Ірі қан тамырларының адам денесіндегі проекциясын анықтау, тамырларды тыңдау және басу орындарын анықтау туралы ақпарат


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Ірі қан тамырларының адам денесіндегі проекциясын анықтау, тамырларды тыңдау және басу орындарын анықтау.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы

Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы

Жүректі тыңдау орындары

Ірі қан тамырларының басу орындарын анықтау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Slide 4 Slide 5

Қан тамырлары:

қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға - артерияларға,

қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға - веналарға және

оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша - артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша - венула) бөлінеді.

Slide 6

Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы. Дене бетінде қан тамырларын тыңдау және басу орындары

Жүрек кеуде аралығында ассиметриялы орналасқан. Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай жайғасқан, оң жағында тек оң жақ жүрекше, қуыс веналар қалады. Жүректің ұзын білігі жоғарыдан төмен, оңнан солға, артынан алға қарай қиғаш орналасып, бүкіл дене білігімен шамамен 40* бұрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналық бөлімі алға таман, сол жақ артериялды бөлімі артқа таман бұрыла орналасқан сияқты.

Slide 7

Жүрек қабымен бірге өзінің алдыңғы бетінің көп бөлігінде өкпемен жабылып тұрады, өкпенің алғы жиектері екі өепеқаптың сәйкесті бөліктерімен бірге жүректің алдынан өтіп, оның алдыңғы бетінің жүрекқап арқылы төске және V-VI қабырғалардың шеміршектеріне жанасатын жерінен басқасын алдыңғы кеуде қабырғасынан бөліп тұрады.

Slide 8

Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы

Slide 9

Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы: жүрек ұшының соғуы linea mammillaris sinistra - дан 1см ішке қарай, бесінші сол жақ қабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді.

Slide 10

Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2-3см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жақ қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өтеді.

Slide 11

Жүректің кеуде қуысында орналасуын, перкуссия арқылы анықтау

Slide 12

Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы

Қолқаның жоғарылаған бөлігі (pars ascendens aortae) кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына сол жақта III қабырғааралықтан оң жақта II қабырғаның төске бекитін жеріне дейін проекцияланады.

Slide 13

Қолқа доғасы (arcus aortae) кеуде клеткасының алдыңға қабырғасына төс аймағында I қабырға шеміршегі деңгейінде және I қабырғааралығында проекцияланады. Қолқа доғасының жоғарғы нүктесі төс тұтқасының ортасына сәйкес келеді.

Slide 14

Өкпе сабауы (truncus pulmonalis) . Өкпе сабауы басының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы сол жақ III қабырға шеміршегінің төске бекитін жерінде. Өкпе сабауының оң және сол өкпе артериялық тармақтарға бөлінуі сол жақ III қабырға шеміршегінің жоғарғы бөліміне немесе төртінші кеуде омыртқасы деңгейіне сәйкес келеді.

Slide 15

Артериалды өзек (ductus arteriosus) немесе Баталлов өзегінің кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы алты айға дейінгі балаларда сол жақ II қабырға шеміршегінің төске бекитін жерінде, алты айдан жоғары балаларда төстің сол жағында II қабырғааралықта.

Slide 16

Жоғарғы қуыс венаның (v. cava superior) кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы төстің оң жағында II және III қабырға шеміршегі деңгейінде.

Slide 17

Жүректі тыңдау орындары

Жүрек қақпақтарының проекция орындарының бір-біріне өте жақын орналасатынына байланысты бұл жерлерде әр қақпақтың дыбысын дара тыңдау өте қиынға түседі. Сондықтан, кеуде сарайының алдыңғы бетінде әр қақпақтың дыбысын жеке тыңдауға болатын орындар бар.

Slide 18

Бұл орындар жүрек қақпақтарының проекциясына сәйкес келе бермейді.

Қос жармалы қақпақтың дыбыстарын жүрек ұшы соққысының үстінен жақсы тыңдауға болады. Себебі қақапақтың маңында туатын дыбыс сол қарыншаның тығыз бұлшықеті арқылы жүрек ұшына жақсы тарайды.

Қолқа қақпақтарын төстің оң жақ жанында II қабырға аралығында тыңдайды. Себебі қолқа қақпақтарының маңында туған дыбыс бұл жерге қан толқынымен тарап жетеді.

Өкпе артериясы қақпақтарын төстің сол жақ жанында II қабырға аралығында сәйкес келеді.

Үш жармалы қақпақты семсерше өскіні түбінің деңгейінде тыңдайды. Бұл орында қақпақтың проекциясына сәйкес келеді.

Slide 19

Жүректің тыңдау орындары. Аускультация жасау реттілігі

Негізінен әр қақапақтың дыбысын көрсетілген орындарда тыңдайды. Әйткенмен кейбір жағдайларда қақпақ дыбыстарын оның проекция орынында да тыңдауға тура келеді.

Slide 20

Ірі қан тамырларының басу орындарын анықтау


Ұқсас жұмыстар
Адам қан тамырлары
Қан кету
Бас ауру
Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Журек кан тамырларының биомеханикасы
СҰРАҚТАР КОНФЛИКТТІ БАСҚАРУ
Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы
Қан айналым шеңбері
Денедегі белоктың несепке араласып сыртқа шыгуы
Мес қарынды тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz