d-Элементтер мен азот, фосфор, мышьяк қосылыстарының медицина мен фармациядағы қолданылуының химиялық негіздері


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: d - элементтердің сонымен қатар азот, фосфор, мышьяк қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе;

Негізгі бөлім;

d - элементтері қосылыстарының қолданысы;

Мырыш;

Күміс;

Сынап;

Темір;

Кобальт;

Фосфор элементі қосылыстарының қолданысы;

Мышьяк элементі қосылыстарының қолданысы;

Азот элементі қосылыстарының қолданысы;

Қорытынды;

Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Жас ұлғайған сайын адам ағзасындағы кейбір элементтер мөлшері өзгеретіндігі туралы мәліметтер бар, мысалы, қартайғанда бауырда молибденнің, бүйректе кадмийдің мөлшері көбейеді.

Әр микроэлементтің ағзаның қалыпты қызметін қамтамасыз етуге қажетті мөлшері болады. Олардың ағзада артық жиналуы немесе жетіспеуі ауруға әкеп соғады.

Дәрілік заттар ретінде әр түрлі элементтер мен олардың қосылыстары қолданылады.

Ферменттер, гормондар, витаминдер сияқты биологиялық, активті заттар мен химиялық элементтердің маңызын зерттеу нәтижесінде жаңа дәрілік заттарды шығарудың және оларды емдеу мақсатында тиімді пайдаланудың ыңғайлы жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Slide 4

d - элементтері қосылыстарының қолданысы Мырыш

Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда және демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.

Мырыштың көп қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.

1. ZnSО4 • 7Н2О - көз тамшысы.

2. ZnО - тері ауруларында присыпка, мазь, паста ретінде қолданылады.

3. Мырыш-инсулин - қант диабетін емдеуде қолданылады.

Slide 5

Күміс

Тірі ағзада күмістің физиологиялық рөлі жеткіліксіз зерттелген. Күміс - ультрамикроэлемент.

Медицинада қолданылуы:

АgNОз (ляпис) - күміс нитраты - жұмсартушы және күйдіруші зат ретінде қолданылады. Стоматологияда тісті бүтіндеу, алдын ала тіс каналдарын күмістейді. Бірінші күміс нитратынан күміс оксидінің аммиакты ерітіндісін және 10%-тік формалинді алады.

Slide 6

Бұл процестің өтуін былай жазамыз:

2АgNО3 + 2NН4ОН = Аg20 + 2NН4NО? + Н2О

Аg2О + Н-СНО = Аg + Н-СООН

Қағаз, мақта, дәке бұлардың бәрі күмістің хлориді мен нитраты ерітіндісіне шыланған болады, олар бактерицидті байлайтын материал ретінде қолданылады.

Slide 7

Сынап

Сынап-тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда, ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.

Slide 8

Барлық тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:

1. HgO (сары сынап майы) ; тері ауруларына қолданылады;

2. HgCl2 (сулема) ; өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн, 1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді, медициналық кұралсаймандарды бөлмені дезинфекциялағанда қолданылады, медицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сынап пен онын буы да қолданылады (сынап термометрлері аппаратында) .

Slide 9

Кобальт

Таза түріндегі кобальт - қызылдау түрі бар қатты ақ металл, ол мұнымен қатар соққыланғыш, созылғыш және магнитті. Табиғи кобальт тұрақты бір изотопты Со тұрады, ал жасанды жолмен алынған радиобелсенді изотоптардың маңыздысы СО. Осының негізінде біраз аспаптар құрастырылған, өйткені ол күшті ү- сәуле шығарғыш. Бұл изотопты медицинада әсіресе зиянды ісіктерде анықтау және емдеу үшін пайдаланады. Со + ионы В12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бұл витаминдер құрамына кіретін жеке металл В12 қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет. Ағзада В] 2 жетіспеуі анемия (қан аздыққа) туғызады.

Кобальттің радиоактивті изотопты (60СО) қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады.

Slide 10

Темір

Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі - темір, ол ағзадағы каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне қатысады. Ересек адамның ағзасында 3, 5 г темір болады. Оның көп бөлігі эритроциттердің демалатын пигментінде, яғни гемоглобинде болады. Гемоглобин - күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден тұрады. Адам ағзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдығады, шаштың ағаруы және түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.

Slide 11

Анемияда, адам ағзасы әлсірегенде темірдің келесі препараттары қолданылады:

Темірдің аскорбинаты (II)

"Ферроплекс" (аскорбин қышқылы мен темірдің (II) сульфаты)

Темостимулин", "Гематоген"

Алоэ мен темір топшасы

Slide 12

Фосфор элементі қосылыстарының қолданысы

Фосфор - күш-қуат көзі.

Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де ке­рек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.

Slide 13

Фосфор - аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады.

Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.

Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор кышкылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауыл- шаруашылык зиянкестерімен күресу үшін кажет улы химикаттар алу үшін қолданылады.

Slide 14 Slide 15

Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ фосфор химиялық белсенді болып келеді. Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса, қызыл фосфор алынады. Қызыл фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады. Фосфор жай және күрделі заттармен өрекеттеседі. Қазақстанда фосфор шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында бар.

Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.

Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш қоспалар дайындау үшін қолданылады.

P+5HNО3конц = Н3РО4+5NО2↑ +Н2О

Slide 16

Сүйек ұлпасында фосфордың мөлшері 600 г., ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% құрайды. Биологияда фосфаттар негізгі екі роль атқарады: біріншіден, көптеген биологиялық компоненттердің құрамдық элементтері ретінде қызмет атқарады; мысалы, сүйек және тісте кальций фосфатының (Са5(РО4) зОН - гидроксиапатит, Са5(РО4) з Ғ-фторапатит) жинақталуы. Адамның сүйегінде 5% ал, тіс эмальдарында 17% фосфор болады. Екіншіден, ең қызықтысы, ортофосфат иондарының туындылары энергия тасымалдаушы қызметін атқарады.

Slide 17

Мышьяк элементі қосылыстарының қолданысы

Мышьяк. Микроэлемент. Мышьяктың биогенді рөлі мен оның ағзадағы мөлшері белгісіз.

Мышьяк қосылыстары өте улы. Стоматологияда мышьяктың оксиді (II), немесе ақ мышьяк Аs2Оз ауру тіс нервтерін өлтіруде қолданылады. Ал ішуге қан аз болғанда, жүйке ауруына шалдыққандарға беріледі.

Slide 18

Азот элементі қосылыстарының қолданысы


Ұқсас жұмыстар
D-элементтер мен азот, фосфор және мышьяк қосылыстарының медицина мен фармациядағы химиялық негіздері
d-блок элементтері мен хром, молибден және вольфрам қосылыстарының медицина мен фармациядағы химиялық негіздері
Медицинада қолданылатын химиялық элементтер мен қосылыстарының қысқаша анықтамасы
Фосфор, азот және калий тыңайтқыштарының өндірісі мен технологиялары
Органикалық тыңайтқыштар: түрлері, химиялық құрамы (азот, фосфор, калий) және қолдану технологиясы
Микробтық ферменттер мен микроорганизмдердің азот, күкірт, фосфор және темір айналымындағы рөлі
Экстракцияның механизмдері және медицина мен фармациядағы қолданылуы
Аммиак синтезінің өндірістік технологиясы және азот қосылыстарының қолданылуы
V тобы элементтері: Азот пен фосфор - құрылымы, қасиеттері және қолданылуы
s-, p-, d- элементтер: медициналық-биологиялық маңызы, медицинада қолданылуы және атом ядроларының бөлінуі мен медицинадағы изотоптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz