Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы. Изоферменттер. Мүше- спецификациялық ферменттер туралы


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы. Изоферменттер. Мүше-спецификациялық ферменттер.

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе:

Коферменттер туралы жалпы түсінік

II. Негізгі бөлім:

б) Коферменттердің түрлері

в) Коферменттердің химиялық құрылымы мен қызметі

с) Коферменттердің классификациясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Коферменттер-құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар көптеген ферменттер витаминге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады. Коферменттерге активтік тобы бар витаминдер тиаминпирофосфат (в1 витаминнің туындысы ), никотинамидті коферменттер (РР витамині бар) жатады.

Slide 4

I. Витаминдық коферменттер:

1. (НАД, НАДФ)

2. Флавиндік(ФАД, ФМН)

3. Тиаминдық(ТМФ, ТДФ, ТТФ)

4. Кобамидтық (метилкобаламин, дезоксикобаламин)

5. Пиродиксиндік(ПАЛФ, ПАМФ)

6. Фолаттық(ТГФК)

7. Хинондық(убихинон, пластохинон)

II. Витаминдік емес коферменттер:

1. Нуклеотидтер(УДФ-глюкоза, көмірсутектердің,

спирттердің нуклеотидтық туындылары ж/е т. б)

2. Моносахаридтердің фосфаттары(глюкоза-1, 6-дифосфат, 2, 3-дифосфоглицерат)

3. Металлпорфириндер(гемдер, хлорофилдер)

4. Пептидтер(глутатитон)

Slide 5

Витаминдық емес коферменттер:

1. коферменттер

НАД+ және НАДФ+ (НАД+ , НАДФ+ ) . Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид (РР витамині) болып табылады.

НАД+ пен НАДФ+ тотықсызданған кезде придиннің төрт валенті азот үш валенттіге ауысады және субстраттағы гидрид-ион С4 күидегі никотинамидтік сақинаға ауысады.

НАД пен НАДФ-тің тотықсыздану реакциясы:

НАД +Н +Н НАД-Н+Н

НАДФ +Н +Н НАДФ-Н+Н

Slide 6

Витаминдық емес коферменттер:

1. коферменттер

НАД+ және НАДФ+ (НАД+ , НАДФ+ ) . Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид (РР витамині) болып табылады.

НАД+ пен НАДФ+ тотықсызданған кезде придиннің төрт валенті азот үш валенттіге ауысады және субстраттағы гидрид-ион С4 күидегі никотинамидтік сақинаға ауысады.

НАД пен НАДФ-тің тотықсыздану реакциясы:

НАД +Н +Н НАД-Н+Н

НАДФ +Н +Н НАДФ-Н+Н

Slide 7

Тиаминдық коферменттер(ТПФ, ТДФ, ТТФ)

H3C олар апоферменттпен мықты баиланысқан болады және простетикалық топ деп саналады. ТПФ молекуласындағы активті бөлік-тазол сақинасының - CH тобы сол топтың көмегімен ол субстаратпен байланысады.

ТПФ апоферментпен байланысып, декорбаксилаза түзеді. ТПФ - коферменті в1 витаминінің туындысы, оның тиазол сақинасында күкірт бар. Ол апоферментпен мықты баиланысқан.

Slide 8

Кобамидтік коферменттер.

Бұлардың пайда болу көзі-витамин В

Цианкобаламиннің орталық бөлігінің (1) және оның екі туындысы-коб- амидтік коферменттердің: метилкобаламин(2) мен 5’- (3) құрылыс нобайы. R’-5’-дезоксиаденозил; R-5, 6-

Slide 9

5. Пиридоксиндік коферменттер.

Бұл коферменттердің негізі В6 витамині, коферменттің құрамында бір-біріне ұқсас үш қосылыс: пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксиамин кіреді.

В6 витаминнің негізгі активті туындысы пиридоксаль-5-фосфат болып саналады.

Slide 10

Липой қышқылы коферменті құрамында дисульфидтік топ бар, ол топ тотығып екі сульфгидрилдік топ (-SH) құрайды да, дигидролипой қышқылына айналады.

Липой қышқылы өзінің карбоксил тобы арқылы лизиннің ε-амин тобымен апоферментпен пептидтік байланыс жасайды және декарбоксилаза ферменті түзіледі.

Коферменттер

Оксидоредуктаза

Трансфераза

Гидролаза

Лиаза

Изомераза

Slide 11

В1 дәрумені (антиневриттік)

В1 дәрумені - тиамин. Антиневриттік дәрумен. 1912 жылы Функ алғаш рет кристалл түрінде бөліп алып, В1 дәруменінің құрамында аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан, тиамин депаталады.

Slide 12

В1 дәрумені -тиаминохлорид

В1 дәруменінің биологиялық белсенді түрі тиаминдифосфат (ТДФ) болып табылады. ТДФ күрделі екі ферменттік жүйенің - пируват және а - комплекстің құрамына кіреді. полимерфттік комплекс ацетил -SkoA және СО2 түзілетін пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуін катализдейді.

а - полимерфтік комплекс сукцинил- SkoA және СО2 түзілетін а - кетоглутараттың тотыға декарбоксилденуін катализдейді.

Slide 13

В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады. Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т. б. жануарлар да аурады.

Slide 14

В2 дәрумені -рибофлавин.

Өсу дәрумені 1953 жылы Кун бөліп алған. Рибофлавин молекуласының негізгі гетероциклді қосылыс- изоаллоксизиннен тұрады. Ондағы 9-Nтомына бес атомды рибитол байланысқан.

Slide 15

Рибофлавин

В2 дәруменінің биологиялық белсенді түрі флавинмононуклеотид (ФМН) және (ФАД) . ФМН- рибофлавиннің фосфатпен комплексі, ал ФАД рибофлавиннің аденил қышқылымен комплексі болып табылады.

Slide 16

В2 авитаминозының белгілері

Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу процесін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұлшық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойының өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопеция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит) . Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пайда болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тілдің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы) .

Slide 17

В2 гипервитаминоз белгілері

Бойдың өспей қалуы, бойдың буылтып қалуы, терінің өзрегуі, ангулярлық стоматит.


Ұқсас жұмыстар
Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы. Изоферменттер. Мүше-спецификациялық ферменттер
Витаминді коферменттер
Коферменттердің түрлері
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Ферменттің активті орталығы
Коферменттердің биологиялық құрамы
Ферменттер әсерінің теориясы
Ферменттер және коферменттер туралы ақпарат
Ферменттер мен коферменттер жайлы
Ақуыздан қышқылынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz