Дәнекерлеудің түрлері және техника қауіпсіздігі туралы ақпарат
Презентация қосу
Пән: Еңбекті қорғау
Тақырып: Дәнекерлеудің түрлері
және техника қауіпсіздігі
Қабылдаған:Медеубаев Н.Ә.
Орындаған: МВ15-1 топ студенттері
Әмірәлі А.Д.
Ахметжан Н.М.
Дәнекерлеу
Біріктірілетін металл жиектерін жоғары,
бірақ балқу температурасынан темен температураға
қыздырып, жиек аралығында балқыған металл
беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртұтас қосылыс
қалыптастыру. Дәнекерлеу пісірудің бір түріне жатады,
бірақ пісірулерден айырмашылығы бар. Негізгі
айырмашылығы қосылатын металл жиектері
балқытылмайды, дәнекердің балқу температурасы
негізгі металл балқу температурасынан төмен болып
алынады. Дәнекерлі қосылыстың беріктігі пісірілген
қосылыстан төмен болады.
Металды балқытып, дәнекерлеу қосылысын
қалыптастыру үшін берілетін энергия түріне қарай
дәнекерлеу үдерісін үш класқа бөледі:
термиялық — жылу энергиясын қолданып жүзеге
асырылатын балқытып дәнекерлеу түрлерін біріктіруші
(доғалық, электрқожды, газдық, плазмалық, электронды-
сәулелік, лазерлік, жарық сәулесімен және т.б.);
термомеханикалық — жылу және механикалық
энергияларды қолданып жүзеге асырылатын дәнекерлеу
түрлерін біріктіруші (контактілі, диффузиялық, ұсталық,
газопрестік);
механикалық — механикалық энергияны қолданып
жүзеге асырылатын қысымды дәнекерлеу түрлерін
біріктіруші (суық дәнекерлеу, үйкелісті, жарылысты,
ультрадыбыстық).
Электрқожды дәнекерлеу
арнайы үйлестірілген үдеріс
болып табылады және
қалыңдығы үлкен (50 мм
және одан да үлкен)
бөлшектерді дәнекерлеу
кезінде немесе
дайындамаларды
(құймаларды) әзірлеп, одан
әрі табақша, таспа, жолақ,
бұрыш т.б. айналдыру
мақсатында қымбат бағалы
болаттар қалдығын қайта
балқыту кезінде қолданады.
Электронды-сәулелік
дәнекерлеу терең вакуумда
арнайы құрылғыдағы
электрондарды басқарылатын
шоғырланған ағынымен
жүзеге асырылады.
Қыздырылатын вольфрам
катод электрондар ағынын
береді, олар жоғары кернеу
(100 кВ-ға дейін) әсерінен
жылдамдатылады да анодқа
(дәнекерленетін бөлшектің)
жетіп фокусталады. Бұл кезде
анодта дәнекерленетін бөлшек
металын балқытуға қажетті
жылу энергиясы бөлінеді.
Плазмалық дәнекерлеу негізінен
қабырғасы жұқа құрылымдарды
дайындау кезінде пайдаланылады.
Плазма құрушы газ ретінде аргон,
гелий не азот пайдаланылады.
Үдеріс қысымды газдар ағынын
тығыздығы жоғары электр разряды
арқылы өткізуге негізделген.
Нәтижесінде плазма деп аталатын
жоғары температуралы газ
қалыптасады. Плазмалық ағын
температурасы 30000°C-қа жетеді,
бұл қиын балқитын металдар мен
құймаларды дәнекерлеу режимін
қамтамасыз етеді .
Лазерлік дәнекерлеу
дәнекерлеу жұмыстарында да,
түрлі құрылымдық
материалдарды балқыту, кесу,
саңылауларын бітеу және беткі
өңдеу кездерінде де кеңінен
қолданылатын әмбебап үдеріс
болып табылады. Лазерлік сәуле
энергиясының көмегімен
металды, қабатты пластиктерді,
пластиктелген ағашты және
басқа да материалды кесуге
болады. Өнеркәсіптік газдық
және қатты денелік лазерлер
басқарудың микропроцессорлық
жүйесімен жабдықталған.
Газбен дәнекерлеу дәнекерлеу
жұмысының жалпы көлемі
бойынша доғалық дәнекерлеуге
жетпейді. Ол шойын мен жұқа
табақшалы болаттан жасалған
құрылымдар не тораптарды
жөндеу, алюминий, мыс, латун
және басқа да түсті металдар мен
олардың құймаларынан
дәнекерлейтін тораптарды
әзірлеу, пісіру және балқыту
жұмыстарын жүргізу кезінде
пайдаланылады.
Қысыммен дәнекерлеу
дәнекерлеу үдерістерінің
термомеханикалық класына
жатады. Мұндай үдерістердің
ішінде дәнекерлеу тогы өтуі
кезінде дәнекерлеу бөлшегін
контакт аймағына шығаратын,
қысым мен жылу энергиясын
пайдаланып орындалатын
контактілі дәнекерлеу жетекші
рөлд атқарады. Контактілі
дәнекерлеудің нүктелі, жікті,
жиекті және рельефті түрлері
болады.
Дәнекерлеушінің маңызды кәсіби сапаларына
жататындар:
мықты денсаулық;
дене күші төзімділігі;
көзінің жақсы көруі;
айналаны аңғарушылығы;
дәл көздеу;
түстерді айыра білушілік;
үйлесімділік;
қозғалыс дәлдігі;
зейінділік;
сақтық;
жақсы есте сақтау қабілеті;
жылдам қимылдау.
Дәнекерлеуші арнайы киім мен аяқ киім киеді.
Міндетті түрде каска, бетті және газды электрлі
шарпулардан қорғайтын маскалар киюі тиіс.
Дәнекерлеу ( пайка ) жұмыстары жүргізілетін орындарды бөлек бөлме-
лерге орналастыру керек. Бөлме ішінің өңделуі, ауа жүретін жолдардың
сыртқы беттері, жылу қондырғыларының, комуникациялардың сыртқы
беттері жуып алуға мүмкін болуға қажет.
Материалдар мен дайындамаларға, оларды сақтау, тасымалдауға
қойылатын қауіпсіздік талаптары.
Пайдаланылатын материалдар (пісіруге қажетті сым, электродтар,
дәнекерлеу қалайысы, флюстар, газдар және сұйықтар) технологияда
көрсетілген маркаларына, талаптарға сәйкес болулары керек.
Радиоактивті зат бөлетін, вольфрамды (ВТ) сымдарды, санитарлық-
техникалық байқаудан өтпеген басқа материалдарды пайдалануға
болмайды.
Дәнекерлеу үшін материалдарды майсыздандыруға өрт және
санитарлық бақылау органдары рұқсат еткен ерітінділерді қолдану
керек. Бұл мақсатқа дихлорэтан, трихлорэтилен және басқа хлорлы
көмірсутектерді пайдалануға және қызған бұйымдарды ерітіндімен
сүртуге тиым салынады.
Қысылған газдарды жанғыш газдармен, оттегі
баллонымен бірге сақтауға болмайды. Баллондарды,
оларды сақтауға лайықталмаған бөлмелерде, жылу
қондырғыларына 1 метрден жақын, ашық от көзіне 5
метр жақын жерлерде сақтауға тиым салынады.
Дәнекерлеу жұмысын отырып және тұрып
істегендегі тұрақты жұмыс орнының
размерлері.
Жұмыс орны размері
«ӨРТ СӨНДІРУ ҮШІН СУДЫ ПАЙДАЛАНУҒА
БОЛМАЙДЫ !!!» , « БАРАБАНДЫ АШУ ҮШІН
ҰШҚЫН ШЫҒАРМАЙТЫН ҚҰРАЛДАРДЫ
ПАЙДАЛАН !!!»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz