Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері ( типтері ) жайлы


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері (типтері) .

Slide 2

Жоспар

Кіріспе;

Негізгі бөлім;

Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері

Антропология ұғымы

Антропометрия

Дене бітімінің түрлері (типтері)

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Анатомия - тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия - зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді.

Slide 4

Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері

• жүйелі анатомия - адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер, бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді; • мүсіндік (пластикалық) анатомия - адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;

Slide 5

• топографиялық анатомия - адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді; • салыстырмалы анатомия - әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;

Slide 6

• түр анатомиясы - жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды; • түқым анатомиясы - мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді; • жас анатомиясы - жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды; • қалыпты анатомия - ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді; • сырқаттық (патологиялық) анатомия - ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;

Slide 7

• микроскопиялық анатомия - жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді. Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады: остеология - сүйектер жүйесі туралы ілім; синдесмология - сүйектер байланыстары туралы ілім; миология - бұлшықеттер туралы ілім; дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім; спланхнология - ішкі ағзалар туралы ілім; эндокринология - ішкі секреция бездері туралы ілім; ангиология - тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім

нерология - жүйке жүйесі туралы ілім ;

эстезиолония - сезім мүшелері туралы ілім ;

Slide 8

Еркек тұлғаның антропометриялық мiнездемелерi

Slide 9

Антропология ұғымы

Антропология - адам жөніндегі ғылым, бұл бағыт ХІХ ғасырдан басталған. ХХ ғасырда антропология ғылымы екі бағытпен кетеді. Біріншісінде, француздардың айтуы бойынша, антропология деген адамның универсальды ғылымы дейді (адамның жалпы құрылысы, демеуі, психологиясы, тілі т. б. ) . Бұл көбінесе батыс елдерінде, АҚШ-та қабылданған. Екінші көзқарас бойынша, антропология бұл тек қана адамның физикалық құрылысы, адамның белгілі бір уақыттағы, кеңістіктегі өзгергіштігі.

Slide 10

Біздің елде антропология - адамның шығу тегі. Физикалық конституциясы, дамуы, өсуі және жасына қарай өзгергіштігі. Соның ішінде жыныс ерекшеліктері, адамның тарихы және нәсілдерге бөлінуі.

Антропология негізгі үш бөлімнен түрады:

Адам морфологиясы.

Адамның антропогенезі.

Адамның нәсілдерге бөлінуі және этникасы.

Slide 11

Антропология (грекше arthropos - адам, logos - ілім) - адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізген. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнографиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. ХІХ ғасырдың ортасынан антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан.

Slide 12

Оның бірі - ХVІІІ ғасырдағы француз ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамға тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын т. б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды.

Slide 13

Ал екінші көзқарас - адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Мұны Ресей, т. б. елдердің ғалымдары қуаттайды. Қазіргі кезде антропология ғылымы 3 түрлі өзекті мәселеге - адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі - антропометрия яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т. б. әдістер де пайдаланады. Антропология ғылымына П. Брок, Р. Мартин, Л. Мартин, Л. Лики, А. П. Богданов, Д. Н. Анучин, В. В. Бунак, Я. Я. Рогинский, В. П. Алексеев т. б. ғалымдар ерекше үлес қосты.

Slide 14

Антропометрия

Антропометрия - адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (XIX ғ. ) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т. б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады.

Slide 15

Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т. б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.

Slide 16

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т. б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т. б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері. Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.

Slide 17

Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді.

Slide 18

Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Адамның антропометриялық сипаттамалары адам денесінің және жеке бөліктерінің өлшемдерімен анықталады. Ол мәліметтер анағұрлым рациональді еңбек жағдайларын жобалау үшін пайдаланылады. Олар жұмыс орнының кеңістіктік ұйымдастырылуын есептеуге, көру және қол жету аймақтарын орнатуға, жұмыс орнының конструктивтік параметрлерін анықтауға көмектеседі, сонымен қатар қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді. Адамның антропометриялық сипаттамаларын статикалық және динамикалық деп екі түрге бөледі.

Slide 19

Статикалық сипаттамаларына адам денесінің жеке бөліктерінің статикалық өлшемдері жатады, бастың өлшемі, қолдың буыны өлшемі, табан өлшемі. Динамикалық сипаттамаларына буындардағы айналу бұрыштары кіреді, қол жеткізу аймағы (моторлық аймақ), дененің қозғалу әсері. Статикалық сипаттамалар сызықтық және доғалық бола алады, яғни сызықтық бірліктермен де, доғалық бірліктермен де өлшенеді.

Slide 20

Адамның дене пропорциясы идеалды болу керек. Сүйектерді өлшегенде біз дененің пішінін, үлкендігін білеміз. Сонымен бірге, жұмсақ ұлпалардың көлемін білуіміз қажет. Арнаулы сызғыш арқылы ұзындығын және шеңберлі өлшемдерін жүргіземіз. Көп өлшемдер адамның дұрыс сақталған түрқына байланысты, әсіресе, остеологияда. Антропометрия көрсеткіштеріне: дененің ұзындығы, сүйектің үзындығы мен бойдың биіктігі, бас сүйегінің қаңқасы, бас сауытыңың сыйымдылығы, беттің ұзындығы, мұрынның биіктігі, беттің көлденең өлшемдері, мұрынның жалпақтығы т. б. жатады.

Slide 21

Дененің қалыптасқанына адамның үзындығы, көлденең өлшемі және салмағы жатады. Бойы ұзын болса, басқа өлшемдері де үлкен болса, оны дұрыс кореляция деп атайды. Ал денесі ұзын болып, басқа өлшемдері кемірек болса, оны бүрыс корреляция дейді.

Slide 22

Дене бітімінің түрлері (типтері) .


Ұқсас жұмыстар
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Ғылымдарды іріктеу жөнінде
Темперамент түсінігі
Балаларға көмек
Антропометриялық өлшеу
Өсу даму антропометриясы
Фарабидің шарттары
НӘРЕСТЕГЕ ҮЙІНДЕ ПАТРОНАЖ ЖАСАУ
Дағдыларды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz