Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері туралы ақпарат




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минстрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Өңірлік Университеті

Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері

Ақтөбе 2018
ЖОСПАР

Өзін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері

Өзін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-
психологиялық ой-пікірлері

Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ІЛІМІНІҢ ТАРИХИ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ІЛІМІНІҢ ТАРИХИ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ

Ю.Н. Кулюткин «өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді
бағалау, өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын
жоспарлап, оларды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеті»
деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта
өз бойында қандай рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерді
тәрбиелеп дамыту қажеттігін, екінші жағынан ол
қасиеттердің өз бойында қаншалықты өсіп жетілгенін
білгенде ғана ол аталмыш қабілеттерді қалыптастыру мен
дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тек тұлға өзінің
психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз
даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда
ғана оның бойында қажетті адамгершілік қадір-
қасиеттер мен дағдыларды тәрбиелеу мен жетілдіруге
бағытталған белсенділік туындайды.
Тұлғаның өзіне деген аффективтік - бағалаушылық
қатынасы тұрғысынан - өзінің қазіргі бойындағы
қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы, өзін-өзі
ретроспективті бағалау және болашақ жетістіктерін
бағалау, өзін-өзі потенциальді немесе идеальді
бағалау, сонымен қатар өзі туралы өзгелердің ой-пікірін
бағалауы маңызды. Егер өзекті бағалау ретроспективті
бағалаудан, ал идеальдік бағалау - өзекті бағалаудан
жоғары болса, бұл өзін-өзі түсінуінің өз бойында өсуі-
жетілгендігін дәлелдейді.
Өзіне жағымды көзқараспен
қарайтын студент тұлғасының бойында өзіне деген сенімі
ұлғайып, өз бойындағы адамгершілік - рухани құндылық
бағдарына көңілі толу сезімі туындап қабілеттің жалпы
тиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы өзінің рухани-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға деген
қабілет мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға ұмтылады.
ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ САРАПТАУ

Тұлғаның жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-
салдарлық байланысын ашуға көметеседі. Өзін-өзі
сараптаудың қай бағытта өрбуі тұлғаның өз бойында
адамгершілік рухани қадір - қасиеттердің қаншалықты
тереңдігі оның тұлғалық шығармашылық
потенциялының дамуын, тұлғалық өсіп-жетілуін
анықтайды. Осындай ішкі жан- дүниедегі жұмыс
аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, тұлғалық
рольдік мінез - құлықына дер кезінде түзету енгізуді
қамтамасыз етеді
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ

Тұлға саласының өз – өзіне қарай бағытталуы,оның өз
бойына үңілуі, болашақ педагогтық қызметі туралы
ұғымдарын ескеру. Бұл тұлғаның белгілі бір ситуация
туралы пайда болған ұғымдарының бейнесінің көз
алдына ойша келтіріп, соның арқасында өзі туралы
ұғымды нақтылау қабілеті. Өзінің әрбір іс-әрекетін
оның мақсатқа сәйкестігі тұрғысынан саралай келе, ол
өзін әркез түзеп отырады. Рефлексияның негізінде
осындай үздіксіз өзін- өзі түзеу процесі жатыр.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ

Өзін - өзі бақылаудың, болжаудың бастыкритериі –
адамгершілік - рухани құндылық бағдарын жан-жақты
сараптау қабілеті мен осы негізде шешімдердің көптеген
мүмкіндіктерін дайындау, сонымен қатар іс -әрекеттің
алдағы мүмкін нәтижесін алдын- ала көру.
ӨЗІН-ӨЗІ ҚАБЫЛДАУ

Бұл процесс кезінде нақты ситуацияға байланысты
өзі және өз құлқының жекелеген бейнелері,
қалыптасады.
ӨЗІН-ӨЗІ ҚАДАҒАЛАУ

Түрліситуациялар кезінде өзін - өзі саналы
немесе еріксіз түрде бақылау. Мұның
арқасында белгілі бір айтарлықтай тұрақты
өзінің “Мені” туралы ұғым қалыптасады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи философиялық негіздері
Сананың құрылымы
Өзін-өзі тану курсының негіздері
Ғылыми зерттеулер этикасының негізгі принциптері
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты жайлы ақпарат
Тұлға типтерінің классификациясы
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
Пәндер