Анатомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс ерекшеліктерін оқып білу




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Анатомиялық препараттарда мойын,
кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ
омыртқаларының құрылыс ерекшеліктерін оқып
білу.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Омыртқа бағанасы
• Мойын омыртқалары
• Кеуде омыртқалары
• Бел омыртқалары
• Сегізкөз сүйегі
• Құйымшақ сүйегі

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Тұлға сүйектерінің құрамы: омыртқа бағанасы, сolumna vertebralis, және кеуде
қуысын құраушы сүйектерден, ossa thoracis, тұрады. Соның ішінде біздің
қарастыратын тақырыбымыз омыртқа бағанасы болмақ. Мойын және бел
лордоздарын (lordosis cervicalis,lordosis lumbalis), кеуде және сегізкөз кифоздарын
(kyphosis thoracalis,kyphosis sacralis) ажыратады.Кифоздар мен лофоздардың
осылай алмасып орналасуы тек адам омыртқа бағанасына тән түзіліс және тік
жүруіне байланысты.Кифоздар мен лордоздар омыртқааралық дискілермен
бірігіп омыртқа бағанасына серпімділік қасиетін береді. Омыртқаның ортасынан
кесіндіде омыртқа өзегі (canalis vertebralis),омыртқааралық тесіктер
(for.intervertebralia) және шығыңқы омыртқа (vertebra prominens)
көрінеді.Нәрестенің омыртқа бағанасында кеуде қуысы жақсы көрінеді,лордозы
нәрестеде басын өзі ұстауды және отыруды үйренгеннен соң ғана пайда
болады.Бел лордозы жүру қабілетімен бірге қалыптасып,6-7 жасқа толып
қалыптысып .Нәрестенің омыртқа бағанасы денесі мен доғалардың сүйекті
нүктелерінің бірігіп өскен омыртқаларынан тұрады.Бірақ бұл нүктелер әлі
бірікпеген және әр омыртқа өзінше сипатталады.
Омыртқа бағанасы

Омыртқа бағанасы, columna vertebralis, бір-бірімен өзара сап
түзеп тізбектеліп орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады.
Омыртқа бағанасы 7-мойын омыртқасынан, vertebrae cervicalis,
12-кеуде омыртқасынан, vertebrae thoracicea, 5-бел
омыртқасынан, vertebrae lumbales, сегізкөз сүйегінен, os sacrum,
және 4 немесе 5 құйымшақ омыртқасынан, os coccyges, тұрады.
Ересек адамдарда омыртқа бағанасының сагитал жазықтығының
бойында орналасқан 4 иіндері, curvaturae: мойын, кеуде, бел
немесе құрсақтық және сегізкөздік немесе жамбастық иірімдері
ажыратылады. Бұл иірімдердің ішінде: мойын, бел иірімдерінің
дөңес (лордозы) жағы алға қарай бағыт алса, кеуде және сегізкөз
иірімдерінің дөңес жағы (кифозы) артқа қарай бағытталған.
Түр өзгешелігіне
қарай омыртқалар

Негізгі Жалған
Мойын, кеуде 1,2 мойын,сегізкөз
Бел омыртқалары Және құйымшақ
• Омыртқалар

Омыртқа, vertebrae: денесінен, доғасынан және жеті өсіндісінен
тұрады.
Омыртқа денесі, corpus vertebrae, деп омыртқаның қомақтылау келген
алдыңғы бөлігін айтамыз. Омыртқалардың көршілес омыртқа мен
дискілер арқылы беттесетін жоғарғы беттері, ойыстау келген алдыңғы,
артқы беттері және дөңестеу келіп омыртқа қуысына қараған артқы
беттері ажыратылады.
Омыртқа доғасы, денесі мен жалғасар жерінде жіңішкелеу келе
омыртқа доғасының аяқшаларына, pediculus arcus vertebrae, одан әрі
табақшаға ұласып, омыртқа денесімен бітесе жалғасады.
Доға аяқшаларының жоғарғы бетінде, жоғарғы омыртқалық
тілігі,incisura vertebralis superior, төменгі бетінде төмендеу болып
келген төменгі омыртқалық тілік,incisura vertebralis inferior, орналасқан.
Омыртқа өсінділерінің саны 7, өсінділердің аттары
орналасуына және атқаратын қызметіне қарай
аталынады. Арқа өсіндісі тақ өсіндіден, қалғандары жұп
өсінділерден тұрады. Омыртқа өсінділерінің барлығы да
омыртқа доғасынаң бойында орналасқан. Жоғарғы жұп
буын өсіндісі, processus articularissuperior, доғаның
жоғарғы бетінде орналасса, төменгі жұп буын өсіндісі,
processus articularis inferior, доғаның төменгі бетінде
орналасса, көлденең жұпөсіндісі, processus transversi,
доғаның бүйір бетінде орналасқан.
Буын өсіндісінің негізгі қызметі: іргелес өзі аттас
омыртқаның буын өіндісімен өзара беттесіп, буын құрау.
Мойын омыртқалары

Мойын омыртқалары – vertebrae cervicalis. Жалпы
саны 7 (С1-С7). Мойын омыртқаларының жалпы көлемі
бірінші, екінші омыртқалардан басқалары, кеуде
омыртқаларына қарай төмен бағыт алған сайын, мойын
омыртқаларына түсетін салмақтың өсуіне байланысты
көлемі ұлғая бастайды.
Сыртқы пішіні мен түр өзгешеліктеріне және атқаратын
қызметіне қарай мойын омыртқалары: негізгі(типтік)
омыртқаларға (С3-C7) және жалған (атитипатикалық)
омыртқаларға (С1-C2) бөлінеді.
• Омыртқа тесігі, foramen vertebrale,үшбұрыш тәрізді болып
келген;
• Буын өсінділері, processus articulares,қысқалау және
қиғаштау болып, фронтальді жазықтықтың бойында орналасқан;
• Арқа өсінділері, processus spinosus – мойын омыртқаның
доғасынан бастап 7- мойын омыртқаға дейін біртіндеп ұзарып,
артқа және төмен қарай бағытталған. Арқа өсіндісінің ұштары 6-
мойын омыртқаға дейін айырылып орналасқан;
• Көлденең өсінді, processustransversi, қысқалау және бүйір
қапталына қарай бағытталған;
• Ұйқы артериясының төмпешігі, tuberculumcaroticum;
• Қабырғалар енетін тесік, foramina intervertebralia;
• I мойын омыртқа

Ауыз омыртқа немесе атлант, atlantseu atlas,
бас сүйекпен буын арқылы тікелей
байланысуына және оған түсетін салмақтың
көлеміне байланысты, сыртқы пішіні өзгеше
болып келген. Ол: алдыңғы, артқы доғасынан
және жұп бүйір бөліктерінен тұрады.
1. Алдыңғы доғасы, arcus anterior, ол бірінші
мойын омыртқа денесінің эмбрионалдық даму
кезіндегі қалдығы болып саналады
2. Артқы доғасы, arcus posterior, сыртқы беті
доғалау келген, мұнда арқа өсіндісі нашар
дамып, жетілмегендіктен, артқы төмпешігі,
tuberculum posterior, айқын байқалады.
3. Бүйір бөліктері, massa lateralis, ол
алдыңғы, артқы доғаларына қарағанда
қомақтылау болып келген.
• II мойыномыртқа

Біліктік немесе тіректік омыртқа, axis seu epistropheus, деп
аталады.
Негізгі ерекшеліктері:
Денесінің жоғарғы бетінде тіс тәрізді немесе тісі, dens,
орналасқан;
Жоғарғы буын өсіндісі, processusarticularis superior, нашар
дамыған;
Төменгі буын өсіндісі, processusarticularis inferior, жоғарғы
буын өсіндісіне қарағанда жақсы дамып, фронтальді
жазықтықтың бойында орналасқан;
Арқа өсіндісі ұзындау келіп, ұшы айырылған.
• VII мойын омыртқа

Шығыңқы омыртқа, vertebraeprominens, деп аталынады.
Ерекшеліктері:
Денесі басқа мойын омыртқаларының денесіне
қарағанда қомақтылау болып келген;
Арқа өсіндісі ұзындау, ұшы айырылмаған;
Көлденең өсіндісі ұзындау болып келген. Көлденең
өсіндісінің тесігі өте тар, кейбір кезде бітісіп қалады.
Кеуде омыртқалары

Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae. Жалпы саны 12. Мойын
омыртқаларына қарағанда үлкендеу, бел омыртқаларына қарағанда
кішілеу келген.
Ерекшеліктері:
Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның
басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық
шұңқыршалар, foveacostalis, орналасқан;
Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалақ
тесігін құрайды;
Буын өсінділері, processusarticularis, 12 кеуде омыртқаның төменгі буын
өсінділерінен басқалары фронтальді жазықтықтың бойында орналасқан.
Бел омыртқалары

Бел омыртқалар, vertebrae lumbalis. Жалпы саны бесеу.
Ерекшеліктері:
Ең ірі омыртқа;
Арқа өсіндісі қысқалау;
Қабырғалық өсінді негізінің артқы бетінде әлсіз айқындалған
қосымша өсінді processusaccesoriusорналасқан;
Қабырғалық өсінді, processuscostalis, ол құрсақтық даму кезінде
пайда болған қабырғалық сүйектік нүктеден дамыған;
Буын өсінділері, processusarticularis, сагиталды жазықтықтың
бойында орналасқан.
Сегізкөз сүйегі

Сегізкөз омыртқалары, vertebrae sacralis. Жалпы саны бес.
Сегізкөз сүйегі, os sacrum. Сыртқы пішіні сына тәрәзді болып келген. Ол
соңғы бел омыртқамен беттесіп, буындасып, жамбас қуысының артқы
қабырғасын құруға қатысады.
Ерекшелігі:
Денесі ойыстау келген, жамбас қуысына қараған беті, facies pelvina,
дөңестеу, бұдырлау келген дорзальді беті, facies dorsalis sacri, және жұп
бүйір беттері, facies lateralis, ажыратылады. Сонымен бірге жалпақтау
келген негізгі, basis ossis sacri, төмен және алға қарай бағытталған
сүйірленген ұшы, apex ossis sacri, ажыратылады. Алдыңғы беті facies pelvina;
сүйектік сызықшалар lineae transversae; 4жұп алдыңғы сегізкөздік тесіктер
foramina sacralia anterior; сыртқы беті facies dorsalis ossis sacri; ортаңғы қыры
crista sacralis mediana,бүйір бағыттағы екі жұп қыры intermedia;
Құйымшақ сүйегі

Құйымшақ сүйегі, os coccygeus, немесе құйымшақ
омыртқасы, vertebrae coccyges. Сыртқы пішіні пирамида
тәрізденіп, алға қарай иіліп орналасқан. Негізі немесе
табаны сегізкөз сүйегіне қарай бағытталса, ұшы төмен
қарай бағытталған. Құйымшақ мүйізшесі cornua
coccygea,орналасқан
Қорытынды

Сонымен омыртқа ағзада тірек қызметін атқарады.
Ол S әріпіне ұқсас формада болып келеді. Омыртқа бағанасы 32-34
омыртқалардан тұрады.Олар 7 мойын (vertebrae cervicales) 12 мойын кеуде
(vertebrae thoracicae),5 бел (vertebrae lumbales), бір сегізкөз сүйегіне
біріккен (os sacrum) 5 сегізкөз омыртқасы (vertebrae sacrales) және
құйымшақ түзетін 3-5 құйымшақ (vertebrae coccygeae) омыртқаларынан
тұрады.Егер омыртқагы алдынан қарасақ оның ені әр бөлімдерінде бірдей
болмайды.Мойын және кеуде омыртқаларының шекараларында,сонымен
бірге сегізкөз аймағында омыртқалар ортаңғы кеуде және мойын бөліміне
қарағанда жалпақтау болып келеді.Омыртқалар салмағы жоғарыдан төмен
қарай көбейеді.Бұл жоғары жатқан бөлімдердің қысымының өсуімен
түсіндіріледі.Адамның омыртқа бағанасының өз жолында бірнеше иілімдері
болады.Алға қарай дөңес бағытталған қисық лордоз (lordosis),алға қарай
ойылған қисық кифоз (kyphosis) деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Адам анатомиясы» атлас Ү.Ж. Жұмабаев 2005 ж
2. «Адам анатомиясы» Рақышев А 1995 ж
3. Әубәкіров.Ә.Б Жаналиева М.К «Адам анатомиясы» атлас Астана
2012
4. Нұрмахамбетова Б.Н Лимфа жүйесінің функционалдық
анатомиясы.Оқу құралы Алматы 2007
5. Рақышев А.Р Адам анатомиясының атласы І,ІІ том.Алматы :
«Кітап»,2006.
6. W.w.w.google.kz
7. W.w.w.yandex.ru

Ұқсас жұмыстар
Мойын омыртқаларының негізгі ерекшеліктері
Бел омыртқа
Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу
Омыртқа бағанасының физиологиялық және патологиялық иілімдері
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Төс сүйектері
ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
Жамбас түсінігі
Жұлын нервтері өрімдерінің түзілуі, олардың топографиясы және нервтендіру аймақтары
Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Пәндер