілігі оның иондарының комплекс түзуге бейімділігі. Мысалы, Сг3+ ионы нуклеин қышқылының құрылысының тұрақтануына қатысады.

Хром қосылыстары улы, сондықтан медицинада қолданылады.

Slide 12

Молибден элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы

Молибден. Молибден ағзаға жат заттардың заласыздануына қатысатын ферменттердің құрамында кездеседі. Ағзада фторды ұстап қала отырып, кариестің дамуын болдырмайды, сонымен қатар темірдің бауырдағы метоболизміне кедергі келтіреді. Молибден пуриндердің ыдырауын жетелдетеді және ағзадан несеп қышқылын бөліп шығарады, сонымен подаграны болдырмайды.

Молибденнің тапшылығында ауыз куысының, қызыл иекті дерттердің дамуы мүмкін, рактың даму қаупі жоғарылайды.

Slide 13

Марганец. Марганец - микроэлемент, Мп2+ ионының биогенді функциясы - ферменттер активтілігін реттеуге қатысуы. Сондықтан Мп2+ ионның биологиялық әсері кең: қан айналымы, минералды алмасу, өсу, көбею т. б. Сонымен қатар Мп 2+ ионы нуклеин қышқылдарының құрылымын тұрақтандырады.

Медицинада КМnО4 калий перманганаты қолданылады. Бұл жараларды жууда, тамақты шаюда антисептик ретінде қолданылады.

Slide 14

Темір. Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі - темір, ол ағзадағы каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне қатысады. Ересек адамның ағзасында 3, 5 г темір болады. Оның көп бөлігі эритроциттердің демалатын пигментінде, яғни гемоглобинде болады. Гемоглобин - күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден тұрады. Адам ағзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдығады, шаштың ағаруы және түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.

Анемияда, адам ағзасы әлсірегенде темірдің келесі препараттары қолданылады:

Темірдің аскорбинаты (II)

"Ферроплекс" (аскорбин қышқылы мен темірдің (II) сульфаты)

Темостимулин", "Гематоген"

Алоэ мен темір топшасы

Slide 15

Кобальт. Со3+ ионы В12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бұл витаминдер құрамына кіретін жеке металл В12қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет.

Ағзада В12 жетіспеуі анемия (қан аздық) туғызады.

Кобальттің радиоактивті изотопты (60СО) қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады.

Slide 16

Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%-тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының, биогенді аминдердің т. б. құрамында болады.

Біз азотты атмосферада өмір сүрудеміз (ауаның 78% азоттан тұрады), қалған бөліктері оттегі және өте аз бөлігі басқа химиялық элементтерден тұрады. Жер бетінде азотсыз тіршілік болмас еді. Азот және өмір - бөлінбейтін түсінік.

Зат айналымына молекулалы азот қатыспайды. Адам органикалық қосылыстардағы азотты қолданады.

Сонымен қатар азоттың нитраты ағза үшін өте зиянды.

Slide 17

Медицинада қолданылуы:

Азот тотығы (I) немесе "шаттандырғыш газ" - N20 - оттегімен қоспасы наркотикалық зат ретінде қолданылады.

NН4ОН - аммиактың сулы ерітіндісі (аммоний гидроксиді, нашатыр спирті) . Адам талып қалған жағдайда мақта немесе дәкеге сеуіп абайлап адам мұрнына иіскетеді.

Slide 18

Фосфор. Негізгі биологиялық бес элементтің бірі.


Ұқсас жұмыстар
d - элементтердің сонымен қатар азот, фосфор, мышьяк қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
Мырыш - ІІБ топ элементі
Медицинада олардың қосылыстарының қолданылуы
Периодтық кесте
Медицинадағы изотоптар
Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың биологиялық ролі, фарм. препараттартарын алуда және анализдеу кезінде комплексондардың фармация мен медицинада қолданылуы. Гемоглабин және кобальттың комплексті қосылыстарының фармация мен медицинада қолданылуы, химиялық негізі
Тіршілікке қажетті элементтер
III Б топша элементтері
Тағамдағы хром
Элементтердің валенттілігін жазу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz