Меншік капиталының есебі туралы ақпарат


Slide 1

Курстық жұмыс Тақырыбы: «Меншік капиталының есебі»

Орындаған: 4аТП студенті Байденов А. Е.

Тексерген: оқытушы Отарбаева А. А.

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Орал - 2017 жыл

Slide 2

Жоспар

Slide 3

I Бөлім Меншікті капиталының есебі

1. 1 Меншік капиталының экономикалық мәні

1. 2 Меншік капиталын қалыптастырудың жолдары

1. 3 Жарғылық капиталының есебі

1. 4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

1. 5 Резервтік капиталдың есебі

1. 6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

Slide 4

II Меншік капиталының аудиті

2. 1 Меншік капиталын аудиттеу көздері

2. 2 Жарғылық капиталының аудиті

2. 3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

2. 4 Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) аудиті

Slide 5

Кіріспе

Slide 6

1. 1 Меншік капиталының экономикалық мәні

Экономикалық көзқарас бойынша бухгалтерлік есеп, кәсіпорын ақпарат беру процесі ретінде қарастырылады. Ол кәсіпорындарда бар ресурстарды тиімді пайдалануды, басқару шешімдерін дұрыс қабылдауға ықпалды әсерін тигізеді. Кез-келген заңды және жеке тұлғалар өздерінде бар ресурстарды қаржылық есеп беруіне қарап, белгілі бір бизнес саласына сала алады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.

Slide 7

1. 2 Меншікті капиталын қалыптастырудың жолдары

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.

Slide 8

1. 3 Жарғылық капиталының есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Slide 9

1. 4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Slide 10

1. 5 Резервтік капиталдың есебі

Резервтік капитал - акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Slide 11

1. 6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ». 5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ». Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады.

Slide 12

2. 1 Меншік капиталын аудиттеу көздері

Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал - субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері». Меншікті капиталдың ерекшелігі - ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды) . 30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген : жарғылық резервтік қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) .

Slide 13

2. 2 Жарғылық капитал аудиті

Меншік капиталы отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылады, яғни ол аудит үшін де жаңа. Жаңа бухгалтерлік есеп - 2-де «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар», меншік капиталына жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) кіретіндігі көрсетілген. Бұл меншік капиталының элементтерінің әр қайсысы маңыздыболғандықтан, бұлардың әр қайсысының аудитіне жеке тоқталамыз.

Slide 14

2. 3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады. Басқаша айтсақ, резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады.

Slide 15

2. 4 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті

Аудит жургізу барысында ен алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезеңі басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптің 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » және 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал- ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капитал
Төленбеген капитал шоты
Жарғылық капиталдың есебі
Қонақжайлылык бизнесіндегі кәсіпорындардың айналым капиталы
ЖҰӨ дефляторы номинальды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ номинальды ЖҰӨ баға индексі
Қаржылық емес активтер
Ұйым капиталының айналымы
Ұлттық экономиканың құрылымы
Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz