Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі. Плазмолиз,гемолиз, тургор. Гипо-, изо-, және гипертонды ерітінділер туралы


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі. Плазмолиз, гемолиз, тургор. Гипо-, изо-, және гипертонды ерітінділер.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі.

2. Рауль заңы.

3. Плазмолиз, гемолиз, тургор.

4. Гипо-, изо-, және гипертонды ерітінділер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Осмос - еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанд төмен. Таза еріткіш жағынан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі.

Slide 4 Slide 5

Сыртқы ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе теңдік күй орнайды. Мұндай тепе теңдік ке сәйкес келетін қысымды осмостық қысымы деп аталады. Осмос қысымы - осмосты тоқтату үшін ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен осмос қысымы деп ерітіндіні еріткішпен тепе теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірілетін қысым.

Slide 6

Еріткіш молекулаларының жартылай өткізгіш өткел арқылы жүйедегі еріген заттың концентрациясы төмен бөлігінен жоғары бөлігіне өздігінен өтү (диффузия) процессін осмос деп атаймыз.

Осмос құбылысын бақылау үшін қарапайым осмометр деп аталатын құрал қолданылады. Осмостық қысым мен концентрацияны байланыстырған Вант-Гофф заңы. Оны 1887 жылы ашты. Ерітінділер мен қышқылдарда осмос қысымы әртүрлі болып табылады

Slide 7

Осмос салдарынан ішкі ыдыстағы ерітінді көлемі ұлғаяды. Ерітінді көлемінің ұлғаюын тоқтату үшін ішкі ыдыстағы ерітіндіге сырттан қосымша қысым түсіру қажет. Осмосты тоқтату үшін ерітінді үстіне түсірілген қосымша қ Рауль заңы - ерітінді бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі, еріген заттың мольдік үлесіне тең.

Slide 8

Раульдің (1) заңының салдары: еріткіштің ерітіндіден кристалдану температурасының төмендеуі ерітіндінің молялдығы мен еріткіштің криоскопиялық константасына тура пропорционал. Рауль (2) заңының салдары: еріткіштің ерітіндімен салыстырғанда қайнау температурасының жоғарылауы ерітіндінің молярдығы мен еріткіштің эбулиоскопиялық константасына тура пропорционал қысым осмос қысымы деп аталады.

Slide 9

Осмостың биологиялық маңызы; изотондық ерітінділер-осмостық баланстық бұзылуын болдырмау үшін тамыр арқылы егуге; глаубер тұзы және ащы тұз -ішті жүргізетін препараттар ретінде; дәкеден жасалған гипертонды танғыштар мен ауырғанда күре тамыр арклылы егуге қолданылады.

Slide 10 Slide 11

Изотондық ерітінділер-осмостық қысымы бірдей ерітінділер.

Slide 12

Гипотонды ерітінділер-стандарты ерітіндімен салыстырғанда осмостық қысымы төмен ерітінділер

Slide 13

Гипертонды ерітінділер-стандартты ерітіндімен салыстырғанда осмостық қысымы жоғары ерітінділер

Slide 14

Гемолиз-жасушаны гипотонды ерітіндіге салғанда жасушаның ісіну құбылысы

Slide 15

Плазмолиз-жасушаны гипертонды ерітіндіге батырғанда жасушаның жиырылу құбылысы

Slide 16

Осмос нәтижесінде түскен ылғалдан жасушалар ісінбеуі үшін олардың сырты қатты қабықшадан тұрады. Осыған байланысты оларда күшті қысым пайда болады, ол тургор деп аталады

Slide 17

Қорытынды

Жартылай өткізгіш мембрана арқылы төмен концентрациялы ерітіндіден жоғары ерітіндіге еріткіш молекулаларының біржақты өздігінен жүретін диффузиясы осмос деп аталады. Осмос процесі өте күрделі және оның табиғаты осы күнге дейін жеткілікті зерттелмеген, осмос құбылысын арнаулы аспаптарда осмометрлерде бақылауға болады. Осмосты тоқтату үшін ерітіндіге таңуға қажетті гидростатикалық қысымды осмос қысымы деп атайды.

Slide 18

Осмос қысымы Па немесе Ньютон 1м2 пен өлшенеді. осмостық қысым ерітіндіде еріген зат болғандықтан, еріткіштің химиялық потенциалы төмендеуіне байланысты болады. Барлық жүйелер өзінің бүкіл көлемінің барлық бөліктерінде химиялық потенциалдарын теңестіріп, бос энергияның төмен мәнді күйіне өтуге ұмтылады. Осмос қысымы бірінші кезекте ерітіндінің концентрациясына байланысты болады.

Slide 19

Қолданылған әдебиеттер

Патсаев Ә. Қ, Мамытова В. К, Нарманов М. М, Серимбетова Қ. М Бейорганикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған Шымкент 2005ж

Глинка Н. Л «Общая химия» Л., Химия 1984

Угай Л. Л «Общая химия» М., ВШ 1997

Оганесян Э. Т «Неорганическая химия »М., ВШ 1987

Патсаев А. Қ, Мамытова В. К «Руководство к лаборатор-но-практическим занятием» Шымкент2003г

Т. Браун, Г. Ю Лемей «неорганическая химия» М, ВШ, 1981


Ұқсас жұмыстар
Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі. Плазмолиз,гемолиз, тургор. Гипо-, изо-, және гипертонды ерітінділер
Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі
Осмос және онкотикалық қысым. Изотоникалық коэффициент. Қышқылдық және негіздік теориясы. Протолиттік тепе-теңдік. Қанның буферлік жүйесі
Өсімдік клетка - осмостық жүйе
Буферлік жүйелер, олардың биологиялық және практикалық маңызы
Инъекцияға арналған ерітінділер
Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу
Микроорганизм клеткасының органикалық заттары
Сұйытылған ерітінділер
Еріген зат еріткіш ерітінді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz