Кеуде торының пішінін анықтау
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Такырыбы: Кеуде торының пішінін анықтау.
Жоспар:
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
• Кеуде қуысының сүйектері
• Қабырғалар және оның пішіндері
• Төс сүйек
• Кеуде торы
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae Жалпы саны 12 (Тһ,- Тһ 12). Мойын
омыртқаларына қарағанда үлкендеу, беломыртқаларына қарағанда кішілеу
келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі
кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын
көлемділеу болып келген. Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері: 1) Денесінің
бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп,
буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea
costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетінің
жоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық
бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы
мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costovertebralis, құрауы.
Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 (Thj-Tlij) бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және
төменгі қабырғалық шүңқыршалар, fovea costalis superios et inferior, орналасса, 10 (Th ,)
кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық
шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен
өзара беттесіп, 10-жүн қабырғанын, қабырға омыртқасының буынын құрайды.Омыртқа
доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік,
мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.Колденең, өсінділер
processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларыны да көлденең
өсіддісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда жәде артқа қарай бағытталған.
Кеуделік омыртқалардың көлдедең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың
төмпейшегінде буын бетімен беттесіп, бүтін күрайтың, көлденең өсіндісінің қабырғалық
иін шұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан.
Кеуде қуысының сүйектері;
қабырғалар және оның пішіндері
Қабырғалар, costae, жалпақтау және
жіңішкелеу келіп, кеуде қуысына қарай
иіліп, симметриялық жағдайда орналасқан
12-жұп қабырғалардан тұрады.
Қабырғалар: ұзындау келген артқы
сүйектік бөліктен және қысқалау келген
алдыңғы шеміршектік бөліктен тұрады.
Сүйектік бөлігі: омыртқалық және
қабырғалық ұшынан және денесінен
тұрады.
• Қабырғаның төмпешігі, tuberculum costae, жоғарғы 10-
қабырғаның маңында орналасқан. Қызметі: төмпешіктердің буын
беттері кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісіндегі
шұңқыршалардың буын беттерімен беттесіп, буын құрайды.
• Қабырғаның мойыны, collium costae, бұл сүйектің өте жіңішкелеу
келген бөлігі болып саналады. Жоғарғы бетінде I, XII қабырғадан
басқа қабырғалар да мойын қырқалары, crista collicostae,
орналасқан.
• Қабырғаның басы, caput costae, қабырғаның омыртқалық ұшында орналасқан. Мұнда кеуде
омыртқаның қабырғалық шүңқыршаларымен беттесіп, буын құрайтын буын беттері, fades
articularis capitis costae, айқын байқалады. II —X қабырғалардың буын беттерінде горизонталь
бағытта орналасқан қабырға басының қырқалары, crista capitis costae, арқылы көлемді келген
жоғары және кішілеу келген төменгі буын беттеріне бөлінген. Бұл буын беттері омыртқалардың
аралығында қабырғалық шұңқыршақтармен беттесіп, буын құрауға қатысады.
• Қабырғаның омыртқалық ұшы: басынан, мойнынан және денесінен тұрады.
• Қабырғаның денесі, corpus costae, қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік ұшының
аралығындағы бөлікті құрайды. Қабырғаның денесі сүйектік бөліктің тым ұзын бөлігі болып
саналады. Қабырғаның омыртқалық ұшы мен жалғасқан жерінде қабырғаның бұрышы, angulus
costae, орналасқан. Қабырғалардың бұрышы I қабырғатөмпешігінің маңында орналасса, қалған
қабырғаларда төмен бағытта орталық сы-зықшадан латеральды бағытта ХІ-қабырғаға дейін
ауытқып орналасқан. XI, XII қабырғалар-да қабырғалық бұрыштары дамымаған.
Қабырғалардың денесі, corpus costae, барлық қабырғаларда
жалпақтау келіп, сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан.
Денесінің дөңестеу келген сыртқы беті, ойыс келіп кеуде қуысына
қараған ішкі беті және доғаддау келген жоғарғы қыры, өткірлеу
келген төменгі қыры ажыратылады. Қабырға денесінің кеуде
қуысына қараған бетінің төменгі жиегінің ішкі қапталында,
қабырғалық нервтер мен қантамырлар өтетін қабырға астылық
жүлгелері, sulcus subcostalis, орналасқан.
Қабырғаның шеміршектік ұшы, cartilago costalis, сүйектік бөліктің тікелей
жалғасы болып саналады. Олар I қабырғадан VII қабырғаға дейін біртіндеп
ұзара келіп, төс сүйегімен тікелей буын арқылы буындасқан. I қабырғадан
VII қабырғаға дейінгі қабырғаларды негізгі қабырғалар, costae verae, деп,
төменгі VIII қабырғадан X қабырғаға дейінгі қабырғаларды, жалған
қабырғалар, costaespuriae, деп, алХІ.ХІІ қабырғаларды қозғалмалы
қабырғалар, costae fluctuantes, деп аталынады. Қозғалмалы қабырғалар
деп аталу себебі, төс сүйегіне жетпей ұштары құрсақ бұлшықеттердің
аралығында орналасқандықтан. VII, VIII, X, X қабырғалардың шеміршектік
ұштары төс сүйегіне жетпей бір-бірімен өзара жалғасып, қабырғаның
доғасын, arcussternicostae, құрайды.
Қабырғалардың ішінен I, II және XI, XII қабырғалар өзгешелеу келеді.
1. Бірінші қабырға, costa prima, басқа қабырғаларға қарағанда жалпақтау, қысқалаужәне
горизонтадді жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің бұдырлау келген жоғарғы беті,
тегістеу келген төменгі беті және дөңестеу келген сыртқы қыры, ойыстау келген ішкі қыры
ажыратылады. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін төмпешігі,
tuberculum т. scaleneus anterior, орналасқан. Бұлтөмпешіктің алдында бұғана астылық
венаның жүлгесі, sulcus v. subclaviae, артында бұғана астылық артерияның жүлгесі, sulcus
a.subclaviae, орналасқан. Сонымен қатар, бірінші қабырғаның басы, мойыны және
төмпешігі жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық, қырқаларыжоқ.
2. Екінші қабырға, costa secunda, сагитальды жазықтық пен горизонталді жазықтықтың
аралығында орналасқан. Денесінің бұдырлау сыртқы беті ойыстау келген, ішкі беті
ажыратылады. Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшық еттің, т. serattus
anterior, бұдыры айқын байқалады.
XI, XII қабырғалардың ұштары
құрсақ бұлшықеттердің аралығында
орналасқандықтан қозғалмалы
қабырғалар деп аталуы сол себепті.
Ерекшеліктері: буын басытолық,
қырқасы жоқ. Мойыны, төмпешігі
мен бұрышы нашар дамыған.
Сыртқы пішіні қылышқа ұқсаған.
Төс сүйек
Төс сүйегі — sternum, өз аддына дара,
сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған, жалпақ
және ұзындау келген. Кеуде торының
алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады.
Төс сүйегі үш бөліктен: тұтқасынан —
manubrium sterni, денесінен — corpus
sterni, және семсерлік ұшынан —
processus xiphoideus, тұрады. Олар бір-
бірімен өзара шеміршектік ткандар
арқылы байланысқан.
1. Төс сүйегінің тұтқасы — manibrium, төс сүйегі бөліктерінің ішіндегі көлемді бөлік.
Жоғарғы бөлігі қалыңдау, төменгі бөлігі жұқалау, енсіз болып келген. Жоғарғы
жиегінде саусақпен сипағанда айқын байқалатын мойындырық тілігі — incisura
jugularis, бүйір қапталында бұғана сүйегінің төстік ұшымен беттесіп, буын құрайтын
бұғаналық тілігі — incisura clavicularis, орналасқан. Бүйір қапталында I қабырғаның
шеміршектік ткані арқылы байланысқан қабырғалық тілігі — incisura costalis,
орналасқан. Одан төменірек II қабырғаның тілігі -incisura costalis II, орналасқан.
2. Төс сүйегінің денесі — corpus sterni, ол бұл сүйекті тұтқасына қарағанда үш есе
ұзындау және енсіз келген. Әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда қысқалау
болып келген. Төс сүйегінің денесі тұтқасы мен шеміршек ткандар арқылы
байланысып, дөңес жағы алдына қараған төс сүйегінің бұрышын — angulus sterni,
құрайды.
Денесінің алдыңғы бетінде, эмбрионалдық даму кезінде, денесін
құраушы сегменттердің дара шеміршектік ткандар арқылы, одан
кейінгі 1-солжақ бұғана; 2-темендеген қолқа; 3-өкпе қақпасы; 4-
өкпе сабауы; 5-жүрек; 6-солжақ өкпе; 7-көкет (солжақ күмбезі); 8-
көкет (оң жақтың күмбезі); 9-жоғарыланған қолқа; 10-оң жақ
күмбезі; 11-қолқа доғасы; 12-қабырға (артқыбеті); 13-солжақ
бұғанасы; 14-оңжақ жауырын; 15-солжақ жауырын; 16-қабырға
(алдыңғы жағы) даму кезеңдерде сүйектік ткандар арқылы бітісіп,
көзге әлсін байқалатын көлденең сызықшалары — lineae
transversus, айқын байқалады.
Төс сүйегі денесінің бүйір қапталында, екінші
қабырғадан жетінші қабырғаға дейінгі
аралықта қабырғалардың шеміршектік
ұшымен беттесіп, буын құрайтын 4 жұп
толық, 2 жұп жартылай қабырғалық тіліктер
— incisura costales, орналасқан. Жартылай
тіліктің бірі 1-қабырғаның шеміршектік
ұшымен беттесіп буын құраса, екінші жарты
тілік VII қабырғаның шеміршектік ұшымен
беттесіп, буын құрау қызметін атқарады.
Қалған 4 жұп толық тіліктер II- VI
қабырғалардың шеміршектік ұшымен
беттесіп буын құрайды.
3. Төс сүйегінің семсерлік ұшы — processus xiphoideus, бұл сүйектің
басқа бөліктеріне қарағанда қысқалау, сыртқы пішіні өзгермелі
болып келген. Эмбрионалдық даму өзгермелі келеді. Кейбір
кезеңде, N ұшы айырылып, ортасында тесігі, ұштары алға
немесе артқа қарай ауытқып орналасуы байқалады. Бүйір
қапталындаЛШ қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп,
буын құрайтын тілігі орналасқан. Төс сүйегінің семсерлік ұшы
17-18жас-қа дейін шеміршектік тканнан, одан әрі сүйектік
гкандар арқылы бітісіп, біртұтас төс сүйёгін құрайды.
Кеуде торы
Кеуде торы, compages, немесе кеуде қуысы, cavum thoracis. Ол 12
кеуде омыртқалар мен 12 жұп қабырғалар және төс сүйегі арқылы
және өзара буындар мен дәнекер ткандар арқылы шеміршектік
ткандар арқылы байланысу нәтижесінде құралған қуыстық кеуде
торының сыртқы пішіні кесілген конусқа ұқсаған. Қуыстықтың
тарлау келген жоғарғы тесігі, жалпақтау келген төменгі тесігі және
алдыңғы, артқы, бүйір қабырғалары ажыратылады.
1. Кеуде торының алдыңғы қабырғасы: төс сүйегінен және қабырғаның шеміршектік
бөлігінен тұрады. Ол қиғаш бағытта, әсіресе гөменгі бөлігі алға қарай ығысып
орналасқан.
2. Кеуде қуысының артқы қабырғасы: 12-кеуде омыртқасынан және 12 жұп қабырғаның
басынан бұрышына дейінгі қабырғалық ұшынан, extremita vertebralis, беліктен
құралған. Артқы қабырғасы алдыңғы қабырғасына қарағанда биіктеу келген.
3. Бүйір қабырғалары: 12 жұп қабырғаның бұрышынан шеміршектік бөлігіне дейінгі
бөліктерінен тұрады. Кеуде қуысының бұл қабырғасы кеуде торының басқа
қабырғаларына қарағанда биіктеу сыртқы беті дөңестеу болып орналасқан. Кеуде
торының сыртқы арқалық бетінде, кеуде омыртқалардың арқаөсіндісі мен қабырға
бұрышының аралығында, вертикалді бағытта орналасқан екіжақты сайлар
орналасқан. Бұл сайларда, арқаның терең орналасқан бұлшықеттері орналасады.
Сонымен қатар, кеуде торының жоғарғы және төменгі тесіктері немесе апертуралары
ажьіратылады.
1. Кеуде қуысының жоғарғы апертурасы — apertura thoracis superior, төменгі апертураға
қарағанда шағын келген. а) алдында: төс сүйегінің тұтқасының жоғарғы жиегімен; ә) артында:
1-кеуде омыртқаның денесімен; б) бүйір қапталы: 1-қабырғаменшектелген. Бұл апертураның
сыртқы пішіні көлденең жазықтықтың бойында сопақша болып, артынан алға қарай қиғаш,
еңкіштеу бағытта орналасқан. Төс сүйегі тұтқасының жоғарғы жиегі 2-3 кеуде омыртқалардың
аралығындағы деңгейге сәйкес келеді.
2. Кеуде қуысының төменгі апертурасы — apertura thoracis inferior, алдында: төс сүйегінің
семсерлік ұшымен; бүйір қабырғасы: қабырғалардың шеміршектік бөлігінің доғасымен және
XI, XII қабырғалардың шеміршектік бөлігіғгің фиброздық ткандарымен; артқы қабырғасы: 12-
кеуде омыртқаныңденесімен шектескен. Төс сүйегінің семсерлік ұшы қабырғаның доғасы-мен
бірлесіп, төмен қарай бағытталған төменгі төстік бұрышты — angulus infrastemalis, құрайды.
Қорытынды
Сонымен қатар, кеуде торының артқы ішкі бетінде кеуде омыртқалардың денелері мен
қабырғалар бұрышының аралығында вертикаль бағытта екі жақтық өкпе сайлары —
sulcus pulmonales, бойтепкен. Екі қабырғаның аралығындағы кеңістікті қабырға аралық
кеңістік — spatium intercostalis, деп аталады. Бұл аралықта қабырға аралық жарғақ пен
бұлшықеттер және қантамырлар, нервтер орналасқан.
Кеуде торының жалпы пішіні адамның жас ерекшеліктеріне байланысты: жалпақ,
цилиндр, конустәрізді болып келеді.
Кеуде торы енсіз ұзын болып келген адамдарда: кеуде торы кең адамдарға қарағанда,
төстік бұрышы жіңішкелеу және қабырға аралығы алшақтау келеді.
Кеуде қуысы ер адамдарда, әйел адамдарға қарағанда, ұзындаужәне кендеу немесе
конус тәрізді болып келеді. Сыртқы пішіні жасына және жыныстық ерекшеліктеріне
қарай өзгермелі келеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Сипельников Р.Д. Атлас анатомии человека
2. Рақышев А.Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім.
— М.: ГЭОТАР – Медиа, 2014.
3. Досаев Т.М. Адам анатомиясы. –Ақ-Нұр, 2013.
4. Г.Е. Островерхов, Ю.М. Бумаш, Д.Н. Лубоцкий. Оперативті
хирургия және топографиялық анатомия. Курск, 1998ж.
5. Алшынбай Рақышев. Анатомия. Алматы білім баспасы 1994 ж. І
кітап
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz