Дипломатиялық қызметкердің қабылдаушы елдегі ақпараттық қызметтері және оның маңызы


Slide 1

Дипломатиялық қызметкердің қабылдаушы елдегі ақпараттық қызметтері және оның маңызы

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Дипломат деген кім?

Мемлекеттің сыртқы істер министрлігінде немесе осы мекеменің шет елдердегі өкілдіктерінде қызмет атқаратын, арнайы кәсіби білімі, даярлығы және дипломатиялық дәрежесі бар мемлекеттік қызмет адамы.

Slide 3

Дипломат қандай болуы керек?

Дипломат үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік.

Дипломаттың ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.

Дипломатқа, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.

Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.

Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.

Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.

Slide 4

Іскерлік мінез-құлық:

1) міндеттілікті және жинақылықты;

2) әріптестеріне құрметпен қарауды; субординацияны сақтауды;

3) жалған сөзді құптамауды, олардың таралуына себепші болмауды;

4) әріптестеріне көмек көрсетуді, білімі мен тәжірибесін беруді;

5) теріс мінез-құлық (әрекет) көрсеткен жағдайда, міндетті түрде кешірім сұрауды;

6) басқа қызметкерлердің көзінше әріптесін, қарамағындағы адамды, басшыны сынамауды;

7) тікелей басшыға жұмыс орнында ұзақ уақыт болмайтыны туралы хабардар етуді көздейді;

Slide 5

Дипломат - бірнеше өнердің жиынтығы

Адамдармен қарым-қатынастарға шеберлікпен түсетін адам.

Этикетке сай жүретін адам.

Өз мақсатына табандылықпен жете білетін маман.

Бірнеше тілді меңгерген шешен адам.

Ақпараттандырушы.

Өз ойын тиянақты жеткізетін білікті саясаткер.

Slide 6

Дипломаттың атқаратын қызметі қандай?

Дипломаттың ең басты міндеті - өз позициясында сенімді тұрып, мақсатына айқын жете білу. Өз елінің азамттарының мүддесін қорғап, болып жатқан оқиғалар жайлы мемлекетті, азаматтарды ақпараттандыру.

Slide 7

Маңызды қызмет - ақпараттандыру.

Дипломат өзі жинаған ақпараттарының актуальді болуын қадағалауы тиіс. Жинаған ақпаратының басты тақырыбы - мемлекетті, мемлекетінің президентін қызықтыратын немесе көпшіліктің ойындағы басты проблемалар, сұрақтарды қамтуы тиіс. Ақпараттың ең басты сапасы - бұл оның актуальділігі, ел ішінде сұранысқа ие болуы. Ақпарат тек шыншылдығымен ғана емес, президент пен қазіргі заманғы қоғамды толғандырып отырған мәселелерді қарастырғаны абзал.

Slide 8

Ақпараттың актуальді болуының маңыздылығы өте ерекше орын алады. Бұл болып жатқан проблемаларға тез бейімделуге көмектеседі, бәлкім болашақта жүргізілетін маңызды келіссөздер мен іс-шараларға өз септігін де тигізуі мүмкін. Өкілдіктерде, шет ел істері министерствосында, басқа да ақпараттандыру ведомстволарында сақталған саяси қызметкерлердің мінездемелері, харастеристикалары, әртүрлі аналитикалық қолжазбалар, өзге де қажетті материалдар мемлекеттің келешекте болатын келіссөздердегі өз позициясын анықтауда керекті болатын басты құралдар.

Slide 9

Жиналған ақпараттар, ақыр аяғында, қорытынды құжатта, яғни, “Келіссөздерге арналған тезистер” немесе “Тезистер” атты маңызды құжатта сақталады. Бұл құжат келіссөз жүріп жатқан үстел үстінде президенттің немесе министр, мемлекет өкілінің алдында жатуы тиіс. Жеке папкада сақталады. “Тезистер” мазмұны бойынша ақпараттық-ізденіс құралы ретінде жазылады. Құжат жүргізіліп отырған келіссөздерде актуальді проблемалар таңдалып, оларды сөз етуге көмектеседі. Мәселенің маңыздылығы бойынша рет-ретпен жазылған бұл құжат - мемлекеттердің арасындағы өзекті мәселелерді қарастыруға өз септігін тигізетін басты құрал.

Slide 10

Жиналған ақпараттың тағы бір сапасы - бұл оның обьективті және нақты болуы. Сыртқы істердегі қарым қатынастың сәтті болуы - ақпараттың шынайылығына тікелей байланысты. Адамның ең басты қасиеті оның шындықты айтып, шыншыл болуы мәлім. Сол сияқты дипломаттың да ең басты мақсаты - жиналған ақпараттың шынайылығына толықтай көз жеткізгеннен кейін ғана өзгелерді ақпараттандыру.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық құқық
Халықаралық қатынастар
Көшбасшылық теориялары
Дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы
Кемал Ататүріктің сыртқы саясаты
Абылай ханның бала кезі
Фармацевтикалық ұйымдардың тәжірибелік жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Этикалық принциптері
Туризмдегі қызмет көрсету түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz