Витамин тәрізді заттар. Алиментарлы, екіншілік авитаминоз жане гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Витамин тәрізді заттар.
Алиментарлы, екіншілік авитаминоз жане
гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Витамин тәрізді заттар
Витамин жетіспеушілік
Авитаминоз
Гиповитаминоздар
Гипервитаминоз
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Витаминдер адам ағзасы үшін маңызды орын
алады.Ағзаның дұрыс өсіп дамуы үшін, әр түрлі
аурулардың алдын алу үшін күнделікті тағамдық
рационымызда ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай
витаминдер болуы қажет.Біз денсаулығымыз жайында
көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек.
Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс
тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес,
дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына
емес, табиғиларына жақын жүруі.
Витамин тәрізді заттар
Инозит (витамин В8) − алты атомды циклдік спирт.
1895 жылы атақты орыс ғалымы В.И.Палладин
өсімдіктерден фосфор қышқылымен қосылысқан
алты атомды циклды спиртті бөліп алды.
Инозит − ми липидтерінде табылған.
Емдік қасиет көрсеткен зат − алопецке қарсы фактор
болып аталған, кейіннен инозиттың фосфорлы эфирі
болып табылды.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: бұл витамин
химиялық құрылысы жағынан гексозаларға ұқсас, ол
гексиддердің 9 изомерінің бірі.
Инозит кристалды зат, суда жақсы ериді. Биологиялық
активтілігі жағынан күштісі, оның стереоизомері −
мезоинозитол.
Биологиялық маңызы: Жануарлар
организмінде инозит липотропты заттың
рөлін атқарады. Инозит фосфолипидтердің
құрамына кіреді. Инозиттің биологиялық
қызметі де құрамында осы аталған
заттармен байланысты.
Оның жеткіліксіз болуы нәтижесінде ФЛ
синтезі бұзылады, бауырда ТАГ жиналып,
бауырда май басу дистрофиясы дамиды.
Бұлшықет дистрофиясынды липотропты
препарат ретінде қолданылады.
Табиғатта таралуы: Инозит бауыр, ет,
жұмыртқа белогі, картоп,
саңырауқұлақтарда көп. Тәуліктік
қажеттілігі: 1 − 1.5 гр.
Орот қышқылы (витамин В13) урацил − 4 − карбон
қышқылы.
Биологиялық маңызы: Активті формасы оротидин − 5 −
фосфат пиримидин негіздерінің, нуклеотидтердің
синтезіне қажет. Белок синтезін, жасушалардың
бөлінуін, жануарлардың өсуі мен дамуын стимулдейді.
Шала туылған балалардың бойын өсіруге, анемияда,
миокард инфарктында, бұлшық ет дистрофиясында,
регенеративті процестердің күшеюі үшін қолданылады.
Табиғатта таралуы: Жануартекті өнімдерде кең
таралған. Грек тілінде Horos – молозиво деген ұғымды
білдіреді. өсіп келе жатқан организм үшін және
регенерация кезінде қажеттілігі артады.
Ғ витамині (қанықпаған май қышқылдары).
Эссенциалды май қышқылдары − линол, линолен, арахидон қышқылдары: C 17H31COOH,
C17H29COOH, C19H31COOH.
Биологиялық маңызы: мембрана фосфолипидтерінің құрамына кіреді. Липидтердің
агрегаттық күйін қалыптастырады. Простагландиндер синтезінің көзі ретінде
пайдаланылады.Глицериннің ерігіштігін (антиатерогендік әсері) арттырады. Тромбо
түзілуін азайтады.
Ғ − витаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының
бұзылуы салдарынан адамдарда склероз құбылысы байқалады, бұл кезде қан
тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады. медицинада атеросклероз бен
күресу де peros линетол құрамында линол, линолен, арахидон қышқылдарының эфирі
бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары
температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады.
Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес
өнімдердегі триглицеридтер мен фосфолипидтер құрылымында болады. Арахидон
қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі.
Табиғатта таралуы: өсімдік майларында көп кездеседі. Арахидон қышқылының бір
тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0.1% немесе линол қышқылының
не линолен қышқылының 1% шамасындай. Тәуліктік қажеттілігі: 5-10 гр.
Липой қышқылы (витамин N)
Липой қышқылы (витамин N) – 8 көміртегінен
тұратын органикалық қышқыл. Көп компанентті
жүйенің құрамында ацил топтарын
тасымалдауда қолдаынады. Негізгі қызметі
тіндерде α − кето қышқыл олардың тотығуыдан
декорбоксилденуіне тікелей қатысады. Липой
қышқылы тиаминпирофосфот пен КоА
мультиферменттік пируват және кетоглутарат −
дегидрогеназды жүйесінде простетикалық топ
ретінде қызмет атқарады. Алайда,
микроорганизмдерде, жануарлар тіндерінде,
өсімдіктерде липой қышқылының синтезі толық
анықталмаған.
Биологиялық маңызы: Тотыққан
және тотықсызданған формада
болуына байланысты түрлі
белоктың ішінде күшейеді. Дене
еңбегі кезінде бауырда гликоген
сақталады, артық мөлшерде
жиналмайды.
Препараттарды бауыр
зақымданғанда, қант диабетінде,
ауыр уланғанда қолданылады.
Парааминобензой қышқылы (ПАБҚ)
1940 жылы Вудс сульфаниламидті препараттардың гемолитикалық
стрептокактарға бактериостатикалы әсер ететіндігін анықтады. Түрлі
жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, парааминобензой қышқылы
жетіспесе, онда шаштың, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпта
жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді. Химиялық табиғаты мен қасиеттері:
Парааминобензой қышқылы − бензой қышқылының туындысы, молекуласында
пара − жағдайда амин тобы бар. Бұл витамин суда, спиртте, эфирде жақсы ериді.
Кристалдары түссіз, қыздыруға төзімді келеді. Парааминобензой қышқылының
диэтиламиноэтил эфирінің хлоро сутек тұзы новокаин деп аталатындығы белгілі.
Оны жансыздандырғыш дәрі − дәрмек ретінде қолданылады.
Биологиялық маңызы: адам организмінде атқаратын басты функциясы − коферменттік
Фолоциннің құрамына кіреді, шөжелерді өсіруде фактор болып табылады, ішек
микрофлорасының тіршілік етуі үшін қажет. Бұл витаман тирозиназаның әсеріне
белсенді түрде әсер етеді, тирозиназа бұл терідегі меланиннің биосинтезінде негізгі
фермент болып табылады.
Медицинада ПАБҚ құрылымдық аналогы кеңінен қолданылады. Атап айтқанда,
антибактериальдық қасиет көрсететін - сульфаниламид.
Парааминосалиация қышқылының антагонисті, соның әсерінен бактерияларда В с синтезі
бұзылады, сондықтан бактериялардың көбеюі тоқтатылады, күнге күюден қорғайтын
косметикалық заттарда қолданылады
Табиғатта таралуы: күріштің кебегінде, басқа да астық тұқымдастарда,бауыр, сүт,
жұмыртқа, ашытқыда көп.
S – аденозилметионин (витамин U) − жараға қарсы витамин.
Витамин кристалды түрде бөлінген, ол
метиониннің метилденген туындысы.
Биологиялық маңызы: активті метил топтарының доноры,
холин, креатин, лецитин, тимин және тағы басқа метил бар
заттардың синтезіне қатысады. АҚЖ кілегей қабаттардың
регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер
ететіндігі анықталған.
Асқазан және он екі елі ішектің жарасын емдеуге
қолданылады. Жараға қарсы фактор деп аталады.
Табиғатта таралуы: шикі көкөністерде, әсіресе капустада,
жаңа сауылған сүтте, бауырды кездеседі. Жараларды
емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 250− 300
мг.
Биологиялық маңызы: Толық зерттелмеген, метионин
сияқты метил топтарының көзі болып табылады.
Холиннің, ФЛ креатин және сол сияқты биосинтезіне
қатысады. В15 фитаминін еңгізгенде оттектік
тапшылыққа деген төзімділік артады, тіндерде оттегінің
пайдалануы күшейеді.
Бауыр аурулары кезінде, атеросклерозда липотроптық
зат ретінде қолданылады.
Табиғатта таралуы: Көптеген тағамдардың құрамында
бар. Ол ашытқыда, картоп шырынында, сүтте,
орамдапырақта, өсімдік тұқымдарында, бауырда
кездеседі. Тәуліктік мөлшері анықталмаған.
Пангам қышқылы (витамин В15 −
антианоксикалық) глюкон қышқылының N –
диметил глицин эфирі.
Ең алғаш рет 1950 жылы
өгіздің бауырынан табылған, кейіннен ол
көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан
табылған. Оның авитаминозы да,
гипервитаминозы да анықталмаған. Алайда,
оны медицинада кейбір зат алмасу үрдісінің
бұзылуымен байланыста ауруларға
қолданылады.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Пангам
қышқылы Д − глюкон мен диметиламиносірке
қышқылдарының күрделі эфирі болады, суда
жақсы ериді, ал хлороформ, эфир, бензолда
ерімейді.
Холин (витамин В4) аминоэтил
Алғашқы рет 1892 жылы А. Стрекер холинді
жұмыртқаның сары уызынан бөліп алды. Кейіннен
ол ми ұлпаларындағы лецитінннің құрамынан да
табылды.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: холин аммоний
гидратының туындысы. Холин− түссіз, сироп
тәріздес зат, сілтілік қасиеті бар, сумен спирттерде
тез ериді. өте оңай комплексті тұздар түзе алады.
Биологиялық маңызы: Фосфотидтердің,
ацетилхолиннің синтезіне қатысады. Ал,
ацетилхолин болса, жүйке және ет клеткаларын
байланыстырушы химиялық медиатор болады.
Холин сонымен бірге адреналин, креатин ,
метионин сияқты биологиялық
активті заттар түзілуіндегі метил
топтарының донаторы болып табылады,
трансметилдену реакцияларына қатысады.
Холиннің жеткіліксіз болуы сипатталмаған,
холиннің жеткіліксіздігі эксперимент арқылы
бауырдың май және липидтердің синтезі
бузылуы түрінде көрінеді.
Табиғатта таралуы: Ет және астық тұқымдас
өнімдерде кездеседі. Ағзада ол тотығып
бетаинге айналады. Ішек микрофлорасында
синтезделеді. Тәуліктік қажеттілігі 250-600
мг.
Карнитин (витамин В7)
Биологиялық маңызы: Карнитин ұзын
тізбекті май қышқылдарының
цитоплазмадан митохондрияларға
тасымалдануына қатысады. Осыған
байланысты БМҚ тотығуын тездетіп,
энергия түзілуіне ықпал етеді. Ұйқы
безінің сыртқы секрециялық қызметін
және спермотогенезді стимулдейді.
Бұлшықет қызметінде
миокардиоситрофияға қолданылады.
Табиғатта таралуы: ет тағамдары
карнитинге бай. Тәуліктік мөлшері: 500
мг
Убихинон (КоQ)
1955 жылы жануарлар майынан Q липовитамині немесе
убихинон бөлініп алынды. Бұл
әсіресе мембрананың митохондрияларында көп кездеседі.
Химиялық табиғаты мен қаситтері: Бұған К және Е витамині
құрылымы жағынан ұқсас болып келеді. Суда ерімейді. Q витамині
хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі метоксилді
топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен
бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар.
Биологиялық маңызы: Митохондрияның тотығу тізбегіндегі
электронды ДТ − дан цитохромдарға тасымалдап, тотығу −
тотықсыздану реакцияларына қатысады. Организмде
синтезделеді.
Бұлшықет дистрофияларында, жүректің
жиырылу қызметі бұзылғанда, анемияның кейбір түрін емдеуге
қолданылады
Витамин жетіспеушілік
Авитаминоз
Авитаминоз немесе Адәруменділік -
дәруменнің толық жетіспеушілігі.
Тағамдағы витаминдердің аздығынан о
рганизмдегі зат
алмасу процесінің бұзылуынан
болатын ауру. Мәселен , «С»
витаминінің жетіспеуінен қызыл
иек тканінің, ауыз шырышты
қабығының қанауынан т. б. белгілерден
байқалады. Ел арасында мұндай
кеселді құрқұлақ деп те атайды.
Егер ұйқыңыз қашып, тәбетіңіз жоғалса,
басыңыз солқылдап ауыра бастаса,
ағзаға В1 мен В9 дәрумендері
жетіспейді деген сөз.Есте сақтау
қабілетінің нашарлауы, іштің ауруы В12
дәруменінің жетіспеушілігінен туады. D
мен Е дәрумендері жетіспесе, ол бірден
байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру
осы дәрумендердің азаюынан хабар
береді. Сондай-
ақ, В15, К, РРдәрумендердің аздығын да
өздігімізден анықтау қиынға түседі.
Гиповитаминоздар
Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам
организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды
гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының
қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт
жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі,
гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады.
Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат
алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға
қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ,
адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-
райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің
жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда
организмде витамин жетіспеушілік артады.
Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы
витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді
көбірек пайдалану қажет.
Тағам құрамында қажетті витаминдердің
болмауы алиментарлық бірінші реттік
гиповитаминоз деп аталады..Ал, ас
қорыту жүйесінің қызметінің бұзылуы
кезінде немесе тағам құрамындағы
майлардың болмауында байқалған
авитаминоз ішек қуысында немесе
гиповитаминоз екінші реттік деп
саналады.
Гипервитаминоз
Витаминдер организмге көп мөлшерде
түссе организм патологиялық жағдайда
болады.Бұл жағдай гипервитаминоз деп
аталады. Гипервитаминоз көбінесе майда
еритін витаминдерге тән. Себебі, олардың
артығы зәрмен керекті мөлшерімен сыртқа
шығарылады.Витаминдердің биологиялық
активтілігін төмендететін немесе толық
жоятын заттар антивитаминдер деп
аталады.
Қорытынды
Жалпы қорыта келсек, витаминдер дегеніміз– тағам құрамында болатын, маңызы
зор, өмірге өте қажетті адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың
организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде керекті төмен
молекулалы органикалық заттар.Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин
ашты. Витамин тәрізді заттар деп аталу себебі,жануарлар мен адам организмінде
синтезделуімен ерекшеленеді,олардың жеткіліксіздігінен авитаминозға тән сыртқы
белгілер байқалмайды.
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің
жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің
тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен
(консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен
көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-
жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Тағамда дәрумендердің
жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп
атайды.
Қолданылған әдебиеттер
1. П. К. Кенжебеков, «Биологиялық химия», Шымкент, 2005 ж.
2. С.О. Тапбергенов «Медициналық биохимия». Алматы, «Эверо», 2009 жыл.
3. Р.Ұ.Бейсенбаева, Б.Т. Төлегенова«Биологиялық химия». Алматы, 2008 жыл.
4. Т.С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова «Биологиялық химия».
Алматы, 2010 жыл.
5. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов . Под
ред. В.Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.
Глоссарий
Витамин — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат
алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті
органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін
1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.
Глоссарий
Авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың
бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар.
Глоссарий
Май — организмге қуат беретін астың жұғымы. Май
ақуыздарды, минерал тұздарды, сондай-ақ майды
ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет.
Глоссарий
Холестерин (холестерол) (көне грекше: χολή — «өт» және көне грекше: στερεός
— «қатты») —— стериндер тобына жататын органикалық зат
Глоссарий
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын
қарапайым химиялық қосылысы.
Глоссарий
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан)
формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы.
Глоссарий
Ақуыз — молекулалары өте күрделі
болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән
азотты күрделі органикалық қосылыс.
Глоссарий
Протеиндер — тек амиак қышқылдарының қалдықтарынан тұратын
қарапайым ақуыздар. Оларға құрылымдық ақуыздар, биологиялық белсенді
ақуыздар, оның ішінде ферменттер жатады. Кейде протеиндер деп барлық
ақуыздарды атайды.
Глоссарий
Тотығу – элементтің немесе заттың оттекпен әрекеттесу процесі; тотығу-
тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу
процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады.
Глоссарий
Химиялық қосылыстар, химиялық заттар — бір немесе бірнеше элемент
атомдарының химиялық байланысу нәтижесінде құралған заттар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz