Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың биологиялық ролі, фарм. препараттартарын алуда және анализдеу кезінде комплексондардың фармация мен медицинада қолданылуы. Гемоглабин және кобальттың комплексті қосылыстарының фармация мен медицинада қолданылуы, химиялық негізі




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Кешенді қосылыстар. Кешенді
қосылыстардың биологиялық ролі, фарм.
препараттартарын алуда және анализдеу кезінде
комплексондардың фармация мен медицинада
қолданылуы. Гемоглабин және кобальттың
комплексті қосылыстарының фармация мен
медицинада қолданылуы, химиялық негізі.
Жоспар

I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
Кешенді қосылыстар,құрылымы.
Кешенді қосылыстардың номенклатурасы мен түрлері.
Кешенді қосылыстағы химиялық байланыс.
Химиялық қасиеттері.
Биологиялық маңызы; медицинада, фармацияда қолданылуы.
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе

Кешенді қосылыстар,
координациялық қосылыстар – жай
химиялық қосылыстардың
әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін
құрамы күрделі химиялық
қосылыстар. Кешенді қосылыстарға
кристаллогидраттар CuSO4*5H2O,
аммиакаттар CaSO4*4NH3, ашудас
KAl(SO4)2*12H2O, т.б. күрделі
қосылыстар жатады. Кешенді
қосылыстар теориясын алғаш (1893)
Швейцария химигі А.Вернер ұсынды
және оны координациялық теория
деп атады.
Құрылымы

Кешенді қосылыстар теориясын алғаш (1893) Швейцария химигі А.Вернер
ұсынды және оны координациялық теория деп атады. Бұл теорияға сәйкес
Кешенді қосылыстарда орт. орын алып тұрған ион немесе атом кешен
түзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған
иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен
түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны
оның координациялық саны деп аталады.
Комплекс түзілу реакциялары электрон жұптарының тасымалдануымен
жүзеге асады және бұл комплексті қосылыстарының түзілуіне не
бұзылуына әкеледі.
Комплксті қосылыстардың ерекшелігі болып,олардағы донорлы-
акцепторлы механизм арқылы түзілген координациялық байланыстың
болуы.
Комплекс қосылыстар

Комплексті қосылыстар ерітінді
күйде
болуға қабілетті,жай молекулалардан
тұратын жоғары ретті қосылыстар де
п қарастыуға болады.
Комплексті қосылыстар деп
лигандалармен қоршалған орталық
атомның болуымен
ерекшеленетін,кристал күйде
де,ерітінді түрінде де бола алатын
қосылыс.
Кешенді ионның заряды сыртқы ионд
ар зарядының қосындысына тең,
бірақ мәні кері болады.
Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамын
а кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебр.
қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды.
Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің
қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады.
Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO,
NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б.
Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында ан
иондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланыст
ы. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса,
сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды
теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Химиялық байланыс

Комплекс қосылыстардың түзілуі орталық
атом мен лиганда арасындағы донорлы-
акцепторлы әсерлесуге байланысты.Әдет
те электрон жұбының доноры
лиганда болса,акцепторы бос
орбитальды болатын орталық атом.Бұл
байланыс өте берік және комплекстің
еуі кезінде үзілмейді,оны
координациялық байланыс деп атайды.
Изомерия
Химиялық байланыс
Кешенді қосылыстарда δ-байланыстармен қатар донорлы-акцепторлы
механизм бойынша π-байланыстар түзіледі.Мұндағы донор өзінің d-
электрондарының лигандаға беруші метал ионы,ал акцептор –
энергетикалық тиімді вакантты орбитальдары болатын
лигандалар.Бұл байланысты дативті деп атайды.
Химиялық қасиеттері

Комплекс түзілу процестері клмплексті
ионды түзетін барлық бөлшектердің
қасиеттеріне әсер етеді.Лиганда
мен комплекс түзушінің арасындағы
байланыс беріктігі жоғары болған сайын
қасиеттері соншама аз дәрежеде
байқалады.Комплек қосылыстар орталық
атомның координациялық қанықпаған
және лигандалардың бос электрондары
болуынан химиялық белсенді болады.
Мұнда комплекс орталық атоммен
лигандалар қасиеттерінен жоғары
электрофильді және нуклеофильді
қасиеттерге ие.
Комплекс реагентпен әрекеттесу порцесі мына қосылсытар түзілгенде
жүреді:
А)аз диссоциаланатын қосылыс;
Б)аз еритін қосылыс;
В)одан тұрақты қосылыс;
Г)тотығу-тотықсыздану өнімдері
Жай бөлшектерден құралған комплекс ионы олардың өлшемінен
үлкен болады.Оның қасиеттері мен беткейіндегі заряд тығыздығы
өзгереді.Жай бөлшектерден комплексті қышқылдар түзілгенде Н
иондарымен байланыс энергиясы азаяды,қышқыл күші артады.
Қасиеттері

Комплексті қосылыстар тотығу-тотықсыздану реакцияларын
көрсетеді:
[Cu(NH3)4]²⁺+Zn=[Zn(NH3)4] ²⁺+Cu
Комплекс түзілу үрдісі d-элментерінің потенциал шамаларына күшті
әсер етеді.Егер катиондардың тотықсызданған түрі ,берілген
лигандамен оның тотыққан түрімен салыстырғанда тұрақтырақ
комплекс түзсе,онда потенциал шамасы өседі.
Лиганда табиғатына қарай:аквакомплекстер,аммиакаттар,
ацидокомплекстер,гидрокомплекстер,макроцилді комплекстер
болып бөлінеді.
Комплекс зарядының таңбасына қарай катионды-комплексті
қосылыстағы комлексті катион[Co(NH3)6]Cl3 анионды-комплексті
қосылыстағы анион K[PF6],нейтрал-комплекс заряды 0-ге тең,сыртқы
сферасы жоқ.
Жіктелуі

Кешенді қосылыстың белгілі бір класқа жатуына байланысты:
Комплексті қышқылдар H2[SiF6]
Кешенді негіздер [Ag(NH3)2]OH
Кешенді тұздар K4[Fe(CN)6]
А)кешен түзуші атом санынан қарай:монядролы-кешенді бөлшек
құрамында бір атом кешен түзуші болады,мысалы-[Co(NH3)6]Cl3;көп
ядролы кешенді бөлшек құрамында бірнеше атом кешен түзуші
болады.
Биологиялық маңызы
Ағзадағы химиялық элементтердің рөлі сан түрлі.Микроэлементтердің
(C, O, N, H, S, P, Ca, CI, Mg, K, Na) ең негізгі функциясы
терінің құрауы,осмос қысымын қалыпты ұстап тұру.
Микроэлементы (Cu, F, I, Fe, Mo, Zn, Br, Co),
ферментер,гормондар,витаминдер құрамына кіреді де,зат
алмасу,көбею,тері тыныс алу поцестеріне қатысады.
Макро және микроэлементтер-сүйек пен тіс ұлпаларының материалы.
K2[PtCl]4 құрылымы
КҚ-ң биологиялық маңызы
Ағзада кездесетін кешенді қосылыстарда
өтпелі металдар ионы болады: Mn, Co, Fe
V.Бұл металдардың ағзада мөлшері аз,сон
дықтан кешенді
қосылыстардың ағза өмірі үшін маңызы зо
р.Себебі: негізінен кешенді
қосылыстардың қызметі-атом немесе бүтін
молекуланы тасымалдайды,
молекулаларды белгілі жерге бекітіп,
поляризациялайды.Кешен түзуші
металдар-өмірге қажеттелірге жатады.
Порфин

Тірі ағзалар үшін (жануарлар,бактериялар,өсімдіктер)
порфин деп аталатын заттың төрт координациялық орныды алып
отыратын металдардың кешенді қосылысының маңызы зор. Порфин
тобы-пирролотәрізді циклді қосылыстар, =СН-топтарымен біріккен.
Порфиндердің туындылары-порфириндер.Адам ағзасында
порифириннің І изомері ауытқу кезінде байқалады.
Таза порфириндер адам ағзасында ешқандай биологиялық
белсенділік танытпайды.Олар тек металдармен қосылыс түзе
отырып,әсер береді(гем-порфирин мен темір ионының комплексі).
Таза күйінде порфириндер жұмыртқа қабығының түсін беріп тұратын
пигменттер,құс қанатындағы пигменттер күйінде болады.
Порфириндер

Порфириндер-қанық боялған қосылыстар.Оларға қазіргі кезде
ароматты циклді қосылыстар жатады.Қызыл түсті порфириндерде
пирролдар метинді көпіршелер арқылы өзара байланысқан,мұнда
макроуикл-порфин деп аталады.Хлорофилдерде,жасыл түстілерде
бір не екі пирролы гидрирленген және молекула хлорин деп аталады.
Кобалиндер үшін,негізінен В12 дәрумені үшін төрт цикл де
гидрирленген,бұл цикл коррин деп аталады.
Гемоглобин,миоглобин,каталаза цитохромдары мен пероксидазада
порфириндер темір иондарымен –гем түрінде кешен түзеді.
Хлорофилдер мен бактериохлорофилдерде магний бар. В 12
дәруменінде орталық ион ретінде кобальт болады.
Гемоглобин

Атмосфералық оттегінің пайдаланылуы тірі ағзалар үшін маңызды био
химиялық үрдіс.Оттегі гемоглобин арқылы өкпеден бұлшықеттерге та
сымалданады да,миоглобин бұлшықетінде бекітіліп тұрады.Гемоглоби
н мен миоглобин ферропротопорфин тобы бар темір(ІІІ)кешенді қосыл
ыстары.
Темірдің кешенді қосылыстары

Темірдің кешенді қосылысы-
ферроценилалкилполифторазолалар,
ісікті қайтаратын белсенді әсері бар.
Темірдің кешенді қосылысы онкологиялық
ауруларды емдеудің көзі боп
табылады.Ісікке қарсы препарат ретінде
құрамында азолды ферроцендердің
туындысы-
ферроуенилалкилполифторазолдар
ұсынылады.жалпы формуласы: R = H, X =
CF3 немесе R = H, X = CHF-CF3 .
Натрий

Натрий сульфаты(глаубер тұзы) ішті босатқыш зат ретінде
қолданылады.Бұл тұз асқазанға түседі де,осмос қысымын ұзақ уақыт
бойы жоғары етеді.Соның арқасында асқазанда су мөлшері көп
жиналып,калл массасы тезірек сыртқа шығады.
Натрий тетраборат антисептикалық зат ретінде қолданылады.
Мыс

Қазіргі кезеңде 25 мысты ақуыздар мен ферменттер бар.
Ферменттердің бір бөлігі оттегімен әсерлесуді катализдейді.
Қазіргі таңда мысты ферменттер мен ақуыздардың 25 түрі белгілі.
Ферменттердің бір бөлігі субстрат пен оттегінің әрекеттесуін
белсендіртеді Бұл ферменттер органикалық қосылыстардың тотығуна
қатысатын оттегі молекуласын белсендіртеді.
Үлкен концентрацияда мыстың ерімтал тұздары токсинді келеді. Бұл
құбылыс мыстың ақуызбен ерімейтін бионеорганикалық хелаттар-
альбунминаттар түзілуімен түсіндіріледі.
Медицина мен фармацияда қолданылуы

Биокомплекстік қосылыстар тұрақтылығы бойынша ажыратылады.Ола
рдың кейбіреуінің тұрақты болғаны сонша,олар әрқашан да
ағзада болып,белгілі бір функцияны атқарып тұрады.
Құрамына металл ионы кіретін көптеген ферменттер тірі ағзада
келесі қызметтер атқарады:1)Олар ферменттердің активті
орталығының электрофильді тобы болып келеді және субстрат
молекулаларының теріс зарядталған бөліктерімен әсерлесуге
мүкіндік береді.
Металл ионы фермент құрылымының каталитикалық активті
коыормациясын қалыптастырады.
Кейде түрлі тотығу дәрежесін көрсететін метал иондары электрондар
тасымалдауына қатысады.
Ағзадағы инкорпирирленген улы бөлшектерді шығару үшін
қолданылатын препараттарды дедоксиканттар деп атайды.
Улы бөлшектерді
металл комплексонаттары көмегімен,нәтижесінде
металдардың улы иондары хелаттау нәтижесіндегі металда
рдың
улы иондары улы емес байланысқа ауысады,олар мембрана
арқылы өтіп,транспортталып,ағзадан шығарылады.Сондықт
ан,
комплексонаттарды медицина,ветеринария,өсімдіктер өсіру
де
кеңінен қолдану ағза детоксикациясын қамтамасыз етеді.
Медицинада түрлі аурулардың алдыналу үшін фармацевтикалық
препараттар көптеп жасалады.Бұл препараттардың радиоактивті
магнитореакционды және флюресцентті белгілер зондтардың
қызметін атқаруға қабілетті катиондары болады.
Радиофармацевтикалық препараттардың негізгі компоненттері
ретінде кейбір металдардың радиозонттары қолданылады.Бұл
изотоптардың катиондарын комплексондармен хелаттау олардың
ағзадағы улылығын жоғарылатады,олардың тасымалдануын
жеңілдетіп,бір мүшеде таңдамалы жиналып қалуын белгілі бір
шекке дейін қамтамасыз етеді.
Ревиатоидтық ауруларды емдеуде дифосфонаттарды қолданады.Олар
қабынуға қарсы препараттар
мен артритке қарсы заттар түрінде әсерлі болады.
Кобальттың комплексті қышқылдары ақуыз алмасуының активтілігін
жоғарылатады,бұлшықет ақуыздарының синтезін тездетеді.Мырыштың
комплекс қосылысы диабетке қарсы препарат-инсулин болып келеді.
Қорытынды

Кешенді қосылыстар, – жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі
нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар. Кешенді
қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4 5H2O, аммиакаттар CaSO4 4NH3,
ашудас KAl(SO4)2 12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады. Кешенді
қосылыстар теориясын алғаш (1893) Швейцария химигі А.Вернер ұсынды
және оны координациялық теория деп атады. Бұл теорияға сәйкес Кешенді
қосылыстарда орт. орын алып тұрған ион немесе атом кешен түзуші деп, ал
оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе
молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына
координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық
саны деп аталады. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының
қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін
Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының
зарядының алгебр. қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды.
Қолданылған әдебиеттер

1. Сейтембетов Т.С. Химия : Оқулық / Т. С. Сейтембетов. - Алматы :
Эверо, 2010.
2. Патсаев Ә.Қ, Жайлау С.Ж “Аналитикалық химия негіздері,
Шымкент, 2005ж
3. Фармацевтическая химия”, Москва “Медпресс-информ”, 2007 г.
4. Основы аналитической химии /под ред. Ю.А.Золотова в 2х кн.
М.:Высш.шк.,1996
5. Өтелбаев Б. Химия, 3 кіт. Шымкент: Полиграфия, 1998.

Ұқсас жұмыстар
Комплекс түзуші
d - элементтердің сонымен қатар Cr, Mo, W қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
d - элементтердің сонымен қатар азот, фосфор, мышьяк қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
Кешенді қосылыстардың аналитикалық химиядағы маңызы
Кешенді қосылыстар
Медицинада олардың қосылыстарының қолданылуы
Тіршілікке қажетті элементтер
Мырыш - ІІБ топ элементі
Донорлы - акцепторлы байланыс. Комплексті қосылыстар
Күкірттің физикалық қасиеті
Пәндер