Кальций-фосфор алмасуының гормондық реттелуі


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Кальций-фосфор алмасуының гормондық реттелуі .

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Гормондар - жалпы шолу

Негізгі бөлім

Қалқаншамаңы бездері

Кальций мен фосфордың биологиялық ролi

Фосфордың биологиялық ролi

Са мен Р-ға қажеттiлiк, оның толықтырылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Гормондар (гр. hormao - қоздырамын, қозғаймын) - эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар.

Slide 4

Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады.

Slide 5

Гормондар - өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.

Slide 6

Қалқаншамаңы бездері

Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көпке дейін қалқанша бездің бір бөлігі деп келген. Кейін жеке бөліп алып зерттегенде (1924) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер паратгормон бөледі.

Slide 7

Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда өр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы і 2 мм. Ер адамда салмағы 30 жасқа дейін, ал әйелдерде 46-50 жасқа дейін өседі.

Slide 8

Қызметі:

1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшөрін реттейді;

2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сінуіне әсер

3) денеден кальций мен фосфордың зөр мен нежіс арқылы жұлуын камтамасыз етеді.

Slide 9

Ауру белгілері. Егер ағзада паратгормон жетіспесе алып тастаса, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфор мөлшері артады. Орталык жүйке жүйесінін қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездерінің ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте мүлдем азаяды.

Slide 10

Сүйектер қисайып, сынғыш келеді, каптамырларда бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады, Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сөулесімен емдейді. Қалканшамаңы бездерінің жүмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

Slide 11

Кальций мен фосфордың биологиялық ролi

Са ерiмеген тұздар Са3(РО4) 2, Са±2, СаСО3, гидроксипатит Са10(РО4) 6(ОН) 2 түрiнде сүйектi тканнiң органикалық емес фракциясының түзiлуiне қатысады.

Slide 12

Бұлшық ет жасушаларының саркоплазматикалық торында болатын Са бұлшық еттiң жиырылуы мен жазылуына қатысады.

Slide 13

Ферменттердiң активаторы ретiнде қан ұюының көптеген сатыларына қатысады.

Slide 14

Жүйке импульсiн өткiзуге қатысады.

Мембраналардың өткiзгiштiгiн азайтады.

Ткандi коллоидтардың суды байланыстыру қабiлетi төмендейдi.

Slide 15

Бiрқатар ферменттердi (актомиозин -АТФ-аза, амилаза) активтендiредi және ұйқы безiнiң трипсинi мен амилазасын тұрақтандырады.

Организмнiң жалпы ерекшелiк емес резистенттiлiгiн жоғарлатады.

Slide 16

Са биологиялық импульстi (гормондар), әр түрлi типтегi клеткаларға беруде сарапшы ретiнде қатысады. Са-дың клеткалық процестерге қатысуы оның цАМФ-пен және бiрқатар болып қызмет атқаратын ерекшелiк кальцийбайланыстырушы белоктармен өзара әсерiмен жанамаланған.

Slide 17

Фосфордың биологиялық ролi

Р-ның негiзгi қызметi сүйек тканi мен тiстердiң бүтiндiлiгiн ұстап тұру мен өсуiне байланысты.

Жоғары эргиялық қосылыстардың тѕзiлуiне қатысады (АТФ, креатин-фосфат) .

Көмiрсулар алмасуының аралық өнiмдерiнiң фосфорилденуiне қатысады (глюкозо-6-фосфат) .

Slide 18

Фосфолипидтiң құрамына кiредi.

Генетикалық маңызды қосылыстардың (ДНК, РНК) синтезiнде құрылыстық блок қызметiн атқарады.

Фосфопротеиндердiң күрделi белоктарының құрамына кiредi (сүт казеинi) .

Клеткалардың және сұйықтықтардың фосфатты буферлi жүйесiнiң түзiлуiне қатысады.

Slide 19 Slide 20

Са мен Р-ға қажеттiлiк, оның толықтырылуы

Күн сайын Са-ды дене салмағының 10-15 мг/кг iшiп-жеу ұсынылады. Са-ға ең бай сүт, сыр, iрiмшiк, жеміс-жидектер. Ішекте тағаммен түскен Са-дың 30%-ке жуығы сiңiрiледi. Өмiрiнiң алғашқы күндерiнде организм қабылдаған бүкiл Са-ды сiңiру төмендейдi, ал жүктiлiк және лактация уақытында артады.

Slide 21

Асқазанның қышқылды iшiндегiсi Са-дың көмiрқышқыл және фосфорлы-қышқылды тұздары диссоциацияланады және Са иондалған формада немесе ерiген хелаттармен комплексiнде iшекке түсiп, сiңiрiлуге ұшырайды.

Slide 22

Тағамдық рационның көптеген компоненттерi және физиологиялық факторлар Са-дың сiңiрiлуiне әсер етедi. Са-дың сiңiрiлуiн Д витаминi, ақуыздар, лактоза, лизин, аргинин, лимон қышқылы, соматотропин арттырады, ал тироксин, кортизол, фосфаттар, фитин қышқылы төмендетедi. Р-дың рационмен тәулiктiк пайдалану 3г құрайды. Р-дың негiзгi мөлшерi сүтпен, етпен және балықпен түседi. Ішекте тағаммен бiрге түскен Р-дың 70%-i сiңiрiледi. Р-дың сiңiрiлуi рационда Са, Мg, Al, Fe-дiң жоғары мөлшерiне байланысты төмендейдi. Na, майлар, фитат, Д витаминi Р-дың сiңiрiлуiне жағдай жасайды. Сiңiру Са мен Р-дың 1/2 тең қатынасы кезiнде сәттi жүзеге асырылады.

Slide 23

Са мен Р-ды организмнен шығару жолдары

Са организмнен негiзiнен iшекпен шығарылады. Оның аз бөлiгi несеп және термен шығарылады.

Slide 24

Фосфаттар организмнен негiзiнен несеппен (64%) және iшек арқылы (32%) шығарылады.

Slide 25

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Эндокриндік жүйе
Тіс ұлпасының құрылысы
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі Минералды заттар
АРАЛАС ТАСТАР
Сілекей мен асқазандағы заттардың ферментативті бөлінуі
Минералды тұздар
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Қан туралы жалпы түсінік
Бауырдың қызметтері
Рахиттің визуальды диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz