Адам денесінің әр түрлі аймақтарын препараттау тәсілдерін меңге




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Адам денесінің әр түрлі аймақтарын
препараттау тәсілдерін меңгеру.
Жоспар

І. Кіріспе
• Адам денесінің әр түрлі (жоғарғы бөлік, қол) аймақтарын препараттау
тәсілдерін меңгеру.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Бұғанаасты аймағы

ә) Дельтатәрізді аймақ

б) Жауырын аймағы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Адам денесінің әр түрлі (жоғарғы бөлік, қол)
аймақтарын препараттау тәсілдерін меңгеру
• Адам денесі мынадай негізгі аймақтардан тұрады:
• бас аймақтары (regiones capitis);
• мойын аймақтары (regiones cervicales);
• кеуде аймақтары (regiones pectorales);
• іш аймақтары (regiones abdominales);
• бет аймақтары (regiones facials);
• шат аймақтары (regiones perinealis);
• қол аймақтары (regiones membri superioris);
• аяқ аймақтары (regiones nembri inferioris);
Дененің жоғарғы бөлік
(қол) аймақтары

(regiones membri superioris)
Дененің жоғарғы бөлік (қол) аймақтары мынадай аймақтарға бөлінеді:

1. Бұғанаасты аймағы (regio infraclavicularis);

2. Дельтатарізді аймақ (regio deltoidea);

3. Жауырын аймағы (regio scapulares);

4. Қолтық аймағы (regio axillaris);

5. Иықтың алдыңғы аймағы (regio brachii anterior );

6. Иықтың артқы аймағы (regio brachii posterior);

7. Шынтақ буынының алдыңғы аймағы (regio cubiti anterior);

8. Шынтақ буынының артқы аймағы (regio cubiti posterior);

9. Білектің алдыңғы аймағы (regio anterbrachii anterior);

10. Білектің артқы аймағы (regio anterbrachii posterior);

11. Кәрі жілік – білезік буыны аймағы (regio articulationis radiocarpeae);

12. Саусақтың алақандық бетінің аймағы (palma manus);

13. Саусақтың сыртқы бетінің аймағы (dorsum manus);
Қаңқаны дененің жоғарғы бөлік (қол) аймағымен байланыстыратын
иық белдеу аймағы төс аймағы шекарасына орналасып, иықастын
құрайды. Иықасты негізінен жоғарыда қарастырылған, дененің жоғарғы
бөлік (қол) аймақтарының үш аймағын қамтиды. Олар:

а) бұғанаасты аймағы (regio infraclavicularis);

ә) дельтатәрізді аймақ (regio deltoidea);

б) жауырын аймағы (regio scapulares);
Бұғанаасты аймағы
(regio infraclavicularis)
• Аймақ шекаралары:

Медиалдық жағынан қарағанда, бұғананың ортасынан төмен
қарай ІІІ-ші қабырғаға дейін вертикальді сызық жүргізілген;
жоғарыдан – бұғанаға параллель сызық жүргізілген; төменнен
ІІІ-ші қабырғаға параллель сызық жүргізілген; латериальді беті,
акрамионның бұрышынан төмен қарай, қабырғаның ІІІ-ші
деңгейіне дейін вертикальді сызық жүргізілген;
• Теріні препараттау

Препараттау алғашында, иықты, жауырын астына орналасқан кеуде
торына ауыстыру кезінде орындалады. Теріні көбіне жоғарғы, төменгі
және де медиальді аймақтардың шекараларынан кеседі. Теріні
препараттау кезінде теріасты майы торларын сыртқы бетінде
орналасқан шандырларымен қоса кесіп алады. Теріасты майы торларын
кесіп алғаннан кейін, аймақтың жоғарғы жағынан жеке дара
талшықтар көрінеді. Осы талшықтарды кесіп алғаннан кейін, үлкен
кеуделік және дельтатәрізді бұлшықеттерді жауып тұратын шандырлар
көрінеді. Шандырлардың сыртқы жағында бұғанаалды тері нервтері
орналасқан. Бұғананың жоғарғы жағындағы үлкен кеуде дельтатәрізді
бұлшықеттің жүйегінде орналасқан науашық, үлкен кеуделік және
дельтатәрізді үшбұрышқа айналады. Дельтатәрізді және үлкен кеуде
бұлшықеттері шандырлармен көмкерілген.
Бұғанаасты аймағын препараттау кезіндегі терінің кесіктері.

1- m. trapezius;

2- clavicula;

3- sulcus deltoideopectoralis;

4- m. pectoralis major;

5- m. deltoideus (pars clavicularis);

6- m. deltoideus (pars acromialis);
• Шандырлар мен шандырасты аймақтарын препараттау

Қолдың бұғанаасты шандырларын препараттау үшін, шандырды
жоғарғы, төменгі және медиальді аймақтарының шекараларынан
латериалды түрде, үлкен кеуде және дельтатәрізді аймаққа дейін бөліп
алу қажет. Шандырларды бөліп алғаннан кейін, үлкен кеуде
бұлшықеттерінің бұғана көлемдес талшықтарын көруге болады және де
бұл талшықтар дельтатәрізді бұлшықеттердің талшықтарымен сәйкес,
латериалды түрде төмен қарай бет алған. Аймақтың терең бөліктерін
ашу үшін, дельтатәрізді және үлкен кеуде бұлшықеттерінің арасына
үңілу қажет, яғни, шандыр көрінгенге дейін олардың жиектеріне
тереңірек ену керек. Ол үшін бұлшықеттің артқы бетімен тығыз
орналасқан ақ табақшаны байқау жеткілікті. Бұл табақша жоғарғы
жағында бұғанаүсті сүйегімен және бұғана бұлшықетімен жалғасқан.
Егер, үлкен кеуде және дельтатәрізді бұлшықеттердің жиегімен жүре
отырып, субпекториальді кеңістіктің бөлінуі жеткіліксіз болған
жағдайда, бұғананың бір бөлігінен төмен қарай бұру қажет. Осы
жағдайда ғана бұғанаасты аймағынан субпекториальді кеңістік бөлініп,
субпекториальді флегмондар деп аталатын процес жүре бастайды.
Дельтатәрізді аймақ
(regio deltoidea)
• Аймақ шекаралары:

Аймақтың жоғарғы шекарасы акромиальді өсіндінің деңгейімен
анықталып, дельтатәрізді бұлшықеттердің жоғарғы сызығына сәйкес
келеді. Төменгі шекарасы үлкен кеуде бұлшықеттерінің қатаю
деңгейімен, иықтың жоғарғы бетіне жүргізілген горизонтальды
сызықпен анықталады. Алдыңғы шекарасы- акромионның алдыңғы
бұрышынан жүргізілгенвертикальды сызықпен анықталады. Артқы
шекарасы- акромионнан төмен қарай жүргізілген вертикальды сызық
арқылы анықталады. Дәлірек айтқанда, аймақтың шекаралары
бұлшықеттердің жиектеріне сәйкес келмейді.Бұл аймақтың негізгі
бөліктеріне делтатәрізді бұлшықеттермен қатар иық буындары мен иық
сүйектерінің жоғарғы үштен бір бөлігін де жатқызуға болады.
• Теріні препараттау

Шынтақ буынында иық кеудеге дейін иіліп, сүйектің соңы түзу бұрыш
артынан бүгіледі. Аймақтың проксимальді және дистальді
шекараларынан екі жерден көлденең кесік жүргізіледі. Көлденең
кесіктер дельтатәрізді бұлшықеттерді бойлық бойымен
байланыстырады. Теріні теріасты торынсыз медиальді және латериальді
жағына екі терібөлікшесі түрінде препараттайды. Медиальді
терібөлікшесі дельтатәрізді кеуде жүлгесіне (sulcus deltoideopectoralis)
жетпей тоқтаса, латериальді терібөлікшесі аймақтың артқы шекарасына
дейін препаратталады. Дельтатәрізді бұлшықеттердің артқы жиегінің
ортасында орналасқан, теріасты майы бөлігінен бұлшықетасты нервінің
тері тармағын (n.cutaneus brachii lateralis) препараттайды.
• Шандырлар мен шандырасты аймақтарын препараттау

Дельтатәрізді шандырларды (fascia deltoidea) препараттау үшін,
жалпыға ортақ шарттарға байланысты, дельтатәрізді шандырларды екі
шандырбөлікшесі түрінде, майлы торларды жоя отырып
жалаңаштайды. Содан соң құрылғының алдыңғы шекарасынан
шандырды белгілеп, артынан шандырбөлікшесімен ажыратады.
Акромионның алдыңғы бұрышынан бастап, дельтатәрізді бұлшықетті
жоғарыдан төмен қарай белгілеп алады. Ал оның акромиальды (артқы)
бөліктерінің бәрін акромионнан бастап, ішкі шандырларын қоса
белгілейді. Бұлшықеттібөлікшені сыртқы жағынан және артқы жағынан
аударады. Бұлшықеттің бұлшықеттібөлікшесін артқы жағынан сыртқа
қарай тарта отырып және иық сүйегінің жоғарғы жағын, оның
хирургиялық мойыншасынан ажырата отырып, дельтаастытәрізді
торлы кеңістікті ашады.
Бұл дельтатәрізді бұлшықеттің барлық аралықтарына сәйкес келеді.
Зонд арқылы бұл кеңістіктің жоғарғы жағынан акромион астымен және
әрі қарай артқы жағынан трапецияастытәрізді кеңістікпен
жалғасатындығын байқауға болады. Иық буынын қоршаған
дельтаастытәрізді тор периартикулярлы атқа ие. Бұлшықетбөлікшесін
шандырдың терең жапырақшасымен ауыстырғанда, әдетте,
дельтаастытәрізді қабықша (bursa subdeltoidea) ашылады. Егер қабықша
ашылмаған жағдайда, торлы аймақты қысқышпен қысып, жоғарға
қарай кесіп өтеді. Дельтатәрізді бұлшықеттің шандырлармен
көмкерілген бұлшықетбөлікшесінің ішкі бетінен бұлшықетасты нервтері
мен артерияның артқы иықтары (n.axillaris және a.circumflexa) сияқты
тамырлы-нервті будалар көрінеді. Бұлшықетбөлікшесінің артқы
жиегінен, иық сүйегінің хирургиялық мойыншасына көлденең
бағытталған буданың бастапқы шетін көруге болады. Будаалды торын
төтесінен жүре отырып, нерв пен артерияны жалаңаштап, дельтатәрізді
бұлшықеттің терең бетімен ажыратады.
Жауырын аймағы
(regio scapularis)
• Аймақ шекаралары:

Жоғарғы шекарасы окромионды VII-ші мойын омыртқасының
қылқанды өсіндісімен байланыстыратын сызық деңгейінде
жүргізілсе, төменгі шекарасы – жауырынның төменгі бұрыш
деңгейінде жүргізіледі. Медиальді шекарасы жауырынның
медиальді жиегіне сәйкес келсе, латеральді шекарасы –
акромионнан төмен қарай жүргізілген вертикальды сызыққа
сәйкес келеді.
• Теріні препараттау

Аймақтың жоғарғы және төменгі шекараларында екі көлденең
кесік жүргізіледі. Теріні, аймақтың латериальді және медиальді
шекараларына дейін, екі жағынан да теріасты майы қабатымен
қоса препараттайды. Әдетте, жауырын өсінде орналасатын,
бірнеше қабаттардан тұратын, бұлшықеттердің тығыз беті
теріастынан тығыз байқалады. Теріасты шандырларын
аймақтың латеральді бойлық бойынан анықтап, бір жағына
қарай препараттайды. Сонымен қатар, жіңішке шандырлармен
көмкерілген бұлшықеттер мынадай түрде айқындалады:
• медиальді жағынан – жауырын өсінен жоғарыда және төменде
орналасқан трапециятәрізді бұлшықет (m. rapezius);
• жауырынның медиальді жиегінің төменгі үштік деңгейінде орналасқан
ромбтәрізді бұлшықет (m. rhomboideus);
• жауырынның төменгі бұрышының алдынан көлденең өтетін арқаның
жуан бұлшықеті (m. latissmus dorsi);
• жауырынның жиегі мен төменгі бұрышынан латериальді орналасқан
үлкен дөңгелек бұлшықет (m. teres major);
• аймақтың жоғарысыртқы бөлігінде орналасқан дельтатәрізді
бұлшықет (m.deltoideus);
• Жауырынның артқы бетінде, дельтатәрізді және трапециятәрізді
бұлшықеттердің жиектердің арасында басқа бұлшықеттерге
қарағңанда өте тығыз фиброзді қабықшалармен көмкерілген өстасты
бұлшықеті (m. infraspinatus).
Жауырын, дельтатәрізді, иықтың артқы және шынтақтың артқы
аймақтарын препараттау кезіндегі терінің кесіктері.

1- m. deltoideus;

2 – m. triceps brachii (caput longum);

3 – m. triceps brachii (caput laterale);

4 - m. triceps brachii (tendo);

5 – m. tatissumus dorsi;

6 – teres major;

7 – m. Infraspinatus ;

8 – m. Trapezius ;

9 – spina scapulae ;
• Шандырлар мен шандырасты аймақтарын
препараттау

Трапециятәрізді бұлшықеттер жоғарғы жағынан жауырын өсі
жиегіне жанасқан. Трапециятәрізді бұлшықеттердің астында
орналасқан тортәрізді кеңістік саусақтарды тексереді. Мойынның
бұғанаалды кеңістігіне ену кезінде трапециятәрізді бұлшықеттің
шандырларының терең жапырақшаларына бағынышты
кедергілер сезіледі. Осы кеңістіктен латериальді жағына
акрамионасты арқылы өтіп, делтаастытәрізді кеңістікке енуге
болады.
• Дельтаастытәрізді кеңістік.

Дельтатәрізді бұлшықеттерді көмкеретін шандырлар
дельтатәрізді бұлшықеттің артқы жағына параллель орналасып,
медиальді түрде препаратталады. Дельтатәрізді бұлшықетті
көтеріңкіреп, дельтатәрізді бұлшықет пен осында жалғасқан
дөңгелек бұлшықеттің шандырлары арасында орналасқан
тортәрізді кеңістікке енуге болады. Дельтаастытәрізді кеңістік
шандырлы табақша мен өсасты шандырлары арасында
орналасқан.
Жауырын аймағы.

1 – a. tranaversa colli;

2 – a. suprascapularis;

3 – n. suprascapularis;

4 – m. teres minor ;

5 – a. et v circumflexae humeri posteriores, n. axillaris;

6 – caput longum m. tricipitis brachii ;

7 – m. tatissimus dorsi ;

8 - m. teres major ;

9 – m. infraspinatus;

10 – m. trapezius;
Пайдаланылған әдебиеттер
• В.В. Кованова. Оперативті хирургия және топографиялық анатомия.
Москва, «медицина», 1995ж.
• Г.Е. Островерхов, Ю.М. Бумаш, Д.Н. Лубоцкий. Оперативті хирургия
және топографиялық анатомия. Курск, 1998ж.
• А. Рақышев. Халықаралық анатомиялық номенкулатура. Әсем –
систем, дизайн, 2003ж.

Ұқсас жұмыстар
АЯҚТЫҢ ЕРКІН БӨЛІГІН ЖІКТЕП-СЫЛУ ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРУ
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері ( типтері ) жайлы
Плевра қуысы
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым
Бауыр тәрізді мүктер
Анатомияның даму тарихы
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Gudel роботының жетегін жобалау
Пәндер