Мультимедиа технологиясы туралы ақпарат
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ақтөбе Мемлекеттік Өңірлік Университеті
МУЛЬТИМЕДИА
ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Ақтөбе 2018
Мультимедиа - екi не онан да көп типтi
ақпараттарды интерактивтi формада
бiрiктiру (D.H.Jonassen).
Мультимедиа - әртүрлi формада ұсынылған
ақпараттарды бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн
компьютердiң аппараттық және бағдарламалық
құралдары кешенi (И.И.Косенко).
Мультимедиа - графика, гипермәтiн, дыбыс,
анимация, бейнемәлiметтердi пайдалануға мүмкiндiк
туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал
(И.Вернер)
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң „multy” (көп) және
„media” (орта) деген сөздерiнiң бiрiгуiнен құралған.
Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған
оқулықтарды, ғылыми еңбектердi саралай келе бұл
терминге „ақпараттық орта” деген мағына беруге
болады. Ал, ақпараттық орта түсiнiгiн белгiлi бiр ортада
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты
ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы
ұйымдастырылған процесс деп қабылдай аламыз
Мультимедиа - компьютерлiк
графикамен, суреттермен,
бейнеақпараттармен, анимациямен,
мәтiндермен, жоғары сапалы
дыбыстармен жұмыс iстеудi
қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Мультимедиалық технологиялар
- әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау,
өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн
аппараттық және бағдарламалық
жабдықтарды пайдалану арқылы
жүзеге асыратын технологиялар
(әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi
мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн
аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану
арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен
тәсiлдер)жиынтығы.
Мультимедианың бағдарламалық
құралдары – кез келген типті
ақпаратты интерактивтi режимде
пайдалануға мүмкiндiк беретiн
компьютердiң бағдарламалық
жабдықтары.
Мультимедиалық ресурстар
- мультимедиалық құралдар және
арнайы бағдарламалық жабдықтар
көмегiмен дайындалған ақпараттық
өнімдер.
Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және
дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi
нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа
статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және
динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық
ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске
асырады.
Қазiргi таңда электрондық
оқулықтарды, компьютерлiк оқыту
бағдарламаларын, дыбыстық және
бейнелiк оқу материалдарын
пайдалануда қолданылатын
мультимедиалық технологиялар оқыту
процесiндегi инновациялық
әдiстердi жүзеге
асыратын бiрден бiр жаңа
ақпараттық технология болып
саналады.
Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе
пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға
мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн
мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi
тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар
және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi.
Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген
элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана
қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа
бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа
қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық
технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның
жекелеген элементтерiн атау кезiнде
„мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану
дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама,
мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек
„мультимедиа” деп атауға болады.
МУЛЬТИМЕДИА
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
АППАРАТТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды
ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:
· дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
· телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту
теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
· проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық
проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
· интерактивті тақта;
· ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс,
ризограф);
· компьютерлік құралдар;
· телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік,
оптоволокондық желілер т.б.)
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА
Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң
сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық
мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет
ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді
құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде
ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚ (SMART BOARD
SOFTWARE) КЕЛЕСІ ҚҰРАЛДАРДАН ТҰРАДЫ:
жазба кітапшасы (SMART Notebook);
бейнежазба құралы (SMART Recorder);
бейнеплеер (SMART Video Player);
маркерлік құралдар (Floating Tools);
виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).
Жазба кітапшасы мәтіндер мен
графикалық объектілер дайындауға
арналған графикалық редактордан
тұрады.
Бейнежазба құралы тақтада
орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI
форматындағы бейнефайлға жазады.
Маркерлік құралдар қолданылып жатқан
бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді,
тақтада кескінделген қандай да бір объектіні
ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі
белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған
іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.
Статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық
материалдар дайындауға болады;
Әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен
графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы
уақыт үнемдейді;
Оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа
аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді,
оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-
бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;
Ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл
сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz