Қазақстандағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері мен іске асыру шарттары


Slide 1

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Slide 2

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

адам өмірі мен денсаулығын

тұлғаның еркін дамуын

адам құқықтары мен бостандығын

патриотизмге

еңбексүйгіштікке

құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді

Slide 3

Бірқатар дәстүрлі, атап айтсақ, мұсылмандық (Египет, Иран, Кувейт), еуропалық (Англия, Австрия, Швеция, Финляндия), азиялық(Жапония, Корея, Индия), американдық тәрбие жүйелері алуан түрлі және бірегей бола тұра, олардың барлығына дамудың күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтары да тән.

Еуропалық тәрбие жүйесіне дербестікті, жеке бас бостандығын құрметтеу, әуелсіздікті, қоғамның әлеуметтік негіздерін ескермеу және бағаламау тән

Қазақстандық тәрбие жүйесінің ерекшелігі - қазақ халқының діліне тән туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіні қадірлеу, ашықтық, қонақжайлылық, қайырымдылық, шынайылық, толеранттылық сияқты қасиеттерге негізделген тәрбиеге бағдарлану.

Тәрбиенің азиялық моделінің артықшылығы - жоғары деңгейдегі ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік және әлеуметтік бағыныштылық болса, жеке бас жауапкершілігінің төмендігі, сенімсіздік, дербестікті басу - тәрбие моделінің кемшілігі болып табылады.

Slide 4

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесімен шиеленісіп отырған бірқатар төмендегі проблемалар:

-еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

-отбасылық құндылықтардың төмендеуі, отбасылық тәрбие дәстүрлерініңжойылуы;

-әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысужәне т. б. байқалады.

-қатыгездікті насихаттау, балалардың темекі шегуге, ішкілікке әнеж есірткіге, зорлық -зомбылыққа, оқушылар арасындағы жезөкшелікке тартылуы;

Slide 5

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде анықталған тәрбие жұмысының келесі 12 бағыты ұсынылады:

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Құқықтық тәрбие

5. Отбасы тәрбиесі

6. Көпмәдениетті тәрбие

7. Еңбек және экономикалық тәрбие

8. Жалпымәдени және көркем-эстетикалық тәрбие

9. Зияткерлік тәрбие

10. Дене тәрбиесі, саламатты өмір салты

11. Экологиялық тәрбие

12. Ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Slide 6

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҚР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - тәрбие процесінің Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтыққұжаттарға сәйкестігі.

Ақпараттық қамтамасыз ету - тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік әнеж жоғары оқу орныішілік БАҚ, баспа қызметін ұйымдастыру және т. б.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету - педагог кадрлардың біліктілігін арттыру әнеж қайта даярлау, ғылыми -әдістемелік кешендер дайындау, , тәрбиелік және ақпараттық технологиялар енгізу.

Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету - білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру негізінде тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау.

Slide 7

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

- Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын;

-оқушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық сана, толеранттылық және көшбасшылық қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

-жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тіліне және мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;

-рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

-өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін -өзі жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Slide 8

Қорытынды

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы білімді, адамгершілікті, жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Елге қол жеткізуде белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталған.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамасы: құндылықтар, мақсаттар және іске асыру негіздері
Тәрбие түрлері және тұжырымдамалық негіздері: мектептегі тәрбие бағыттары
Құқықтық нормаларды іске асыру: мазмұны, субъектілері және жүзеге асыру әдістері
Құқықты іске асыру және қолданудың теориясы
Бухгалтерлік есеп негіздері: ақпараттық жүйе, тұжырымдамалық негіздері және стандарттары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру механизмдері мен нәтижелері
Бизнес-жоспар: құрылымы, кезеңдері және іске асыру мерзімдері
Бизнес-жоспар: анықтамасы, құрылымы және іске асыру әдістемесі
Логикалық негіздер және логикалық амалдарды іске асыру
Мал шаруашылығындағы індетке қарсы шараларды жоспарлау және іске асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz