Аңдар ресурстары



Зоология - наука о животных
Аңдар
ресурстары
Орындаған: 1 курс биолог-6М011300
докторанты Смихан Айдана Естаевна

Жоспары:
Аң ресурстарына жалпы сипаттама
2. Сүтқоректілер класының негізгі белгілері:
2. 1 Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы
2. 2 Сүтқоректілердің ішкі құрылысы
2. 3 Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы
3. Сүтқоректілердің класының бөлінуі:
4. Қорытынды: Сүтқоректілердің маңызы
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Сүтқоректілер немесе Аңдар - Млекопитающие, или Звери -
Mammalia, seu Theria
- омыртқалы жануарлар класы, олардың негізгі ерекшеліктері төлдерін тірідей тууы (алғашқы аңдар инфракласынан басқалары) жəне сүтпен қоректендіруі (өсе келе олар сүттен қатты азыққа көшеді) . Əртүрлі бағалаулар бойынша əлемде 5000-нан 5416-ға дейін аң түрі бар, Ресей аумағында 380-дей түрі кездеседі, Қазақстанда 181 аң түрі тіркелген.
Сүтқоректілерді зерттейтін ғылымды териология (маммалиология) деп атайды.
АҢ РЕСУРСТАРЫ - РЕСУРСЫ ЗВЕРЕЙ - RESOURCES ANIMALS

Сүтқоректілер Жердің барлық биотоптарында мекендейді жəне шөлді жəне тропикалық ормандарда, сондай-ақ биік тауларда жəне полярлық аумақтарда да кездеседі. Сүтқоректілер болмайтын аздаған аумақтарға жəне биотоптарға тереңсулы мұхит жəне
Антарктиданың ішік бөлігі жатады (тек адамдардың сирек болғаны болмаса) .

Ерекшеліктер ішінде мыналар бар:
Жүн жамылғысының (жүннің), тер жəне май бездерінің болуы;
Мидың ерекше құрылыс типі (соның ішінде соңғы мидың күшті дамуы, оған негізгі көру орталығының жəне күрделі мінез-құлық қалыптарын басқару орталығының өтуі) ;
3Ортаңғы құлақта үш есіту сүйектерінің (төменгі жақтың өзгерген сүйектер), сыртқы құлақ тесігінің жəне қалақ қалқанының болуы;
Омыртқа жотасының мойын бөлімінде жеті омыртқаның болуы;
Нағыз жылы қандылылар;
Төрт камералы жүрек; бір қолқа доғасы (сол жақ) ;
Өкпенің көз қуысшалы құрылысы;
Тістердің жақтың ұяшықтарында отыруы; гетеродонттылық (біркелкілік емес разнозубость) ;
Эритроциттер ядросыз.

Жіктеу
Сүтқоректілерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Инфракластан жоғарғы деңгейдегі стандартты жіктеу былай көрінеді:
Класс Mammalia
Класс тармағы Prototheria
Класс тармағы Theria
Инфракласс Metatheria (Marsupialia)
Инфракласс Eutheria
Симпсон жүйесі. Сүтқоректілерді филогенетикалық жіктеудің арасында екеуі бөлінеді. Біріншісін өркендеу таксономиясының негізін қалаушы Джордж Симпсон 1945 жылы ұсынған. Қазіргі кездегі қағанақты сүтқоректілердің қысқа Симпсон жүйесі былай көрінеді:
Инфракласс Eutheria
Когорта Unguiculata: Insectivora (Macroscelididae-ді қосқанда), Dermoptera, Chiroptera, Primates (Tupaiidae-ді қосқанда), Edentata, Pholidota отрядтары.
Когорта Glires: Lagomorpha, Rodentia отрядтары.
Когорта Mutica: Cetacea отряды.
Когорта Ferungulata: Carnivora (Pinnipedia-ді қосқанда),
Tubulidentata, Proboscidea, Hyracoidea, Sirenia, Perissodactyla, Artiodactyla отрядтары.
Одан басқа, Симпсон жүйеге Theria класс тармағы аясында, оған бірқатар жойылған қарапайымдыларды: пантотерияларды, дриолестидтерді, симметродонттарды жəне докодонттарды қосып, жаңа инфракласс Pantotheria енгізді.

Көпшілік молекулярлық зеттеушілердің нəтижелеріне сəйкес,
қазіргі қағанақтылар үлкен төрт топқа бөлінеді (əдетте олардың отряд үсті мəртебелелері барлары) :
Afrotheria (афротериялар) ;
Xenarthra (мүкті тістілер) ;
Euarchontoglires (эуархонтоглирестер) ;
Laurasiatheria (лавразиатериялар) .
Мұнда Euarchontoglires (оған Supraprimates деген атта ұсынылады) жəне Laurasiatheria отрядтары бір қоймаға (магнотряд) Boreoeutheria біріктірілген. Қағанақтылар үшін қандай топ (Afrotheria, Xenarthra немесе Boreoeutheria) негізгі болып табылатыны туралы келіспеушілік бар, əр зерттеуші қарама-қарсы нəтижелер берген. Дəл осы кезеңде мына варианттар ұсынылады.
1-нұсқа. Негізгі топ Afrotheria, ал Xenarthra жəне Boreoeutheria Exafroplacentalia қоймасына біріктіріледі.
2-нұсқа. Негізгі топ Xenarthra, ал Afrotheria жəне Boreoeutheria Epitheria қоймасына біріктіріледі.
3-нұсқа. Негізгі топ Boreoeutheria, ал Afrotheria жəне Xenarthra
Atlantogenata қоймасына біріктіріледі.

Шығу тегі
Сүтқоректілер триас дəуірінің соңында цинодонттардан шыққан сияқты. Алғашқы сүтқоректілердің бірі - біртесіктілер болған, оларда бауырымен жорғалаушылардан қалған белгілер бар (кейбір түрлері əлі де өмір сүруде) . Алғашқы сүтқоректілердің тағы бірі - көп бұдырлылар (палеогенніңсоңында жойылған), одан кейіндеу триконодонттар пайда болған (бор дəуірінде олар толығымен жойылған) . Юра дəуірінде (160-172 миллион жыл бұрын) жұмыртқа салушылар тірілеу туатын сүтқоректілерден бөлінген, содан кейін қалталылардан қағанақтылар бөлінген.
Цинодонт Oligokyphus (соңғы триас - ерте юра, қазіргі
қайта құру), дамыған жүн жамылғысына назар аударыңыз

Қаңқа
Сүтқоректілердің омыртқа жотасы құрылысының ерекше белгілері: омыртқа беткейлерінің жалпақ болуы, олардың арасында шеміршекті табақшалар орналасады. Сүтқоректілердің омыртқасы шартты түрде бес бөлімге бөлінеді: мойын, кеуде, бел, шонданай жəне құйрық. Тек киттəрізділерге шонданай болмайды. Мойын бөлімі əркезде дерлік 7, кеуде - 10-24, бел - 2-9, шонданай - 19 омыртқадан тұрады. Тек құйрық бөлімінде омыртқалар саны күшті түрленеді: 4-тен (кейбір маймылдарда жəне адамда) 46-ға дейін. Нағыз қабырғалар тек кеуде омыртқаларымен ғана жалғасады (басқа омыртқаларда тұқылдары болуы мүмкін) . Алдыңғы жағынан олар төс сүйегімен жалғасып кеуде қуысын құрайды. Иық белдеуі екі жауырыннан жəне бұғанадан құралған. Кейбір сүтқоректілерде
бұғана жоқ (тұяқтылар), басқаларында нашар дамыған немесе сіңірмен ауыстырылған (кеміргіштер, кейбір жыртқыштар) . Жамбас сүйек тұтаса байланысқан мықын, шат жəне шонданай сүйектерінен құралған. Киттəрізділерде нағыз жамбас сүйегі болмайды.

Алдыңғы аяқтары сүтқоректілерге жерде жүруге, жүзуге, ұшуға,
ұстауға қызмет етеді. Тоқпан жілік қатты қысқарған. Шынтақ сүйек
кəрі жілікке қарағанда нашар дамыған жəне аяқтың басын иықпен жалғастыру үшін қызмет етеді. Алдыңғы аяқ басының қаңқасы тізе, алдыңғы жіліншік жəне бақай сүйектерінен құралған. Тізе сүйектері екі қатарға орналасқан 7 сүйектен тұрады. Алдыңғы жіліншік сүйектерінің саны саусақтарының санына сəйкес келеді (бестеуден артық емес) . Үлкен саусақ екі буыннан тұрады, қалғандары үштен. Киттəрізділерде буындар саны көбейген. Көпшілік сүтқоректілердің артқы аяқтарында ортан жілік сирақтан қысқалау.

Сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі
көмекейден жəне өкпеден тұрады. Өкпе үлкен тарамдалған ауа-тамырларымен ерекшеленеді. Оның ішіндегі ең жіңішкесі - ауа-тамыршалары.
Тыныс алу жүйесі
Ауатамыршаларының ұшында жұқа қабықты қою қылтамырлармен шырмақталған ауашықтар (альвеолдар) бар. Көкірек пен құрсақ қуысын бөліп тұрған көк ет сүтқоректілердің анатомиялық ерекшелігі. Дем алу үрдісінде маңызды рөл атқарады.

Сүтқоректілердің төрт камералы жүрегі бар. Ол оң жəне сол жақ қарыншадан, сондай-ақ оң жəне сол жақ жүрекшеден тұрады. Жүректің камералары бір-бірімен жəне бас тамырлармен қалқаншалар арқылы байланыста болады. Жүрек ұлпаларды оттегімен жəне қоректік заттармен қамтамасыз етеді, оларды ыдыраған өнімдерден тазартады. Артериялардың серпімді қабырғалары бар, веналардың іші қалқаншалармен жабдықталған. Сүтқоректілерде бір қолға доғасы (сол жақ) бар. Қан айналым жүйесі
тұйықталған.
Қанайналым жүйесі

Сүтқоректілердің бүйректерінің пішіні бұршақ тəрізді жəне белдемеде омыртқа жотасының екі жағында орналасқан. Бүйректерде қанды сүзгеннің нəтижесінде несеп құралады, одан кейін ол несеп ағармен қуыққа ағады. Одан несеп несеп шығаратын түтік арқылы сыртқа шығарылады.
Бөлу жүйесі

Сүтқоректілерде алдыңғы ми жəне мишық ерекше дамыған. Ми қыртысы бірнеше қабат жүйке жасушаларының денелерімен құралған жəне бүкіл алдыңғы миды жабады. Ол сүтқоректілердің көпшілік түрлерінде əжімдер жəне терең қатпарлы қарықты иреңдер құрайды. Қатпарлар жəне иреңдер көп болған сайын жануарлардың мінез-құлықтары
күрделілек жəне əртүрлі. Сондай-ақ сүтқоректілерде жеттік жүйке жүйесі жақсы дамыған, ол оларды ең жоғарғы жылдамдықтағы рефлекспен қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесі жəне сезім мүшелері
Сезім мүшелеріне:
1. Көру мүшесі; 2. Есту мүшесі; 3. Иіс сезу мүшесі; 4. Жанасып сезу мүшесі

Көру мүшесі сүтқоректілер өмірінде үлкен маңызы бар жəне барлық сүтқоректілерде азды-көпті дамыған, алайда кейбір соқыртышқандарда кішкентай дамымаған көздері терімен жабылған жəне қараңғыдан жарықты ажырата алмайды. Жануарлар нысанадан шағылысқан көзбен қабылданған жарықты көреді, ол миға айырып тану үшін қажетті дабыл береді. Басқа сөзбен айтқанда, көздің өзі «көрмейді», жарық қуатын өңдеуші ретінде əрекет етеді. Құстардан ерекшелігі - сүтқоректілердің бинарлы көру мүмкіндігі бар, заттарды əрбір көз көріп, оны екі жарты шарға беріп ақпараттармен алмасады.

Есту мүшесі көптеген сүтқоректілерде жақсы дамыған, олардың 20%-ы көпшілік жағдайда көзді алмастырады. Есіту құрылғысы негізгі үш бөліктен тұрады. Сүтқоректілер - сыртқы құлағы дамыған жалғыз жануарлар тобы. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап алып, оны дабыл жарғағына бағыттайды. Оның ішкі жағында келесі бөлім - ортаңғы бөлім бар, ауамен толтырылған камера үш сүйегі бар (балғаша, төс жəне үзеңгі), ол дабыл жарғағынан алған тербелісті ішкі құлаққа механикалық жолмен береді. Оған шиыршық тəрізді иінденген, ішінде түкті түтігі бар сұйықпен толтырылған ұлу кіреді.
Есту мүшесі
Дыбыс толқындары сұйықты тікелей тербелтеді, түтік қозғалысқа келеді, ол астында жатқан жүйке жасушасын ынталандырады. Қабылданатын дыбыстардың жиілік диапазоны жануарлардың түріне байланысты. Көптеген майда сүтқоректілер адамға сезілмейтін ультра дыбыстарды қабылдайды. Ультрадыбыс эхолокацияны пайдаланатын түрлер үшін өте маңызды. Осындай əдісті жарқанаттар жəне тісті киттер пайдаланады.

Иіс сезу мүшесі мұрын қуысының алдыңғы жəне артқы бөліктерінде орналасқан, мұрын қуысының артқы бөлімінде орналасқан жіңішке сезгіш жарғақшалармен (иіс сезгіш кілегей қабықпен) байланысқан. Олар дем алатын ауадағы иісті заттардың молекулаларын ұстап алады. Иіс сезгіш кілегей қабық жүйке жəне тірек жасушаларынан тұрады, сырты кілегеймен жабылған. Олардың жүйке жасушаларының жұрнақтары 20-ға дейін иіс сезгіш «түгін» түйінін ұстап тұрады, олар жиылып түкті кілем құрайды.
Түктер иісті қабылдаушылар қызметін атқарады, олардың «кілемдерінің» қалыңдығы жануар түріне байланысты. Мысалы, адамда 5 см2 олардың 20 миллиондайы болады, ал итте - 200 миллионнан асады. Иісті молекулалар кілегейде ериді жəне түктердің аса сезгіш шұңқырларына түседі, жүйке жасушаларын ынталандырады, ол миға талдауға жəне анықтауға импульс жібереді. Сүтқоректілер үшін бірегей қабілеттілік - судың иісін сезуі (бүкіл өмірін суда өткізетін түрлерде (сирендер, киттəрізділер) жəне өзіне қажетті суды жануар тектес жəне өсімдік тектес азықтардан алатын түрлерде ондай қабілеттілік болмайды) .

Жанасып сезу мүшесі жалпы жағдайда белгілі жүйке талшықтарымен қамтамасыз етілген, оның сансыз жалғаулары теріде орналасқан. Бұл жүйе əдетте қылшықтармен толықтырылған, жүйке торлары толған жерлерді басуға арналған тетік ретінде əсер етеді.

Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі ішек- қарын жолымен берілген - ауыз қуысын артқы тесікпен жалғайтын түтік. Асқорыту жүйесіне ауыз қуысы, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек, артқы тесік жатады. Көпшілік сүтқоректілердің тістері бар (қазіргі кездегі бір тесіктілерде болмайды; көптеген жойылған бір тесіктілердің тісі болған) . Олар жақ сүйектерінің ұяшықтарында орналасқан. Тістері біркелкі емес: күрек тіс, ит тіс (ұры тіс, шошқа тіс, сойдақ тіс), жəне азу тіс (жалған азу тістер жəне нағыз азу тістер) болып бөлінеді. Азық ауызға түскеннен кейін тістермен шайналады. Одан кейін азық сілекей бездерінен түтіктер арқылы түскен сілекеймен жібітіледі. Ол оның жұтылуын жəне өңеште жылжуын жеңілдетеді. Сілекейдің əсерінен азықтағы күрделі көмірсутектері (крахмал, қант) қарапайым бөлшектерге айналады. Сілекей бездері шөпқоректі жануарларда күшті дамыған.
Асқорыту жүйесі

Қазақстанда екі түршесі кездеседі; батыс кірпісі - Е. е. соnсоlоr, батыс сібір кірпісі - Е. е. pallidus. Тұрғылықты аңдар. Мекендейтін орындарының көлемі, жасына байланысты, 10-нан 32 гектарға дейін. Түнде жəне ымыртта тіршілік етеді; қыста
ұйықтайтын аңдар. Еліміздің тек солтүстік-батыс жəне солтүстік облыстарында таралған. Орманды дала аудандарында мекендеуге бейімделген, ылғалданған биотоптарға тартып тұрады. Əртүрлі омыртқасыздарды, сондай-ақ майда омыртқалыларды, кейде өсімдіктерді жейді. Кірпілер жылына тек бір-ақ рет ұрпақ береді жəне əр туғанында 2-ден 7-ге дейін жас кірпіні алып келеді. Ауыл жəне орман шаруашылығына пайдалы аң.
Отряд. Насекомжегіштер - Насекомоядные - Insectivora
Тұқымдастық - Семейство: Кірпілер - Ежовые -
Erinaceidae
Кəдімгі кірпі - Обыкновенный еж - Erinaceus europaeus
Linnaeus, 1758.
Кəдімгі кірпі -
Обыкновенный еж -
Erinaceus europaeus

Қазақстан аумағында екі түршесі анықталған: солтүстік кірпісі - Е. a. gmelini жəне тұран кірпісі - Е. a. turanicus. Тұрғылықты аңдар; қыста ұйықтайды. Қазақстанда солтүстікке қарай Жайық өзенінің ортаңғы ағысына, Ілек пен Шынғырлаудың бастауларына, Темірдің, Ойылдың жəне Кішіктің жоғарғы жағына, Қостанай, Жетікөл, Қызылжар, Омбы маңына, Құлынды даласына жəне шығысқа қарай Алтайдың, Тарбағатайдың тау етектеріне, сондай-ақ Зайсан жəне Алакөл ойпатына дейін таралған. Оңтүстіктің барлық жерінде мекендейді; ксерофильді еңгіс тау қыраттарымен теңіз деңгейінен 800-1000 м биіктікке көтеріледі. Нағыз шөлдің, бір жағынан, шөлейттің жəне құрғақ даланың аңы. Тамақ талғамайды, алайда оның рационында жəндіктер басым. Қазақстанда бұл кірпілер жылына бір рет көбеюге қатысып, 3-тен 9-ға дейін өсім береді. Пайдалы аңдар.
Құлақты кірпі - Ушастый еж - Erinaceus (Hemiechinus) auritus Gmelin, 1770.
Құлақты кірпі -
Ушастый еж-
Erinaceus (Hemiechinus) auritus

Қазақстан фаунасында тек бір түршесі бар - Е. (P. ) a. hypomelas. Тұрғылықты, қыста ұйықтайтын аңдар. Түнде тіршілік етеді. Қазақстанда оның таралымы тек шөлді бұдырлы аудандарға байланысты; Маңғыстау облысының едəуір бөлігін алып
жатыр, оның ішінде Маңғыстауға қарасты Бозашы шығанағының бір бөлігі, Қаракіші, Қайдақұм, Қолтық сорлары, Үстірт шыңдары
мен қыраттары бар. Шөлдің аңы, сонымен бірге ол маманданған энтомофаг. Негізгі азығы - жəндіктер жəне олардың дернəсілдері. Қазақстанда бұл кірпілер жылына бір рет көбеюге қатысып, 1-ден
6-ға дейін өсім береді. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қара кірпі - Длинноиглый еж - Erinaceus (Paraechinus) aethyopicus Ehrenberg, 1833.
Қара кірпі - Длинноиглый еж - Erinaceus (Paraechinus)
aethyopicus Ehrenberg, 1833.

Қазақстан фаунасында екі түршесі бар: S. m. minutus жəне S. m. heptapotamicus. Жертесерлер күндіз де, түнде де белсенді. Батыс жəне Солтүстік Қазақстанда, Солтүстік Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сəуірде, Қалбі жотасында жəне Оңтүстік Алтайда таралған. Қазақстанның орманды жəне орманды далаларында мекендейді. Негізгі азықтары - майда жəндіктер жəне олардың дернəсілдері, өрмекші тəрізділер, көпаяқтылар. Қазақстанда бұл жертесерлер жылына 1-2 рет көбеюге қатысып, 4-тен 9-ға дейін өсім береді. Орман жəне ауыл шаруашылығы үшін пайдалы, себебі зиянды жəндіктерді жояды.
Тұқымдастық - Семейство: Жертесерлер - Землеройковые - Soricidae
Кіші жертесер - Малая бурозубка - Sorex minutus Linnaeus, 1766.
Кіші жертесер -
Малая бурозубка -
Sorex minutus

Қазақстан аумағында екі түршесі бар: S. с. caecutiens жəне S. с. pleskei. Елімізде Алтай мен Сəуірдің орман белдеуінде, сондай-ақ Қызылжардың солтүстігінде жəне Павлодар облысының солтүстік- шығысында кездеседі; олар Тарбағатайдан табылған. негізінен орманды аймақта мекендейді. Əртүрлі қосқанаттыларды, жұлдызқұрттарды, көпаяқтыларды, жауынқұрттарды сүйіп жейді. Қыста өсімдіктердің тұқымдарының маңызы арта түседі. Қазақстанда
бұл жертесерлер əдетте жылына 2 рет көбеюге қатысып, 5-тен 7-ге дейін өсім береді. Пайдалы аңдар.
Орташа жертесер - Средняя бурозубка - Sorex caecutiens Laxmann, 1788.
Орташа жертесер -
Средняя бурозубка -
Sorex caecutiens

Тұрғылықты аңдар. Елімізде Алтайда жəне Қалбі тауларында таралған. Орман аймағында мекендейді. Майда
омыртқалылар олардың қорегі болып саналады. Қазақстанда бұл жертесерлер əдетте жылына 2-3 рет көбеюге қатысып, 2-ден 11-ге дейін өсім береді. Орман жəне ауыл шаруашылығы үшін пайдалы, себебі зиянды жəндіктерді жояды.
Тегістісті жертесер - Равнозубая бурозубка - Sorex isodon Turov, 1924.
Тегістісті жертесер -
Равнозубая бурозубка -
Sorex isodon

Қазақстан аумағында 2 түршесі кездеседі: S. a. araneus жəне S. a. tomensis. Жалғыз тұрғылықты өмір сүреді: жыл бойы белсенді. Бүкіл солтүстік бөлікте таралған, оңтүстікте - шамамен 50°с. к. дейін. Орманды жəне биік шөпті жерлерде мекендейді; биік жəне қалың шөпті батпақтарды қалайды. Негізгі азықтары - жəндіктер жəне олардың дернəсілдері. Қазақстанда бұл жертесерлер жылына 2-3 рет көбеюге қатысып, 6-дан 8-ге дейін өсім береді. Орман жəне ауыл шаруашылығы үшін пайдалы, себебі зиянды жəндіктерді жояды.
Кəдімгі жертесер - Обыкновенная бурозубка - Sorex araneus Linnaeus, 1758.
Кəдімгі жертесер -
Обыкновенная бурозубка -
Sorex araneus

Күндізде түндеде белсенді. Еліміздің батыс, орталық жəне солтүстік аудандарында табылған; оңтүстік-шығыста бүкіл Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сəуірде, Қалбі жəне Оңтүстік Алтайда мекендейді. Орман алқаптарының ішінде ашық биотоптарға, орманнан тыс жерлерде өзен жəне көл жайылмаларындағы жəне алаптарындағы бұталарға тартып тұрады. Жəндіктермен жəне олардың дернəсілдерімен қоректенеді, кейде олардың рациондарында тұқымдарда кездеседі. Қазақстанда бұл жертесерлер жылына 2 рет көбеюге қатысып, 4-тен 7-ге дейін өсім береді. Орман жəне ауыл шаруашылығы үшін пайдалы.
Тундра жертесері - Тундряная бурозубка - Sorex tundrensis Merriam, 1900.
Тундра жертесері -
Тундряная бурозубка -
Sorex tundrensis

Тұрғылықты аңдар. Тəулік бойы белсенді, алайда түнде белсенділігі арта түседі. Қырғыз Алатауының солтүстік беткейлерінде, Іле жəне Күнгей Алатауында, Керменде, Кеген-Текес ойпатында таралған. Шыршалы ормандарға жəне таулардағы сирек өскен бұталарына бейімделген. Жылғалардағы жəне өзен алаптарындағы ылғалды жерлерді қалайды. Омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Қазақстанда бұл жертесерлер жылына 2 рет көбеюге қатысып, 2-ден 8-ге дейін өсім береді. Биоценозда үлкен маңызы бар.
Тянь-Шань жертесері - Тянь-шаньская бурозубка - Sorex asper Thomas, 1914.
Тянь-Шань жертесері -
Тянь-шаньская бурозубка -
Sorex asper

Қазақстан фаунасында бір түршесі кездеседі - S. m. obnormis. Ақтөбе облысының Шалқар қаласының маңында, Қорғалжын көлінде, Ақмола облысында жəне Зайсан көлінің жағалауында кездескен. Орманда, далада жəне шөлейттің сазды жерлерінде мекендейді. Азық негізі - негізінен жануар тектестер. Қазақстанда бұл жертесерлер жылына 2-3 рет көбеюге қатысып, 4-5 дейін өсім береді. Орман шаруашылығына пайдалы.
Ергежейлі жертесер - Крошечная бурозубка - Sorex minutissimus Zimmermann, 1780.
Ергежейлі жертесер -
Крошечная бурозубка -
Sorex minutissimus

Қазақстанда нақтылы түршесі мекендейді - S. е. etruscus. Үстірттің солтүстік шыңынан жəне Аралдың солтүстік жағалауынан табылған. Көл жəне өзен жағаларындағы тоғайларда мекендейді, мəдени ландшафт аймақтарында да кездеседі.
Көптісті жертесер - Белозубка малютка - Suncus etruscus
Savi, 1822.
Көптісті жертесер -
Белозубка малютка -
Suncus etruscus

Қазақстанда бір түршемен берілген С. s. iliensis. Тұрғылықты аңдар. Қазақстанда кеңінен таралған. Аралас жəне қылқан жапырақты ормандарда, далада, шөлейттерде жəне шөлдерде мекендейді. Ашық жерлерде өзен көлдердің жағаларына тартады. Омыртқасыздардың барлық түрін дерлік азық ретінде пайдаланады. Қазақстанда бұл жертесерлер жылына 3-4 рет көбеюге қатысып, 4-5-ке дейін өсім береді. Зиянды жəндіктерді жоюда маңызы бар.
Кіші ақтісті жертесер - Малая белозубка - Crocidura suaveolens Pallas, 1811.
Кіші ақтісті жертесер -
Малая белозубка -
Crocidura suaveolens

Елімізде Қара Ертіс атырауларында кездеседі қылқан жапырақты жəне аралас ормандарда мекендейді.
Ciбip ақтісті жертесері - Сибирская белозубка - Crocidura sibirica Dukelsky, 1930.
Ciбip ақтісті жертесері -
Сибирская белозубка -
Crocidura sibirica Dukelsky, 1930.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz