Олжас Сүлейменов


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Олжас Сүлейменов

Орындаған:Берік Ару

Тобы:ЗР-210

Қабылдаған:

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

2. 1. Олжас Сүлейменовтың өміріне шолу.

2. 2. Ақынның қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі.

2. 3. Олжас Сүлейменовтың зерттеулері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Олжас Сүлейменов

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1962-1971 жылдары «Казахстанская правда» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, 1971-1981 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1981-1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983-1991 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, 1995 жылдан Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды. Бүгінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы төтенше өкілетті елшісі және тұрақты өкілі.

Slide 4

Ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның Халық жазушысы. Қазақстан Меценаттар клубының «Тарлан» сыйлығының (2000) лауреаты. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», Октябрь Революциясы, І дәрежелі «Барыс» (2001), «Отан» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Азербайжан Республикасының «Шухрат» орденімен, Украинаның «Ярослав Мудрый», Шешен Республикасының, Францияның және Ресейдің «Достық» ордендерімен марапатталған.

Slide 5

Олжас Сүлейменов - құдіретті рухтың көңілінен шығып, өз замандастарын Ақиқат пен Сұлулыққа жақындата түсу үшін Алланың өділеттілікті аңсау мен соған деген ұмтылысты бүкіл болмысына енгізіп қойған ақындардың бірі. Бүгінде оның сөзіндегі, ойы мен әрекеттеріндегі ерекшеліктерді түсіне алатын адамдарға ерекше әсер берген жарқын даусы үлкен беделге ие. Бақыт Кенжеевтің мына бір айтқаны өте орынды: "Қазақстанды әдеби тұрғыда әлем картасына енгізген дәл сол (О. С. ), себебі, ол шын мәнісіндегі алғашқы халықаралық қазақ жазушысы болды. Олжас қазақтар туралы көп жазды жөне сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды.

Slide 6

Зерттеулері

Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдеріненбастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.

Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:

1975 ж. жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрыңғыдан кемелдене түсті.

Slide 7

«1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.

1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабі тарихқа дейіңі мәдениетке көзқарас, мұнда аутор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.

«Тaрихқа дейіңгі түркілер» кітабінда славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ жэне көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.

Slide 8

Жыр жинақтары:

«Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.

«Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж.

«Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.

«Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.

«Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.

«Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж.

Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж.

Slide 9

Шығармалары:

Нұрлы түндер, А., 1962;

Қылықты түн, А., 1963;

Мешін жылы, А., 1967;

Таңдамалы лирика, М., 1968;

Ақ дария аспанында, Таш., 1970;

Атамекен, А., 1972;

Қалаулы қайырма, А., 1973;

Жұмыр жұлдыз, М., 1975;

Көңіл көкжиегі, А., 1976, 1980;

Асқардан асу, А., 1987;

Slide 10

“Аз и Я”


Ұқсас жұмыстар
Қыз қуу өлеңін мәнерлеп оқу
Шумер ілімінің қалыптасу тарихы
Олжас Омарұлы Сүлейменов
Әдебиет пен өнер
Невада - Семей қозғалысы 1989 жылдың ақпанында
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ
Олжас Сүлейменов "Арғымақ", "Қыз қуу" өлеңдері
Қазақ халқының айтуынша
Батыс пен Шығыс өркениеті
Шумер тілі және қазақ тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz