Халықаралық анатомиялық номенклатура
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИ
ЯТақырыбы: Халықаралық анатомиялық
номенклатура.
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім:
• Алғашқы халықаралық номенклатураны құрушылар
• Медицина терминология негіздері
• Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Анатомиялық атаулардың ең алғашқы шығуы, кейінгі дамуы ертеден,
көне замандардан басталады. Анатомия терминдерінің алғашқы латын
тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдік көрнекті ғалымдардың
қатысуымен құрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының
1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді.
1935 жылы Германия анатомиялық қоғамының Иенде өткен съезі
анатомиялық терминдердің жаңа тізімін қабылдады.
Бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын жылдарында алғашқы
анатомия терминдерді қазақша-орысша-латынша сөздіктерді жарыққа
шығарған қазақ халқының көрнекті азаматтары - Қарынбаев
Сибағадолла Рысқалиұлы мен Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы еді. Олар
өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет атқаруына қарамастан,
«ұлтшыл» деген жала жабылуынан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім,
ғылым салаларында және әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуына
әсерін тигізген. Ж.Б Ахметов Республикалық терминология комитетінің
мүшесі ретінде медициналық сөздіктер жазуға үзбей атсалысып келеді.
ҚазҰМУ-тінде дайындалған «Орысша-Қазақша медициналық
сөздіктің», «Ағылшынша-Қазақша медициналық сөздіктің» белді
бір авторы. Медицина ғылымының негізгі бір саласы – адам анатомиясы –
медицинаның іргетасын қалайтыны белгілі. Болашақ дәрігерлердің адам
денесінің құрылымы туралы білім алуы «медицина әліппесі» анатомиялық
терминдерді игеруден басталады.
Г,Себепов түйе шаруашылығына байланысты қазақ тіліндегі 112
терминді есепке алғанда, оның 40-ы тек қана түйе және оның төлдері
атауларына арналғанын айтады. С.Толыбеков «Қазақтың көшпелі
қоғамы» атты кітабында жылқы малының 38-ден астам түрлерін атап
көрсетеді. Терминдердің байлығын академик В. Радлов қазақтардың
өмір сүру салт-тұрмысымен байланыстырады. Алайда, нерв, қан-
тамырлары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына қатысты кейбір
баламаларда орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде
қолданылғанындай, терминдерді латыншадан транскрипциялауды және
транслитерациялауды пайдаланған.
Анатомиялық терминдерді жасауда әр елдің өз дәстүрлері пайдаланылды,
сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталынып жүрді.
Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет зерттеген
ғалымдардың есімдерімен аталады.Халықаралық анатомиялық
номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі кеңес анатомы С.С
Михайлов: «қазір орыс анатомия номенклатурасын жасау кезеңінде
транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау мүмкін емес. Тіл
дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер»,- деп жазды. Ал, В
Даль өзінің атақты сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» деп
кездейсоқ атамағанын ескертеді де: «Тіл әрқашанда дами береді, ол
шындығында да тірі» - деп есептейді. Орыс анатомиялық
номенклатурасында аталатын терминдерінің орысша баламалары бола
тұра, латынданған түрін жиі беру кездеседі. Мысалы: Diaphragma –
грудобрюшная переграда – диафрагма; Trachea – дыхательное горло –
кеңірдек
Осыған сәйкес қазақ терминдері келеді, мысалы: aponevrosis –
жалпақсіңір – апоневроз, Diaphragma – көкет, диафрагма. Голландиялық
хирург және анатом Г. Бидлооның 1685 жылы латын тілінде шыққан
«Адам денесінің анатомиясы» атты кітабын белгісіз бір оқымысты орыс
тіліне аударған. Бұл «Белгісіз ғылыми ерлік» деген мақалада Н. А.
Оборин мен А.Н Оборин, орыс анатомиялық терминологиясының негізін
салушы деп атап көрсеткен. Көптеген авторлар, әсіресе клиницистер
орынсыз, жүйесіз жаңа сөздер жасауға жол берді. Сондықтан, КСРО
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңес 31/1, 1959
жылғы қаулысында Р.Ы.А терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық
номенклатурасы қолданылсын деп тапты.
Алғаш рет Р.И.А терминдеріне сәйкес келетін орыс анатомиялық
терминдерінің ресми тізімін Д Л Жданов пен профессор Ю Н Копаев
жасады. Д.А Жданов: «Бұл ғылым тарихында алғаш рет халықаралық
дәрежеде ресми түрде мойындалған латын анатомиялық терминдердің
тізімі. Өйткені ғылымның әр түрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай
халық аралық тіл болып қала береді. Сөз жоқ, кеңес анатомдарының
жақын арадағы міндеті ұлттық анатомиялық терминологияны құрастыру
болып табылады. Бұл салада Н.А.Шейн, Н.М Максимович-Амбодик, Е О
Мухин, Г А Загорский, Н И Дьяконов, Н А Карузин және басқа орыс
ғалымдары көп еңбек еткен» - деп жазды.
Орыс анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары «
Халықаралық анатомиялық номенклатура» деген кітаптардың алғы
сөздерінде баяндалған. Бұл қағидалар қазақ анатомиялық терминдерін
құру кезінде негізге алынған. Бұлар:
1. Орыс анатомиялық терминдері мағынасы бойынша мүмкіндігінше
ресми латын тілдеріне жақын болуы керек. Алайда сөздің шығу тегін
сақтау әрекеті үстем болмауы керек. Сондықтан терминдерді сөзбе-сөз
аударып, анатомиялық құрылымдардың мәнін бұрмалауға жол беруге
болмайды.
2. Эпонимикалық терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен аталған
анатомиялық құрылымдар аттары. Клиникалық терминдердің негізі
ретінде қалыптасып кеткен жағдайда ғана орыс анатомиялық
номенклатурасында синонимдер ретінде сақталады.
4.Шет тілдік терминдердің орыс тілінде қолданылатын қанағаттанарлық
және қолайлы эквиваленттері жоқ болса, олардың орысша
транскрипциясы пайдаланылуы керек. Сонымен қатар, егер шет тілі
терминдері медицинада кеңінен таралған болса, олардың орыс тіліндегі
транскрипциясы қолданылғаны дұрыс.
5. Мүмкіндігінше белгілі бір латын сөзін аударғанда, оның орысша
бірнеше эквиваленттері болмауына тырысуы керек.
Тұңғыш қазақтың анатомиядағы атау терминдерді ғылыми жолмен
тексеріп, бір жүйеге келтіру мәселелрі 1963, 1966 жылы баспадан
шыққан А Р Рақышевтың «Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-
латынша сөздігінен» басталды. Содан, осы кейінгі 40 жыл ішіндегі
еңбектердің қорытындысы ретінде қазақтың өз ұлттық анатомия
номенклатурасы халықаралық анатомия номенклатурасымен сәйкес келе
2003 жылы баспадан шықты.
АЛШАҚ ЖАТҚ АН ДЕНЕ ОСЬІНІҢ ЖӘ НЕ ДЕНЕ
БІТІМІНІҢ АТАУЛАРЫ ТЕРМИНДЕРМЕН
СИПАТТАЛУЫ.
• Абаксиалді(антонимі: адаксиалді) — осьтен алшақ орналасқан.
• Адаксиалді (антонимі: абаксиалді) — оське жақын орналасқан.
• Апикалді(антонимі: базалді) — жоғарғы ұшында орналасқан.
• Базалді (антонимі: апикалді) — негізінде орналасқан.
• Дисталді (антонимі: проксималді) — алшақ орналасқан.
• Латералді (антонимі: медиалді) — жаны.
• Медиалді (антонимі: латералді) — ортасы.
• Проксималді (антонимі: дисталді) — жақын орналасқан.
ЛАТЫНША АНАТОМИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕР
• Латын терминдерінің орысша және қазақша баламалары бола тұра,
латынданған түрін жиі беру кездеседі:
• Diaphragma – грудобрюшная переграда – көкет - диафрагма
• Trachea – дыхательное горло - кеңірдек
• Acinus – пузырек - ацинус
• Pericardum – околосердечная сумка – жүрек қабы - перикард
• Aonevrosis – жалпақ сіңір – апоневроз
Латынша терминдерді қазақ тіліне аударғанда, орыс тіліне
аударған кездегідей, кейбір терминдерді транслитерациялауды
және транскипциялауды пайдаланған:
• «Гипофиз» (латынша hypophysis ) – гипофиз;
• «Лимфа» (латынша lympha) – лимфа;
• «Миокард» (латынша myocardium) – миокард;
• «Паренхима» (латынша parenchyma) – паренхима;
• «Пронатор» (латынша pronator) – пронатор;
• «Нейрон» (латынша neuron) – нейрон
• «НЕфрон» (латынша nephron) – нефрон
Халықаралық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі
кеңес анатомы С.С Михайлов: «қазір орыс анатомия номенклатурасын
жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау
мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер»,- деп
жазды.
Медициналық терминология – «жүйелердің жүйесі». Ол медицинаға
байланысты бірнеше медициналық, медико-биологиялық т.б. ғылымдар
мен білім салаларының терминологиялық жүйелерінен тұрады. Латын тілі
терминологиясы негізгі 3 жүйеден тұрады:
1) Анатомиялық және гистологиялық атаулар.Қазіргі Халықаралық
анатомиялық атаулар 1955жылы анатомдардың Халықаралық
конгресінде қабылданды. Бүгінгі күнге дейін ол бірнеше рет
толықтырылып, өзгерістер енгізілді. Алғашқы Советтік басылымның
кіріспе сөзінде бұл халықаралық деңгейде қабылданған ғылым
тарихындағы латын тілінде бірінші анатомиялық терминдер екені атап
көрсетілген. Латын тіліндегі анатомиялық және гистологиялық
атауларды дұрыс қолдану үшін, латын тілі пәнін мұқият оқып,
терминдерді дұрыс айта білуге үйрену,олардың грамматикалық формасы
мен мағынасын жете түсініп, сөздіктің көмегімен және өз бетімен
терминдерді латын тілінде жасай білуі керек.
2) Клиникалық терминология. Оған әртүрлі клиникалық мамандардың
және паталогиялық анатомия мен паталогиялық физиология сияқты
ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады. Ол ең алдымен
терапия терминдері және хирургия терминдері, ауру аттары,
паталогиялық процесстер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция
атаулары, т.б. Клиникалық терапия – ол сөздердің дәрістерінде,
аурулрды зерттеу, ауру трихын жазу барысында, оқулықтар мен
анықтамаларда кездестіріп, жұмыс жасайтын мыңдаған атаулар.
Медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес.
3) Фармацевтикалық терминология. Бұл дәрілік өсімдік және дәрі-
дәрмектер атаулары. Тек біздің елімізде қолданатын дәрі-дәрмектер
арсеналы мыңдаған атаулардан тұрады. Ол – дәрілік өсімдіктер, олардың
құрамы органикалық, неорганикалық химиялық заттар.
Ғылымның, техника мен өндірістің қай саласында болмасын, арнайы
лексиканы немесе терминологияны дұрыс түсініп, қолдана білуі қажет.
Терминнің негізгі қызметі, (лат. Terminus - шек,шекара) ғылыми түсінікті
дәл білдіруде, атауда.
Термин бір сөзден және сөз тіркесінен тұрады.
Терминдердің әдеби тілмен айырмашылығы ғылыми – техникалық
ұғымды білдіреді. Ғылыми ұғымның жәй ұғымнан ерекшелігі – ол
ғылыми-теориялық жалпыламаның қорытындысы, белгілі ғылыми
теорияның фрагменті, ғылым жүйесінің атауы.
Основные оси и плоскости человеческого тела
ТЕРМИНОЛОГИЯ. ТЕРМИНОЛОГИЯ
ЖҮЙЕСІ
Білім саласының, ғылымның терминологиясы – өз ара байланысты, белгілі бір ғылыми
түсінікті білдіретін сөз немесе сөз тіркесінен тұратын атаулар жүйесі. Сөздіктің басқа
түрлеріне қарағанда, терминология күн сайын жүйелеп отырады, талап етеді.
Терминология үнемі қозғалыста болады: кейбір атаулар өзгереді, қосылады,
қолданыстан шығады немесе алынып тасталынады. Көптеген атаулар жаңа
мағынаға ие болады.
Терминология – ғылым тілінің, ғылыми әдебиеттің үлкен бөлігі.
Көптеген ғылым салаларында және оның ішіндегі анатомия пәніндегі ғылыми ойдың
біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминологияда біртіндеп, баяу кейде ретсіз
түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де ол жан-жақты бола алмады. Біз жамбас
астауы қуысындағы вегетативті нерв жүйесін арнаулы мақсатпен тексергенде,
ондағы атау-терминдердің әртүрлі аталып, бір жүйеге келмегендігін көрсеткен едік.
Латын тілінде анатомиялық терминдерді түсініп,мынадай ережелер
қалыптасады:
• Буынның ұзақтығы және қысқалығы;
• Латын тілінде анатомиялық терминдерге екпінді дұрыс қою;
• Жұрнақтардың ұзақтығына немесе қысқалығына қарап терминдерді
ажырата білу;
• Лексикалық минимумы болуы керек;
• Кез келген анатомиялық терминдерді оқу барысында род түрі, сан түрі,
септігін ажырата білу керек;
Анатомиялық терминдердің
структурасы
Терминдер сөз тіркесі
Бір сөзді терминдер Екі сөзді терминдер Көп сөзді терминдер
Зат есім (Nom. Sing. (
Plur) Vertebra thoracica Septum osseum nasi-
Cor- Procesus transversus – Myatus
Ossa- Intestinum ileum-
Cutis- Musculuc vocalisc
Pulmo-
Hepar-
Costa-
Digitus-
Қ ОРЫТЫНДЫ
И. Р. Лазовскис(1989ж): «Медициналық терминдердің құрамы мен саны
ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Әр жаңалық жаңа
терминдерді қажет етеді. Медициналық терминдер саны 500 жыл ішінде
(1380-1880) екі есе өссе, ал соңғы жүз жылдықта (1980ж дейін) оның
саны тағы да екі есе өсе түсті және үстіміздегі жүз жылдықтың соңына
дейін терминдер әлі де екі есе өсетінін мөлшерлеп айтуға болады», - деп
жазды.
Медицина саласында терминдер өте үлкен, зор орын алады. Әр болашақ
медицина қызметкері алға басуын осы медициналық терминдерден
бастайды. Терминдерді білу медицина қызметкерін науқаспен қарым-
қатынас жасауда біліктілігін көрсетеді
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН Ә ДЕБИЕТТЕР
• Адам анатомиясы: 2 томдық кітап./Под ред. М.Р.Сапина.
• Ә.Б.Әубәкіров, Ү.Ж.Жұмабаев, Ф.М.Сүлейменова, Қ.Е.Сисабеков «Атлас адам
анатомиясы»
• Интернет google.com
• М Исамбаев орысша-қазақша-латынша терминдер сөздігі. Қазақ ССР ғылым
академиясының баспасы Алмты 1960ж
• Рақышев Казахско-русско-латинский словарь анатомических терминов, 1 бөлім
Каз, мем. Оқу пед басылым. Алматы 1963ж
• С С Михайлов «Международная анатомическая номенклатура» Москва Медицина
1980г
• Куприянов В В Отечественная анатомия на этапах истории москва 1981
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz