Цифрлық Қазақстан бағдарламасының негізгі бағыттары


Slide 1

Цифрлы Қазақстан бағдарламасының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ақтөбе Мемлекеттік Өңірлік Университеті

Ақтөбе 2018

Slide 2

Қазақстан өмірінің барлық салаларын және экономикасын цифрландыру - бұл әлемдік аренада озат позицияларда болу, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі болып табылады. Осы мақсаттарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бес басты бағыттар бойынша жұмыс істеуге арналған шаралар кешенін әзірледі.

Slide 3

2018 жылдың жазында елімізде тұңғыш рет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылғалы отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 10 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды деп баса мән берді.

Slide 4 Slide 5

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың сөзінше жоғарыда біз жазған бағдарлама келесідей бағыттар бойынша жүзеге асады:

Экономика саласында цифрлық технологияны белсенді түрде енгізу;

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру;

Ел бойынша жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін интернет қосу;

Тұрғындар мен бизнеске цифрлық дағдыларды үйрету;

Стартаптар мен кәсіпкерлікті қолдау отырып, инновацияны дамыту жағдайын жасау.

Slide 6

Экономика салаларын цифрландыру

Цифрлық экономика - бұл ірі кәсіпорындарға да, кіші және орта

бизнес үшін де онлайн мүмкіндіктер мен инновациялық цифрлық

технологияларды қолдану мүмкіндігі.

2022 жылға қарай не өзгереді:

Экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейі Әлем елдерінің озық отыздығы деңгейіне дейін артады

Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорт өндірістері пайда болады

Қазақстанның ірі компанияларын капиталдандыру өтеді, онысымен негізінен жаңа деңгейге шығуды мүмкін етеді

Жергілікті электрондық сауда көлемі артады

Көлеңкелі экономика үлесі Әлемнің озық отыздығы деңгейіне дейін төмендейді

Slide 7 Slide 8

Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандықтардың өмір сапасын арттырып, ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжаттарды жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін ғаламтор қолданушыларының санын 80 пайызға дейін арттырып, ел тұрғындарының 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамтамасыз ету, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

Slide 9

Өнеркәсіпте цифрлық технологияларды кеңінен қолдану өндіру процестерінің тиімділігін айтарлықтай дәрежеде арттыруды, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ компанияның бизнес-модельдерін өзгерту есебінен жаңа кіріс көздерін құруды мүмкін етеді.

Өндіруші, өңдеуші өнеркәсіп және электр энергетикасы Қазақстанның нақты экономика секторының негізін құрайды және келесі озат цифрлық шешімдерді талап етеді.

Өнеркәсіпті цифрландыру

Slide 10

Цифрлық мемлекетке өту

Цифрлық мемлекет - бұл азаматтар мен бизнес

үшін кез келген уақытта онлайн қолжетімді, ашық

және қолайлы мүмкіндіктер.

Slide 11

Мемлекет - азаматтарға

Цифрлық технологияларды енгізу азаматтарға электрондық форматтағы мемқызметтерді жылдам әрі дербес алуды мүмкін етеді. Көптеген меморгандар, азаматтардың қажеттіктерін біле отырып, оларға мекемелерге барудың қажетінсіз қызмет көрсету үшін алдын ала байланыса алатын болады.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Цифрлық Қазақстан бағдарламасының нәтижелері мен болашағы: инфрақұрылым, ақылды қалалар және ақпараттық қауіпсіздік
Қазақстан-Түркия қатынастары мен Жаңа синергия экономикалық бағдарламасының ынтымақтастық бағыттары
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының мақсаттары, негізгі бағыттары, көрсеткіштері және қаржыландыруы
Медиамәдениет және Цифрлық Қазақстан: ақпараттық қоғамдағы трансформация
Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен жүзеге асуы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: негізгі бағыттары және халықаралық ұйымдармен қатынасы
Балбөбек бағдарламасының бағдарламалық мазмұны және тақырыптық бағыттары
Қазақстан тамақ өнеркәсібінің негізгі даму бағыттары және азық-түлік қауіпсіздігі
Н.Ә. Назарбаевтың жетістіктері және Қазақстан-2050 стратегиясының негізгі бағыттары
Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеу және цифрлық экожүйені қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz