Нəресте жəне ерте жастағы балалардың бауыр құрылысының жəне қызметінің ерекшеліктері
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Нəресте жəне ерте жастағы
балалардың бауыр құрылысының жəне қызметінің
ерекшеліктері.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
– Бауырдың балалардағы құрылымының ерекшеліктері
– Бауырдың балалардағы қызметінің ерекшеліктері
– Бауырдың балалардағы өлшемдері
– Балалардағы бауырдың жеке бөлімдерінің
топографиясы мен анатомиясы бауырдың қанмен
қамтамасыз етілуі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бауыр (hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту
безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және
қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда
май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде
бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы
жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас зат
(бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы
жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол
организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас
қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек
адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының
оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан.
Негізгі бөлім
Бауырдың балалардағы құрылымының
ерекшеліктері. Бауыр паренхимасы аз
мамандалған, құрылымының бөлшектігі тек 1
жаста анықталады, толыққанды
болғандықтан әр түрлі патологияларда бауыр
мөлшері тез ұлғаяды, әсіресе жұқпалы
аурулар мен интоксикацияларда.
• Жаңа туған нәрестелердің бауырында 75-
80% су болады (ересекте – 65-70%).
• Жас ұлғая келе бауыр құрамындағы тығыз
заттардың мөлшері артады.
• Бауыр құрылымының дамуы негізінен 4-5
жаста аяқталады.
Бауырдың балалардағы
қызметінің
ерекшеліктері. Ерте
жастағы балаларда бауыр
құрылымының жеткіліксіз
жетілгендігі оның улы
өнімдерді бейтараптау,
қорғаныстық иммундық
денелерді түзу және басқа
да қызметтерін жүзеге
асыру мүмкіндіктерін
төмендетеді.
Жас балаларда бауырдың функционалдық
мүмкіндіктері салыстырмалы түрде төмен.
Әсіресе жаңа туған нәрестелердің ферменттік
жүйесі әлсіз. Соның ішінде, эритроциттер
гемолизі кезінде босап шығатын тікелей емес
билирубиннің метаболизмі толығымен
жүзеге аспайды, нәтижесінде физиологиялық
сарғаю дамиды.
Дүниеге келгеннен кейін
асты қорыту үшін
маңызды болып
табылатын өтті бөліп
шығарудан басқа бауырда
көмірсулар, ақуыздар мен
майлардың синтезінің, су-
минералды, пигменттік,
дәрумендік
алмасулардың
реттелуінің белсенді
үрдістері жүзеге асады.
Бауырдың балалардағы өлшемдері
Жаңа туған нәрестенің бауыры – іш қуысының 1/3
(2/3) бөлігін алып жататын ең үлкен мүше. Бұл
құрсақ ішілік даму кезеңінде бауырдың қан түзу
қызметін атқаруымен байланысты.
Нәрестедегі көлемі 130-170 см³, ересектерде
1400-1700 см³.
Бауырдың салыстырмалы салмағы жаңа туған
нәрестеде үлкен болып, жас ұлғая келе азаяды,
ал абсолютті салмағы артады.
Жаңа туған нәресте бауырының салмағы
шамамен 120-150 г болады. 2 жасқа таман
бауыр салмағы 2 есе, ал 3 жасына қарай 3 есе
артады.
Жаңа туған нәресте бауырының биіктігі 8
см, ені 11 см, ал қалыңдығы 7,5 см. Бұл
өлшемдердің ересектердікіне қатынасы
биіктігі мен ені үшін 1/2, ал қалыңдығы үшін
2/3-1/2 құрайды. Биіктігі мен енінің
арасындағы қатынас нәрестеде 1,4:1, ені мен
қалыңдығының арасында да 1,4:1, яғни
бірдей болады. Ересекте бұл қатынастар
сәйкесінше 0,95:1,2-1 және 1,5:1.
Балалық жастағы бауырдың көлемдерінің
ересек адамнан айырмашылығы
Балалардағы бауырдың жеке бөлімдерінің
топографиясы мен анатомиясы
Нәресте бауырының формасы ересектікінен
бауыр мөлшерінің 1/3 бөлігін
құрайтын солжақ бөліктің қарқынды дамуының
салдарынан ерекшеленеді. Бұл бөлік көкеттің
сол жақ бөлігімен және көкбауырмен жанасады.
Бауырдың оң жақ бөлігіне байланысты кеуде
қуысының артқы беткейі сыртқа қарай шығыңқы
болып, ал бауыр тіні бауырдың тәж байламы мен орақ
тәрізді байламға енеді.
Бауырдың диафрагмальды беткейі оң жақ қабырға
асты мен эпигастрий аймақтарын түгелдей және сол
жақ қабырға асты аймағының көп бөлігін алып жатыр.
Диафрагмальды беткейдің жоғарғы шеті оң жақтан
орта бұғана сызығы бойымен V немесе VI, ал сол
жақтан VІ немесе VІІ қабырға деңгейіне дейін жетеді.
Төменге қарай біраз дөңестеу келген
бауырдың төменгі шеті оң жағынан мықын
сүйектен 10-15 мм қашықтықта жатса, сол
жағынан қабырға доғаларымен 7-10
қабырғалар деңгейінде қиылысады, бірақ бұл
қатынас кейіннен өзгеріп, 2,5 жаста
бауырдың орналасуы ересектегідей болады.
Төменгі шеті кіндіктен 10 мм арақашықтықта
болады, бірақ кейде оған да жетеді.
Бауырдың төменгі шеті сол жақ Х қабырға
деңгейінде аяқталады. Кейінірек
бауырдың сол жақ бөлігі кіндіктік қан айналымның
тоқтауының және дамып келе жатқан асқазан
қысымының салдарынан көп мөлшерде
регрессияланады. Осылайша, баланың 7 айында
бауырының сол жақ бөлігі тек көкбауырмен
жанасады, ал 18 айында ересектегідей қалыпқа ие
болады. Бауыр мен көкбауыр арасындағы
кеңістікке асқазан енеді.
Оң жақ бөліктің висцеральды беткейінде
артынан алдына қарай
мынадай басылымдарбар: бүйрек үсті безінің,
бүйректің және тоқ ішектің. Толған кезде тоқ ішек
басылым орнынан алға қарай жылжып кетеді,
осылайша бауыр мен оның төменгі шетіне дейін
жететін жіңішке ілмектердің арақашықтығын
азайтады. Кейде сигма тәрізді ішек ілмегінің
төбесі бауырмен жанасып жатуы мүмкін.
Оң бөлікті ортаңғыдан бөліп
тұратын біріншілік жүлгені жиі түрде көруге
болады. Ол төменгі шетінен көлденең жүлгеге
дейін созылып жатады. Бұл жүлге
сүтқоректілерде болады, ал адамдарда
филогенетикалық дамудың қалдығы болып
табылады.
Оң жақ бөлік пен құйрықты бөліктің арасында
кейде құйрықты жүлгені көруге болады.
Шаршы бөлік алдыңғы-артқы бағытта жіңішке ішектің
ілмектерімен, көлденең ішекпен және он екі елі ішекпен
жанасады.
Құйрықты бөлік көлденең ішекпен оның бос күйінде және
ұйқы безімен жанасады. Құйрықты бөліктің сол жақ шеті
асқазан кіші иінінің тік бөлігімен жанасуы мүмкін.
Сол жақ бөліктің висцеральдық беткейінде кейіннен
жоғалып кететін, оң жақтан көкбауыр басылымын шектеп
тұратын асқазандық басылым орналасқан.
Висцеральды жақтан көрінетін бауыр
бөліктері оң және сол ұзына
бойы жүлгелермен және көлденең жүлгемен
өзара бөлінген.
Оң жақ бөлікті шаршы және құйрықты бөліктерден бөліп
тұратын оң жақ ұзына бойы жүлгенің алдыңғы бөлігінде
өтқуығының ойысы, ал артқы бөлігінде төменгі қуысты вена
орналасатын қуысты вена жүлгесі болады.
Шаршы бөлікті құйрықтыдан бөліп тұратын және бауыр
қақпасын көрсететін көлденең жүлгеде бауыр аяқшасының
элементтері болады; олар 3 жазықтықта орналасады: алдыңғы
жазықтық – өт жолдары, ортаңғы – артериалар, артқы – веналар.
Құйрықты және шаршы бөліктерді сол жақ бөліктен бөліп
тұратын сол жақ ұзына бойы жүлгенің алдыңғы бөлігі бауырдың
домалақ байламы мен сол жақ кіндік венаның фиброзды
қалдығынан, ал артқы бөлігі внеалық байлам мен веналық
арантий өзегінің фиброзды қалдығынан тұрады.
Бұл жүлгелер нәрестеде
терең болады, алайда
өмірінің алғашқы
жылында ересектегідей
қалыпқа енеді.
Қақпашы алдыңғы сол
жақ ұзына бойы
жүлгенің деңгейінде
бауыр қақпасынан
алдына қарай
орналасады.
Бауырдың артқы беткейінде құйрықты бөліктің
деңгейінде өңеш басылымыболады. Бұл беткей соңғы төрт
кеуде мен алғашқы екі бел омыртқаларының деңгейінде (Th9-
L4) орналасады.
Нәресте бауырының бөлшектері ересектегідей айқын емес
шектелген.
Бауыр сыртынан тамырлармен бірге бауыр тініне
енетін глиссондық капсуламенқапталған.
Өт каналшаларының қабырғасы екі, кейде үш-төрт бауыр
жасушаларынан тұрады. Екі ядролы бауыр жасушалары
нәрестеде 4,5% пропорциясында пайда болады, жас ұлғая келе
олардың саны артып, ересекте 25% жетеді.
Бауырдың қанмен қамтамассыз етілуі
Қанмен қамтамасыз етілуі ересектегідей, бар
айырмашылығы – қосымша бауыр артерияларының
жиі кездесуінде. Бауыр веналарының тармақтары
шағын топтармен орналасады. Нәресте
капиллярлары айналмалы орналасады. Тек бауыр
венасына тікелей жақын аймақта ғана
ересектегідей радиальды орналасады. Өмірінің
алғашқы жылының соңына дейін орталық бөліктік
веналардан басталатын тармақтар пайда болады.
Қорытынды
Бауыр (hepar) - организмнiң ең iрi безi. Бауыр iшекте
сорылған барлық қоректiк заттарды (лимфа тамырларына
түсiп, одан қанайналымға баратын липидтерден басқа)
сақтайды, қарын-iшек жолы ағзаларынан ағатын қанды
қақпалық көк тамыр (вена) жүйесiнен алып, организмде
ерекше орын алады. Қорек заттар бауырда жиналады,
өңделедi, қайта түзiлген қосындылармен бiрге қанға
бөлiнедi. Бауырға iшектерден, жүйе қанағымынан түрлi
уытты, биологиялық белсендi заттар түседi, олар бұзылып,
зиянсыз өнiм түрiнде өтке шығарылады. Өтте басқа
құрамбөлiктермен бiрге, өт қышқылдары да сақталады. Ол
iшекте майды ыдыратуға, көбiктендiруге, сiңiрiлуiне қажет.
Қолданылған әдебиеттер
1. Кузенбаева Ә. Адам анатомиясы. -
Алматы,2001.
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. - А., 1991.
3. Р.Д. Синельников.Медицина. М.,1973 г.
4. Керимбаев Б.М. Анатомия человека. - А.,
1992
5. Сапин Б.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. -
М., 1989.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz